Бекітемін
Сейфуллин ауылының ЖОББМ
директоры
-----------------Болатова А.Ш.
СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
ЖАНЫНДАҒЫ «БАЛАУСА» ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
ОРТА ТОБЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
2024-2025 оқу жылы
Түсінік хат
2024– 2025 оқу жылында Сейфуллин жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы «Балауса» шағын орталығының ортаңғы тобы балаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалық жоспарын құрастыруда төмендегі нормативті-құқықтық құжаттарды басшылыққа алды:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығының 1,2,3 - қосымшасы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығымен (2022 жыл 14 қазан №422 бұйрық өзгерістер мен толықтырулар) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
- «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды топтарында тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хаты («Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми – әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылды 2022 жылғы 26 шілдедегі №7 хаттама), Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру мерзімі бір жас тобында – 1 жыл. Күтілетін нәтижелері перспективалық жоспарда әр айда көрсетілген.
Айы |
Ұйымдас/н іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
|
Қыркүйек |
Дене шынық тыру |
Негізгі қимылдар: Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүру. Тепе - теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 см) жүру. Жүгіру. Бірқалыпты жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 м қашықтық), Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура еңбектеу. Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен секіру. Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Ырғақтық жаттығулар. бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау. |
Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүреді. Жүруде тепе-теңдікті сақтайды. оң және сол қолмен қашықтыққа лақтырады. Тұрған орнында қос аяқпен, алға қарай жылжып, биіктіктен және ұзындыққа секіреді. |
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Дауысты (а, ә,) дыбыстарды анық айтуға үйрету дыбыстардың артикуляциясын нақтылау. Сөздік қор:Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктелуіне, қарай байланыстыру. Байланыстырып сөйлеу: Суреттерді, заттарды қарастыруда. |
Дауысты дыбыстарды анық айтады; Ойындар арқылы сөздік қоры дамиды. Сөздерді жіктелуіне, қарай байланыстырады; Суреттер мен заттар арқылы байланыстырып сөйлейді.
|
||
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен кунделікті еркін ойында. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін ескеріп , артикуляциялық және дыбыстық аппаратты дамыту Сөздік қор Ауызекі түрлі балалар әрекетінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануға қалыптастыру. Тілдің грамматикалық құрылымы Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату Байланыстырып сөйлеу Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту |
Балалар ересектермен және құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасайды. Бір-бірімен кунделікті ойында еркін әңгімелеседі. Қоршаған ортадағы заттарды ауызекі сөйлеуде қолданады. Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажыратады. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерді
|
||
Көркем әдебиет |
Кітаптарға қызығу/ты ояту Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру. |
Суреттегі таныс кітаптарды эмоциональді түрде айта алады. |
||
Математика негіздері |
Сан. «Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру. Шама. Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Геометриялық фигуралар. Балаларды геометриялық фигура: үшбұрышпен таныстыру. Кеңістікті бағдарлау. Өзінің дене мүшелерін бағдарлау Уақытты бағдарлау. Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз
|
Балалар «бір», «көп» ұғымдарын ажыратады; екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа,артық-кем) салыстыра алады. Геометриялық фигура: үшбұрышты біледі. Өзінің дене мүшелерін бағдарлай біледі. Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлай біледі |
||
|
|
|
||
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: «Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету. Өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту. |
Балалар өз құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезіне алады., әртүрлі ойындарды өз беттерімен ойнай алады. |
||
Құрастыру |
Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру. |
Құрастыруды қызығушылықпен орындайды;
|
||
Сурет салу |
Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай дұрыс ұстауды үйрету. |
сурет салуда салуда ұқыптылық танытады, қауіпсіздікті сақтайды. |
||
Мүсіндеу |
Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату,тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету. |
Заттарды мүсіндеуге қызығады; сазбалшықтың және ермексаздың қасиеттерін біледі;
|
||
Жапсыру |
Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру. |
Бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;
|
||
Музыка |
Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.
