"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жемқорлыққа жол жоқ"

Тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ»

Мақсаты:

1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады

Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео

Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты

Барысы: 1.Ұйымдастыру

Көрме ұйымдастыру:

· «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты иллюстрациялық кітап

· Оқушылардың салған газеттері

2.Кіріспе сөз

· Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.

3.Тәрбие сағаты:

· Видео

· Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:

· Оқушыларға тапсырма

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1)

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. (Слайд №2)

1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. (Слайд №3)

1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол

жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

 

Жаңартылған күні: 02.06.2023 16:33
Құрылған күні: 02.06.2023 16:33

Текст