"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу- тәрбие жұмысының жылдық есебі

Сейфуллин ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің
оқу-тәрбие жұмысы бойынша
2023-2024 оқу жылындағы жылдық сараптама.
 
Мектептіңтүйіндімәселесі:«Оқытудыңжаңатехнологияларын
қолдануарқылыоқушылардыңбілімсапасынарттыружәнежасұрпаққаруханиадамгершіліктәрбие беру».
 
Міндеттері:
1.Жаңа технологиялардың тиімділігін  сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқыту сапасын дамытып, оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
2.Жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін насихаттау;
3.Мұғалімдерді тиімді әдістемелік біліммен қамтамасыз етуде жеке құндылығын қалыптастыру;
4.Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру
 
Үстіміздегі жылы мектепте 26 педагог жұмыс істеді. 
Оның жоғары білімдісі – 23, арнайы орта білімді – 3.
І санатта -2, ІІ санатта -2, 
6-педагог-сарапшы, 7-педагог-модератор, 
санатсыз -9 мұғалім.
 
Бүгінгі күннің талабы – әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, алған білім- білік дағдыларын күнделікті  өмірде қолдана білуге тәрбиелеу, сапасын арттырып, саналы да тәрбиелі азамат қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету жолында ұстаздар ұжымы оқу жылының басынан жоспарлы түрде, үлкен ізденіспен жұмыла жұмыс атқарды.
Мектеп оқушыларының білімсапасы әр тоқсан сайын өсіп  отырды.
 
І тоқсан: үздік -14, екпінді -35   білім сапасы - 67%.
ІІ тоқсан: үздік -19, екпінді -33   білім сапасы - 67%.
ІІІ тоқсан: үздік-15, екпінді-36 білім сапасы-70%
IV тоқсан: үздік-15, екпінді-36 білім сапасы -70%
Жылдық: үздік-16, екпінді-36 білім сапасы-71%
 
 
Мектептегі ұстаздар қауымы 3 әдістемелік бірлестікке топтастырылған:
 
1. Бастауыш сыныптар бірлестігі.
2. Гуманитарлық пәндер бірлестігі.
3. Жаратылыстану –математика бірлестігі
 
 
 
Ақмола блысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі ретінде ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру» облыстық семинарда қазақтың ұлттық ойыны асық ату туралы «Жасөспірімдердің ой өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру» тақырыбында өз тәжербиесімен бөліскені үшін мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Зайкенов Серік Қайратұлы баяндама оқын, мастер-класс өткізді.
 
 
 
 
Ақмола облысы оқушыларын «Менің болашақ кәсібім» тақырыбында эссе байқауы мен педагогика және психология кафедрасы студенттерін «Педагог және психолог-болашақ кәсібі» тақырыбындағы жарнамалық бейнероликтер байқауына қатысып, 
9-сынып оқушысы Имангазиева Адия және
11-сынып оқушысы Құрман Жарас 
жүлделі орыдар иеленді.
 
 
Жетекшілері: 
Бастауыш сынып мұғалімі- 
Дайырбекова Гульфия Бекжановна. 
Ағылшын тілі мұғалімі- 
Оспанова Айзада Мерекеновна.
 
 
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған              «Алтын тұғыр»  математикалық олимпиадасының адандық кезеңіне қатысқаны үшін  
 Сергазинова Гульмира Басаровна марапатталды. 
                                                
«Ағылшын тілі сабағында цифорлық ресурстарды пайдалану» Аудандық ағылшын тілі саеминарында өз тәжірибесімен бөліскені үшін Оспанова Айзада Мерекеновна сертификатпен марапатталды.
 
Ағылшын тілі мұғаліимі Алтаева Асель Насибуллаевна «Кенгуру-лингвист» байқауына қатысып ІІ орын иеленді.
 
Пектеп психологы Сагиденова Лаззат Өсербаевна аудан басшысының атынан берілген сертификатпен марапатталды
 
Нубаева Дана Ертарғынқызы кітапханашыларға арналған семинарда өз тәжірбиесімен бөліскені үшін сертификатпен марапатталды.
 