|
Музыка жанрлары: ән мен маршты, биді таниды;
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Айы |
Ұйымдас/н іс-әрекет |
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
|
Қазан |
Дене шынық тыру |
Негізгі қимылдар: Сапта бір-бірден, екеуден (жұппен) жүру. Тепе - теңдікті сақтау. Арқан бойымен жүру, Жүгіру. Аяқтың ұшымен жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Төменнен екі қолмен көлденең нысанаға лақтыру. Еңбектеу, өрмелеу. Заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, Секіру. 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, |
Бір-бірден екеуден сапта жүре алады. Арқан бойымен тепе-теңдікті сақтап жүре алады. Көлденең нысанаға, тік нысанаға заттарды лақтырады. заттардың арасымен еңбектейді. Жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;
|
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Дауысты (е,о) дыбыстарды анық айтуға үйрету дыбыстардың артикуляциясын нақтылау. Сөздік қор: Сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, сөздермен байыту. Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді септелуіне, қарай байланыстыру. Байланыстырып сөйлеу: Тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, алған әсерлерімен бөлісуге үйрету. |
Дауысты дыбыстарды анық айтады.Сөздерді септелуіне қарай байланыстырады. Қоршаған ортаға қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Дербес әрекеттерде, ауызекі сөйлеуге баулу. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Сөйлеу кезінде тыныс алуды дамыту Сөздік қор: Күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынастарға байланысты сөздерді(бөпе,аға,апа,іні,қарындас) айтқызу Тілдің грамматикалық құрылымы Сөздерді көпше түрде қолдануға үйрету Байланыстырып сөйлеу Балалардың айтатын сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру |
Балалар дербес әрекеттерде ауызекі бір-бірімен сөйлеседі. Туыстық атауларды бөпе,аға, апа, іні,қарындас сөздерін атайды. Сөздерді көпше түрде қолданады |
|
|
Көркем әдебиет |
Кітаптарға қызығушылықты ояту. Оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау. |
Көрген суреттері бойынша өз ойын айта алады.
|
|
|
Математика негіздері |
Сан. Заттардың санын ажыратуға үйрету: Шама. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру. Геометриялық фигуралар. Балаларды геометриялық фигура шаршыны таныстыру. Кеңістікті бағдарлау. Осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: Уақытты бағдарлау. Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: түнде. |
Біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді; Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыра алады. Геометриялық фигураны біледі. Осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай алады. Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлай біледі. |
|
|
|
|
|
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Еңбекке баулу Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау. |
Балабақша және балабақша қызметкерлерінің еңбектері туралы айта алады. |
|
|
Құрастыру |
Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, |
әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар тұрғызады;
|
|
|
Сурет салу |
Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көкөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу. |
сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі;
|
|
|
Мүсіндеу |
Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
|
Мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
|
|
|
Жапсыру |
Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.
|
желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген;
|
|
|
Музыка |
Музыка тыңдау. Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдауға, музыканың сипатын түсінуге, музыкалық шығарманың неше бөлімнен тұратынын білуге және ажыратуға үйрету. Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон, маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру. Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну.
|
Музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдайды; музыканы тыңдау дағдыларын меңгерген;
|
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
Қараша |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: Әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру. Тепе - теңдікті сақтау. Тура жолмен жүру. Жүгіру. Сапта бір-бірден, Домалату, лақтыру, қағып алу. Оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру. Еңбектеу, өрмелеу. Еденге қойылған тақтай бойымен еңбектеу. Секіру. Құрсаудан құрсауға секіру. |
Әр түрлі бағытта жүгіреді.Жүруде тепе-теңдікті сақтайды. Бір-бірден сапта өз орнын табады. Еденге қойылған тақтай бойымен еңбектей алады.
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Дауысты (ұ ) дыбысын анық айтуға үйрету дыбыстардың артикуляциясын нақтылау. Сөздік қор: Заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, Тілдің грамматикалық құрылымы: Зат есімдерді үстінде, астында, тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану. Байланыстырып сөйлеу: Шығармаларды тыңдағаннан, алған әсерлерімен бөлісуге үйрету. |
Дауысты(ұ ) дыбысын анық айтады. Зат есімдерді үстінде, астында, тәрізді көмекші сөздермен бірге қолданады. Естігені, көргені, туралы айтады.
