тамақтану қорытындысы туралы анықтама
2022-2023 оқу жылындағы Сейфуллин ауылының
жалпы орта білім беретін мектебінің
тамақтану қорытындысы туралы анықтама (мамыр)
Мамыр айына тағам сапасының мониторингі комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес тағамның табиғи нормаларын анықтайтын тексеру жүзеге асырылды.
Мектеп асханасы мен ас блогына күнделікті ас мәзірі бойынша дайындалған тағамдар мен ұсынылатын өнімдер сертификаттарының сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Сақтау шарттары мен мерзімдері және жеке гигиенаны бақылау және қажетті тексерулерден уақтылы өту;
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Шешім: тағамның табиғи нормалары санитарлық талаптар ережесіне сай.
Анықтама жазған: Нубаева Д. Е.