 
2023-2024 оқу жылында аудан, облыс, республика көлемінде өткен олемпиадалар мен түрлі сайыстарға оқушыларымыз белсене қатысып, жүлделі орын иеленді.
Атап айтсақ:
 
 
№ Оқушының аты жөні сыныбы Алған орыны Олимпиада атауы
1 Құрман Жарас 11 2 «Алтын түлек»
2 Габдуллин Асет 11 3 «Алтын түлек»
3 Баукен Мерей 8 Облыстық кезең «Айқанат»
4 Енканова Дильназ 8 Облыстық кезең «Айқанат»
5 Бақытжан Нұрбол 3 сертификат «Алтын сақа»
6 Оразбек Нұрасыл 3 сертификат «Алтын сақа»
7 Еркін Бейбарыс 3 сертификат «Алтын сақа»
8 Бегай Нұрислам 4 сертификат «Алтын сақа»
9 Мәлік Назира 9 ІІ орын Пән олемпиадасы. Қазақ тілі
10 Габдуллин Асхат 6 ІІ орын Пән олимпиадасы Қазақстан тарихы
11 Ғәбдінұр Елхан 8 ІІІ дәрежелі Ақбота
12 Ғәбдінұр Алишер 2 ІІІ дәрежелі Ақбота
13 Батыржан Нариман 6 ІІІ дәрежелі Ақбота
14 Ғаддінұр алишер 2 ІІ дәрежелі Кенгуру
15 Жұмабек Нұрай 2 ІІ дәрежелі Кенгуру
16 Қайрат Айзере 2 ІІ дірежелі Кенгуру
17 Баукен Мереі 8 Қатысқаны үшін Алтын қазына
18 Бегаева Ақниет 7 Қатысқаны үшін Алтын қазына
19 Маратов Айдын 6 Қатысқаны үшін Робототехника
20 «Әсем-ай» би тобы 7-8 ІІ орын Ақ шағала
21 Енканова Дильназ 7-8 ІІ роын Бес асық
22 Жанайдарова Арай 7-8 ІІ орын Бес асық
23 Нұрмаш Аяулым 7-8 ІІ орын Бес асық
24 Енканов Дархан 7-8 ІІ орын Асық ату
25 Серғазы Мұхаммад 7-8 ІІ орын Асық ату
26 Қайрат Ағынтай 7-8 ІІ орын Асық ату
27 Енканов Даурен 5-6 ІІ орын Асық ату
28 Мәлік Ерасыл 5-6 ІІ орын Асық ату
29 Батыржан Нариман 5-6 ІІ орын Асық ату
30 Волейбол командасы 9-11 ІІІ орын Волейболдан жарыс
31 Футбол командасы 9-11 І орын Футзалдан жарыс
32 Қайрат Айзере 1-4 ІІ орын Аюбай Шегерұлы атындағы математикадан аймақтық олимпиада
33 Оразбек Нұрасыл 1-4 ІІ орын Аюбай Шегерұлы атындағы математикадан аймақтық олимпиада
34 Мұтағара Амина 1-4 ІІІ орын Аюбай Шегерұлы атындағы математикадан аймақтық олимпиада
35 Жұмажан Рахметжан 5-6 ІІ орын Жекен Рыспамбетов атындағы математикадан аймақтық олимпиада
36 Қайрат Әділжан 5-6 ІІ орын Жекен Рыспамбетов атындағы математикадан аймақтық олимпиада
37 Ғабдинур Елхан 8 І орын Облыстық география пәнінен онлайн сайыс
 
                       
Тілдер бірлестігі де жыл бойы бірқатар жұмыстар атқарды.
 
 Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай 2023 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында өткізілген  іс-шаралар өтті.
 