|
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Бірлескен әрекеттері туралы келісуге жағдай жасау Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Есту қабілеттерін дамыту Сөздік қор Тұрмыстық заттардың атауларын дұрыс атату Тілдің грамматикалық құрылымы Бұйрық райлы етістіктерді қолдануға баулу (бар,кел,айт) Байланыстырып сөйлеу Алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу |
Бір-бірімен әрекеттері туралы келіседі. Есту қабілеттері дамыған. Тұрмыстық атаулардың атауларын дұрыс атайды. Бар, кел,айт сөздерін қолданады. Сөйлеу үлгілерін сақтап әңгімелесе алады. |
|
Көркем әдебиет |
Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
|
Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
|
|
|
|
|
|
Математика негіздері |
Сан: Көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру Шама: Заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) Геометриялық фигуралар. Балаларды геометриялық фигурамен: дөңгелекпен таныстыру. Кеңістікті бағдарлау. Үстінде-астында Уақытты бағдарлау:таңертең
|
біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді; Заттарды салыстыруда Шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы,ені,биіктігі,жалпы шамасы бойынша біледі. Геометриялық фигура: дөңгелекті біледі. Үстінде-астында айта алады. Уақытты бағдарлай біледі.
|
|
|
|
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
|
Көлік құралдарын атайды; жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелерді біледі; |
|
Құрастыру |
Құрылыс материалдарын құрастыру. Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу.
|
Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап, зерттейді. |
|
Сурет салу |
Бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу. |
Тұтас қағаз бетіне бейнені орналастыра алады; |
|
Мүсіндеу |
Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
|
Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндейді; |
|
Жапсыру |
Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін қолдану (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау).
|
Бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады; |
|
Музыка |
Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.
|
Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды, музыканың сипатын түсінеді;
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Айы |
Ұйымдас/ған іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Желтоқсан |
Дене шынық тыру |
Негізгі қимылдар: Қол ұстасып жүру. Тепе - теңдікті сақтау. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтайшалармен жүру. Жүгіру. Алаңның бір жағынан екінші жағына, Домалату, лақтыру, қағып алу. (1-1,5 м қашықтық) допты домалату. Еңбектеу, өрмелеу. Арқанның астымен еңбектеу. Секіру. Заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, Спорттық жаттығулар. Шанамен сырғанау. |
Қол ұстасып, жартылай отырып, заттарды айналып жүреді. 10 см қашықтықта орналасқан тақтайшалармен жүре алады. Заттарды айналып және заттардың арасымен секіреді. Шанамен бір-бірін сүйреп ойнайды.
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауыссыз (п-б,) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Сөздік қор: Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу. Тілдің грамматикалық құрылымы: зат есімдерді артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану. Байланыстырып сөйлеу: Мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету. |
Дауыссыз(п-б,) дыбыстарды анық айтады. Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді айта алады. Зат есімдерді артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолданады. Көрген мультфильмдерді ертегілер айта алады.
|
|
Қазақ тілі
|
Тілдік дамытушы орта Ортақ тақырыпта әңгімелесуге баулу. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Көрнекілік арқылы,көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау Сөздік қор: Жемістердің атауларын дұрыс айту Тілдің грамматикалық құрылымы Етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар,кел,айт) Байланыстырып сөйлеу Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге баулу |
Ортақ тақырыпта әңгімелеседі. Өзіне айтылған сөзді тыңдайды. Жемістердің атауларын дұрыс атайды.етістіктерді жекелей қолданады. Сұрақтарға жауап береді.
|
|
Көркем әдебиет |
Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау. |
әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізеді; |
|
|
|
|
|
Математика негіздері |
Сан. Олардың біреуін бөліп көрсету. Шама: Бір затты екінші затпен беттестіру . Геометриялық фигура: Ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру. Кеңістікті бағдарлау: алдында-артында. Уақытты бағдарлау: кешке |
біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді; Бір затты екінші затпен беттестіру біледі. Ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.уақытты бағдарлай біледі.
