бағалау

«Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін

мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі «Балауса» шағын орталығының өзін -өзі бағалау .

 

2022-2023 оқу жылында шағын орталықта оқу жоспары Мектепке дейінгі  ұйымдар тәрбиелеу білім беру қызметін «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекетттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген.

2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына;

3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);

4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);

 

5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: - физикалық дамыту; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; - әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады

 

 

 

 

Негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.

Сондықтан, баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру біздің міндетіміз болып табылады.

Баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал ету мақсатында бағдарламаны басшылыққа алып жұмыстанамыз.

Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.

 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-

дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша (бағаланатын кезеңде ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);

Балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау алға қойған мақсатымыз болып табылады.

Міндетіміз: - әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып,

жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта

құруды;

- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;

- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;

- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын    қалыптастыруды;

- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларынбасқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы);

- әртүрлі  әлеуметтік  топтардан шыққан  балалардың сапалы мектепке дейінгі  білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Ұлттық дәстүрлер мен адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру мақсатында күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммалар, перспективалық жоспарлар, жылдық жоспарлар көшірмелері берілді.

 МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру (жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүк құжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса беріледі);

 

Шағын орталықта 2 топ: «Ересек топ» , «Кіші топ»  жұмыс жасайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері – білімді игеруге, біліктер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған педагог пен тәрбиеленушілердің бірлескен іс- әрекеті негізінде жүргізілген. Сабақ кестесіндегі, перспективті жоспардағы пәндер саны оқу жұмыс жоспарына сәйкес келеді.

. "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" бес білім беру саласына негізделіп бұрыштар жасалған. Балалардың тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ету жағдайларына қарай түрлі ойыншықтар(мозайкалар,құрастырғыштар, т.б.) бар.

     Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

1) МЖМБС мен МДТО үлгілік оқу бағдарламасында анықталған әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша жас топтары бойынша меңгеруге тиіс игеруге жататын білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің көлемін игеру .

2)      жас кезеңіне сәйкес тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингі (қорытынды) нәтижелерінің болуы және талдау (мониторингісінің (қорытынды) көшірмелері қоса беріледі).

 "Қол өнер шеберлері" байқауына қатысып, аппликациядан І, ІІ, ІІІ орын алды.

 

Шағын  орталықта денсаулық сақтау дағдыларын: гигиеналық шараларды орындауды, өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын, шынықтырудың барлық әдістерін жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, негізгі қимыл түрлерін, қимылдарды еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтауды,қозғалыс әрекетінде қарапайым өзін-өзі бақылауды, ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін, күн тәртібін сақтауды үйренеді.

 

          Коммуникативтік-тілдік дағдылар: тілдесу ережелерін: сөзсіз тілдесу құралдарын, сөйлесу әдебін, сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыруды,сөйлеуде таныс сөздердің күрделі түрлерін қолдануды, дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айтуды, жіктеуді, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыруды, сөзжасам дағдыларын, заттардың белгілері мен сапа ларына сүйене отырып, сөздің мағынасын түсіндіре және қолдана алуды, берілген тақырып, сурет бойынша жалаң және жайылма сөйлемдерді қолдана отырып, байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыруды, түрлі оқиғаларды мазмұндап айтуды, ертегілерді ойдан құрастыруды, ойында сөз және өлең ұйқастарын құрастыруға, көргеніне сүйене отырып, таныс шығармалардың мәтінін мазмұндауды, дыбыстарды айтуда және дыбыстық талдауда білімін қолдануды,төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды, дыбыстарды сипаттауды үйренеді.

      

         Танымдық дағдылар: адам өміріндегі маңызына және қолданылуына байланысты заттарды даярлау үшін пайдаланылатын материалдардың қасиеттері мен алуан түрлілігі туралы, қоршаған ортадағы объекетілердің ерекше және маңызды белгілерін бөліп көрсете отырып, олар туралы түсініктерді, жапсыру және сурет салу түрінде геометриялық пішіндерден шынайы және абстракциялық объектілердің қарапайым үлгілерін жасауды, болмашы ерекше белгілері бойынша жануарлар мен өсімдіктерді ажырата білуді, табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күтіп-баптауды, күнделікті өмірдің жаңа жағдайларында қауіпсіздікті сақтауды, түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктеуді, сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын , қисынды ойлауды, нәтижеге жететін эксперимент әрекетіне мақсат қоя білуді, нәтижеге жетуді, алған ақпаратқа талдау жасауды, оны саналы түрде қолдануды үйренеді.

    

     Шығармашылық дағдылар: музыкалық аспап сүйемелдейтін әуенді, регистр дыбысын ажырата алуды,балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау барысында, ән айтқанда, билегенде минорлы және мажорлы дыбысталуды қабылдап, жаңғырта алуды, түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдануды, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтыруды және әсемдеуді, қарастырған заттарының бояуының қанықтылығының маңыздылығын, өнердің басқа түрлерінің түпмәтінінде өнер туындыларына алғашқы талдау жасауды үйренеді.

        Әлеуметтік дағдылар: мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын, әдеп, табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелерін, ересектермен бірлескен әрекетке жұмылуды, пайдасын тигізуге және оған қанағаттануды, өзінің және басқа халықтардың әдептілік нормалары мен олардың құндылығын, түсіністік, төзімділік танытуды, әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынас жасау біліктілігін, қоғамдық тәртіп сақтау дағидаларының коммуникативтік дағдыларын меңгереді.