Мақсаты: Тіл –ұлттың мақтанышы, тірегі,, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
2023 жылдың 27 – 30 – қараша  аралығында «Тіл-ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығы өтті.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды. Оқушылар «тіл» туралы ақын-жазушыларымыздың нақыл сөздерімен бастау алып, өлең, тақпақ айтты. Тіл туралы видео көрсетілді. Саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
Апталықтың екінші күні «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» атты жаппай диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
6.09.23 күні мектеп кітапханашы Нубаева Д.Е 5-11 сыныптар арасында  «Жарық жұлдыздар» атты С. Торайғыровтың 130  жылдығына,  Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына, О.Бөкейдің 80 жылдығын, Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығана, М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақындарымызға саяхат жасап, шығармашылығымен және өмірбаянымен таныстырды. Мақсаты; оқушыларға кітап оқуға деген құштарлығын ояту. 
7.09.23 Ағылшын пәнінің мұғалімі Оспанова А.М 6-7 сыныптар арасында «Полиглот» викторина өткізді. Оқушыларды екі топқа бөліп жарыс сабағын өткізді. Оқушылар сабақ үстінде белсенділік көрсетті. Оқушылар қазақ, орыс, ағылышын тілдерін жақсы меңгергенін көрсетті.
8.09.23 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығана арнап 8-сыныппен саяхат сабағын өткізді. Оқушылар Ш.Құдайбердіұлының өміріне шолу жасап, өлең-тақпақтарын жатқа айтты. Шығармаларынан үзінді көрсетті. Сабақта оқушылар белсенділік танытып жұмыс істеді.
11.09.2023 Бастауыш сынып мұғалімі Абжанова Ж.А «Ауылым – алтын бесігім» бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауын өткізді. Мақсаты: оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілін ояту. Патриоттық сезімін, отанға деген құрметін дәріптеу.
12.09.2023 «Балауса» шағын орталық тәрбиешісі Мушаева Г.Ғ «Бала тілі бал» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Онда балалар «тіл» туралы өлең-тақпақтарын паш етті.
13.09.2023 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 8-11 сыныптар арасында «Ана тілім  - құдыретім» тақырыбына эссе жазу болыды. Онда оқушылар ана тіліне деген құрмет, отанға деген ізетті қалыптастыру. 
14.09.2023 5-11 сыныптар арасында «Әркімнің туған тілі -туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе»  тақырыбында қабырға газеттері сайысы болып өтті. Оқушылар қабырға газеттеріне «тіл» туралы сурет салып, тілге деген құрмет және оның құндылығын көрсете білді.
14.09.2023 Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Нурбекова Д.Т 5-11 сыныптар арасында «Тіл тағдыры  - ел тағдыры» атты дөңгелек үстел өткізді.  Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
15.09.2023 Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген онкүндңктің жабылу салтанатына жауапты Нурбекова Д.Т онкүндіктің соңғы күні салтанатты жабылу кешінде белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, мадақтау қағазымен марапатталды. Онкүндік белгіленген жоспар бойынша жоғарғы деңгейде өткізілді.
13-17 қараша аралығында тілдер апталығы өтті, яғни орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі пәндерден. Оқушылардың жетістіктеріне тоқталатын болсақ: Қазақстан тарихы пәнінен 5-6 сынып  оқушылар арасында республикалық олипиадасының аудандық кезеңінде 6 сынып оқушысы Габдулин Асхат ІІ орынға иеленді. «Табиғи туристік нысандар туралы үздік аңыз» аудандық байқауында «Мен тарих зерттеушімін» номинациясында Батыржан Нариман ІІІ орын алып марапатталды. Орыс тілі және әдебиет пәнінен 6 сынып оқушысы Мәлік Ерасыл аудандық олимпиадаға қатысып ІІІ орын иесі болды. Сәуір айында оқушылар ағылшын тілі пәнінен «British buldog» интелектуальдық ойынға қатысып Жұмаш Асанали 1 орынға ие болды. 7 сынып оқушысы Оспанова Гүлім «Кенгуру лингвист» интелектулдық сайысқа қатысып  І орын алып марапатталды. 3 сынып оқушысы Еркін Бейбарыс «Кенгуру лингвист» интеллектуалдық орталық олимпиадасына қатысып І орын ұтып алды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Сейфуллин ОЖББ мектебінен Кокшетау қаладағы Ш.Уалиханов атындағы университетінде «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыбында оқұшыларымыз эссе байқауына қатысып сертификат иелері болды. Олар : 9 сынып оқушылары Мәлік Назира және Нұрмаш Аяулым. Сонымен қатар мектебіміздің ұстазы  Нурбекова Данагүл Тұраловна да сертификат иеленді. Осы байқауға қатысқан Құрман Жарас 3-орын, Имангазиева Адия ІІ орын иеленді. Маусым айында орыс тілі және әдебиетінен «Зерде» ғылыми жобасына мектебімізден 7 сынып оқушысы Бегаева Ақниет қатысып, «Речь современного щкольника и подростковый сленг» атты тақырыбында жобаны қорғап, ІІІ орын иегері болып марапатқа ие болды. 
 