|
|
|
|
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Менің Отаным – Қазақстан. Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
|
Тұратын қаласы мен ауылы туралы, Қазақстан Республикасының бас қаласы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие; қазақ халқының дәстүрлі киіз үйін біледі; тұратын қаласы мен ауылы туралы, Қазақстан Республикасының бас қаласы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие; қазақ халқының дәстүрлі киіз үйін біледі;
|
|
Құрастыру |
Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату. |
Ойнап болған соң құрылыс бөлшектерін жинайды. |
|
Сурет салу |
Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды үйрену. |
Сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады;
|
|
Мүсіндеу |
Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру. |
Мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады; |
|
Жапсыру |
Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу. |
Ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді; |
|
Музыка |
Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу. Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету.
|
Музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратады, оларды атайды, қарапайым ырғақпен соғады; |
|
|
|
|
|
Айы |
Ұйым/ған іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Қаңтар |
Дене шынық тыру |
Негізгі қимылдар: Арқаннан ұстап жүру. Тепе - теңдікті сақтау.Қырлы тақтайдың бойымен жүру. Жүгіру. Әр түрлі бағытта жүгіру, Домалату, лақтыру, қағып алу. Оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 м) лақтыру . Еңбектеу, өрмелеу. Доғаның астымен (биіктігі 40 см) еңбектеу. Секіру. 15-20 см биіктіктен секіру, Спорттық жаттығулар: Шанамен бір-бірін сырғанату; |
Арқаннан ұстап жүре алады. Жүруде тепе-теңдікті сақтайды. Оң және сол қолмен қашықтыққа, көлденең нысанаға, тік нысанаға заттарды лақтырады. Шанамен бір-бірін сырғанатады.
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. дауыссыз ( к-қ,) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Тілдің грамматикалық құрылымы: Зат есімдерді жекеше түрде. Байланыстырып сөйлеу: Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну. |
Дауыссыз( к-қ,) дыбыстарды анық айтады. Зат есімдерді жекеше түрде айта алады. Ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді.
|
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Сұрақтарға жауап беруге баулу. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Өзіне айтылған сөзді түсінуін дамыту Сөздік қор Жануарлардың атауларын дұрыс айту Тілдің грамматикалық құрылымы Сөздерді байланыстырып үйрету Байланыстырып сөйлеу Таныс ертегілерді өздігінен айтуға баулу
|
Сұрақтарға жауап береді. Өзіне айтылған сөзді түсінеді. Жануарлардың атауларын дұрыс атайды. Ертегілерді өздігінен дұрыс айтады |
|
|
|
|
|
Көркем әдебиет |
Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.
|
оқылған шығармадан қызықты үзінділерді, сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтады;
|
|
|
|
|
|
Математика негіздері |
Сан: Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «Қанша» сұрағына жауап беру.Шама: Жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, |
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады; жанына қою тәсілдері арқылы салыстыра біледі.
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Кейбір көкөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады сипап сезуді таниды. |
||
Құрастыру |
Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын-ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау. |
Ұжымдық құрылыс жасауға қатысады;
|
|
Сурет салу |
Бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету. |
Тұтас қағаз бетіне бейнені орналастыра алады;
|
|
Мүсіндеу |
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру. |
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіреді; |
|
Жапсыру |
Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, |
Геометриялық фигураларды ажыратады, оларды ою-өрнектермен безендіреді; |
|
Музыка |
Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы (ақырын-қатты), қарқыны (жылдам-баяу), көңіл-күйі (мұңды, көңілді ) байқауға үйрету. Ән айту. |
Әннің қарқынына сәйкес топпен қосылып ән айтады, әнді барлығымен бірге бастайды және аяқтайды;
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
Ақпан |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: Тоқтап, жартылай отырып жүру. Жүгіру. Тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-біріне домалату. Еңбектеу, өрмелеу. Көлбеу модуль бойымен еңбектеу. Секіру. Ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, Спорттық жаттығулар: Биік емес төбеден сырғанау;
|
Жартылай отырып, заттарды айналып жүреді. Шеңбер бойымен, шашырап, заттарды айналып жүгіреді. Ілініп тұрған затқа қолды тигізіп секіре алады. |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. дауыссыз ( т-д,) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Тілдің грамматикалық құрылымы: Зат есімдерді көпше түрде. Байланыстырып сөйлеу: Сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану.
|
Дауыссыз (т-д,) дыбыстарды анық айтады. Зат есімдерді көпше түрде біледі. Сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс айта алады..
|
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Өз бетінше кітаптарды қарауға үйрету Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қазақ тіліне тән ә, ө дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор төрт түлік атауларын дұрыс айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру Тілдің грамматикалық құрылымы Сөз тіркесін құрастыруға үйрету Байланыстырып сөйлеу Шағын шығармаларды мазмұны бойынша қайталап айтуға баулу
|
Өз бетінше кітаптарды қарайды. Ә дыбысын өздігінен дұрыс айтады. Төрт түлік атауларын дұрыс айтады. Шағын шығармаларды мазмұны бойынша дұрыс қайталап айтады |
|
Көркем әдебиет |
Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.
|
Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнайды; |
|
Математика негіздері |
Сан: Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы. Шама: Салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең.
|
Екі затты белгілі өлшемі бойынша салыстырады; : Салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең салыстырады. |
|
|
|
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру. |
Балалар «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерге ие; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылық танытады;
|
|
Құрастыру |
Өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату. |
Өзі құраған құрылысымен ойнайды;
|
|
Сурет салу |
Заттық сурет салу. Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету. |
Қарапайым сюжеттік композицияларды құрайды.
|
|
Мүсіндеу |
Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді мүсіндеуге үйрету. |
Сазбалшықтың және ермексаздың қасиеттерін біледі;
|
|
Жапсыру |
Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы көрпе, алаша орамал және т.б. жасау. |
Бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады; |
|
Музыка |
Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында, барлығымен бір қарқында әнді таза айту, сөздерді анық айту, әннің сипатын жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту). Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау. Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету. Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау.
|
Дұрыс және анық айтады, әннің сипатын береді (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді); музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октаваның диапазонында ән айтады; қазақ халқының қарапайым би қимылдарын біледі;
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
Наурыз |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: Бұрылып, заттарды айналып жүру. Жүгіру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттардың арасымен, қақпаға домалату. Еңбектеу, өрмелеу. туннель арқылы еңбектеу . Секіру. Тұрған орнынан жоғары секіру, |
Заттарды айналып жүреді. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру.Заттардың арасымен, қақпаға домалата алады. Тұрған орнынан жоғары секіре алады. |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. дауыссыз (ж-ш,) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Байланыстырып сөйлеу: Ересектермен диалог құру. |
Дауыссыз (ж-ш,) дыбыстарды анық айта алады. Бір-бірімен, ересектермен байланыстырып сөйлеседі;
|
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Алған әсері мен қалауын білдіруге баулу Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қ , і дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор Баланың сөздік қорын дамытуда санамақ жаттауға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Зат есімді үйрету Байланыстырып сөйлеу Шағын шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу |
Алған әсері мен қалауын білдіре алады. қ, і дыбыстарын өздігінен дұрыс айтады. Санамақты жатқа айтады. Зат есімдерді атайды.шағын шығармалар бойынша сұрақтарға жауап береді |
|
Көркем әдебиет |
Бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, |
Еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің рөлін сомдайды; |
|
|
|
|
|
Математика негіздері |
Сан: Тең және тең емес заттар тобын салыстыру, Шама: Ені бойынша кең-тар, бірдей, тең. |
Тең және тең емес заттар тобын салыстырады; Ені бойынша кең-тар, бірдей, теңді біледі. |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру. Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру. Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету. |
Қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды. |
|
|
|||
Құрастыру |
Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, |
құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды;
|
|
Сурет салу |
Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу. |
Сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады; |
|
Мүсіндеу |
Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру. |
Қазақ халқының әшекей бұйымдарын біледі; заттар мен бұйымдарды өз бетінше мүсіндей алады; |
|
Жапсыру |
Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. |
Балалар оюдың әсемдігін, оның орналасуын байқайды, олардың элементтерін бөліп көрсетеді; қазақ халқының ыдыс-аяқтары мен тұрмыстық заттарын біледі; |
|
Музыка |
Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау. Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады. Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау. |
Қазақ халқының қарапайым би қимылдарын біледі;
|
|
|
|
|
|
Айы |
Ұйымд/ған іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Сәуір |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: Еденге қойылған заттардан аттап жүру Жүгіру. Белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Допты жоғары лақтыру, Еңбектеу, өрмелеу. Саты бойымен өрмелеу, Секіру. Сызықтан секіру, |
Еденге қойылған заттардан аттап жүреді.Белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіре алады. Допты жоғары-төмен лақтырады, қағып алады; Саты бойымен өрмелейді. Сызықтан секіреді |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. дауыссыз (с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Байланыстырып сөйлеу: Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану. |
Дауыссыз (с-з) дыбыстарды анық айтады. Кейіпкерлерді дауыс ырғағымен сипаттайды.