 
Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
 
  Қазан айында «Кенгуру - математика барлығы үшін» халықаралық олимпиада өткізілді. Қатысқан оқушылардың ішінде 4 оқушы жүлделі орынға те
1 Бегаева Ақниет- 7 сынып  
2 Осанова Гүлім  - 7 сынып
3. Енканов Дархан  - 7 сынып
4. Мүшат Дария  -  7 сынып         
Қазан айының 28-і күні  5 сыныпта мектепішілік кезең   «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді. Жүлделі орын алғанған оқушылар : Енканов Даурен - 5сынып, Жұмажан Рахметжан – 5 сынып, Жұмаш Асанали – 5 сынып. Бұл оқушылар аудандық «Алтын сақа» олимпиадасына қатысып орындарға ие бола алмады
 Қазанның 30-ы күні 8 сыныпта мектепішілік кезең  «Айқанат» олипиадасы  өткізілді. Қараша айында  аудандық кезеңге «Айқанат»  олимпиадасына бізден 8 сынып оқушылары  түгел қатысып,  келесі кезеңге 2 оқушы өтті. Олар: Баукен Мерей және Енканова Дилназ өтті. 
 Қазанның 20 -ы  күні математикадан 10-11 сынып оқушылар арасында «Алтын түлек» мектепішілік кезең өттті. Жүлделі орын алған оқушылар: Марат Жалел – 10 сынып , Қиянбек Аяр – 10 сынып, Құрман Жарас – 11 сынып оқушысы, Габдуллин Әсет – 11 сынып.Желтоқсанның 1-і күні  математикадан «Алтын түлек» олимпиадасының  аудандық кезең өтті . Бұл кезеңнен 11 сыныптың 2 оқушысы жүлделі орынға ие болды. Олар: Құрман Жарас – 11 сынып  - 3 орын  
           Габдуллин Әсет – 11 сынып  -3 орын.
           Пән мұғалімі: Ашкенов Б.Қ.
 Қызылсая ауылыны ЖОББ мектебінде өткен аймақтық математика пәнінен Ж.Рыспанбетов атындағы олимпиадаға қатысып,
 5-сынып оқушысы Жұмажан Рахметжан ІІ орын иеленсе,
 6-сынып оқушысы Қайрат Әділжан ІІІ орын иеленді.
 
Бастауыш әдістеме бірлестігінің жұмысы бойынша
 
      «Алтын сақа» олимпиадасына мектепішілікке 3-сыныптан Еркін Бейбарыс,Оразбек Нұрасыл, Бақытжан Нұрбол және 4-сыныптан Бегай Нұрислам қатысып, аудан олимпиадасына өтті. Аудандық кезеңнен Оразбек Нұрасыл ІІІ орын иеленді.
     Құрманбек Аманжоловтың поэзиялық өлеңдерін мәнерлеп айту Зеренді аудандық байқауына 4-сынып оқушылары Мұтағара Амина мен Серік Айару марапатталды. «Зеренді жұлдыздарына 4-сынып оқушылары қатысып,өнерлерін көрсетіп марапатталды. Тәуелсіздік күніне 4-сыныптан Жұмабек Айзере мен  Мұтағара Амина қатысып марапатталды.
     Шағын орталық Алтын күз мерекесін,Республика күні мерекесін, Жаңа жыл мерекесін беклсенді атқаруда. Шағын орталықта Тоқтарбай Санжар  «Мағжан оқуларына» қатысып аудандық мадақтамамен марапатталды. Қол өнерден Қуандық Көркем аудандық мадақтамамен марапатталды. 
 
«Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы өткен сайысқа мектебімізден 1-сынып мұғалімі Сергазинова Гүлмира Басаровна қатысып, сертифика иеленді.
 
 
Аудан көлемінде өткен олемпиадаларға оқушыларымыз белсене қатысып, жүлделі орын иеленді. Атап айтсақ:
 
 
 
 
                                      
Жаңартылған күні: 17.06.2024 10:23
Құрылған күні: 17.06.2024 10:23

Текст