|
|
Көркем әдебиет |
Онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу. |
Сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады; |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Сәлемдесуде өтінішін білдіруге, ырзашылдығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ү дыбысын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор Баланың сөздік қорын дамытуда тақпақ жаттауға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Сын есімді үйрету Байланыстырып сөйлеу Шағын ертегі, шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге баулу
|
Сәлемдесуде, өтінішін білдіруде сыпайы сөйлейді. Ү дыбысын өздігінен дұрыс айтады. Тақпақты жатқа айтады. Шағын ертегі,шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. |
|
|
|
|
|
Математика негіздері |
Сан. «Тең бе?», Шама: биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең. |
ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша заттарды салыстырады; |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Өсімдіктер әлемі. Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану. Жануарлар әлемі. Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру. |
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы түсініктерді меңгерген; кейбір көгөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды; Үй жануарлары мен жабайы жануарларды таниды.
|
|
Құрастыру |
Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру. |
Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыра алады. |
|
Сурет салу |
Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
|
Сурет салуда ұқыптылық танытады, қауіпсіздікті сақтайды; |
|
Мүсіндеу |
Жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
|
Заттар мен бұйымдарды өз бетінше мүсіндей алады. |
|
Жапсыру |
Жапсыру барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу. |
Жапсыру барысында қауіпсіздікті сақтайды. |
|
Музыка |
Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру. Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
|
Билейтін әуендерге сәйкес қимылдарды өз бетінше орындайды; музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын ойындарда мәнерлі және эмоционалды жеткізеді;
|
Айы |
Ұйым/ған іс-әрекет
|
Ортаңғы топ Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Мамыр |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: Жан-жаққа баяу айналып жүру. Жүгіру. Қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу. Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 м). Секіру. Тұрған орнынан ұзындыққа 40 см қашықтыққа секіру. Спорттық жаттығулар: Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу;
|
Жан-жаққа баяу айналып жүреді. Қарқынды өзгертіп, тоқтамай баяу қарқынмен жүгіреді. Допты еденге соғып қағып ала алады. Гимнастикалық қабырғаға өрмелейді және одан түседі. Тұрған орнынан ұзындыққа секіре алады. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын меңгерген.
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту. Байланыстырып сөйлеу: Таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
|
Дұрыс сөйлеу қарқынына ие; Таныс ертегілерді ойнай алады және сахналайды.
|
|
Көркем әдебиет |
Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
|
Тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.
|
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ұ дыбысын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор Жаңылтпаш жаттауға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Етістікті үйрету Байланыстырып сөйлеу Шығарма,ертегілерді өздігінен қайталап айтуға баулу |
Құрдастарын есімімен толық атайды. Ұ дыбысын өздігінен дұрыс айтады. Жаңылтпашты жатқа айтады. Шығарма, ертегілерді өздігінен қайталап айтады |
|
|
|
|
|
Математика негіздері |
Сан. «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру. Шама. жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
|
«Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап бере алады.. Жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілейді.
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу. Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу, қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау), топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау), серуенде (отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
|
Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды және атайды; топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды;
|
|
Құрастыру |
Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу. |
Ойнап болған соң құрылыс бөлшектерін жинайды.
|
|
Сурет салу |
Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру. Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
|
Сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады; сурет салуда салуда ұқыптылық танытады, қауіпсіздікті сақтайды; |
|
Мүсіндеу |
Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
|
Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтайды; жұмысты ұқыпты жасауға тырысады;
|
|
Жапсыру |
Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы орамал жасау.
|
Геометриялық фигураларды ажыратады, оларды ою-өрнектермен безендіреді;
|
|
Музыка |
Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету. |
Балалар музыка аспаптарын біледі, оларда ойнайды. |