"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Перспектива шағын орталық

 

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Күтілетін нәтижелер

Қыркүйек

Дене шынықтыру

Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.

Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүреді; шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгертіп жүреді.

 

Сөйлеуді дамыту

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді.

 

Көркем әдебиет

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.

Шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдап, қарапайым сұрақтарға жауап береді.

 

Сенсорика

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындату.

Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды.

 

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту.

Қаламды дұрыс ұстайды.

 

Мүсіндеу

Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі.

 

Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту.

Қағазды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу) біледі.

 

Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Құрылыс материалдарынан және конструкторлардың ірі бөлшектерінен құрастыра алады.

 

Музыка

Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.

Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдайды.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

«Мен» бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану. Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.

Есімін атағанда жауап береді, өзін айнадан және фотосуреттерден таниды; ата-анасын және өзіне қарап отырған басқа ересектерді таниды, олардың аттарын атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Қазан

Дене шынықтыру

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр) аттап жүру.

Белгі бойынша тоқтап жүреді; жүруде тепе-теңдікті сақтайды.

 

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

 

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін айта алады.

 

Көркем әдебиет

Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.

Кітаптағы суреттерді қарайды, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

Сенсорика

Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерген.

 

Сурет салу

Көркемдік қабылдауларын дамыту.

Тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізеді.

 

Мүсіндеу

Сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.

Сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие.

 

Жапсыру

Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.

Бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қояды.

 

Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен құрастырту.

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастырады.

 

Музыка

Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу. Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.

Музыкалық шығармалардың сипатын ажыратады (баяу және көңілді әндер).

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру. Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.

Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Қараша

Дене шынықтыру

Құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.

Допты нысанаға лақтырады; доптарды заттардың арасымен, бір-біріне домалатады.

 

 

Сөйлеуді дамыту

Балалардың сөздік қорын: ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен таныстыру.

Ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін сөздерді атайды.

 

Көркем әдебиет

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.

Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталап ойнайды.

 

Сенсорика

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыру.

Ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады.

 

Сурет салу

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу.

Түстерді ажыратады және оларды дұрыс атайды.

 

Мүсіндеу

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру) үйрету.

мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді)

 

Жапсыру

Қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне құрастырады.

 

Құрастыру

Өз бетінше құрастыру.

Құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алады.

 

Музыка

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.

Қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажыратады.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) мен жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.

Дәмі, сыртқы белгілері бойынша көгөністер мен жемістерді ажыратады және атайды.

 

 

 

 

 

 

                                                                                           

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Желтоқсан

Дене шынықтыру

Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) жүгіру.

Заттардың бойымен, астымен еңбектейді; ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады.

 

Сөйлеуді дамыту

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға  (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.

Сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) қайталап айтады.

 

Көркем әдебиет

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Артикуляциялық жаттығуларды орындайды.

 

Сенсорика

Түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі қасиеттері бойынша салыстырады

 

Сурет салу

Дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу.

Өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.

 

Мүсіндеу

Сазбалшықты өздігінен илеуді  үйрету.

Сазбалшықты өздігінен илей алады.

 

Жапсыру

Материалдарды қолданудың қарапайым әдістерін үйрету.

Фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады.

 

Құрастыру

Кеңістік қатынастарды түсіну.

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды.

 

Музыка

Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру.

Педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, жекелеген сөздер мен буындарды қосып айтады.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану. Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу) белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу.

Тұрмыстық қарапайым әрекеттерді орындай отырып, ересектерге еліктейді; жақындарына жанашырлық, қамқорлық танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

 

Қаңтар 

 

Дене шынықтыру

 

Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

 

Ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады.

 

Сөйлеуді дамыту

Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету. Еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу - жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен; заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.

Еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін сөздерді біледі.

 

Көркем әдебиет

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.

көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды.

 

Сенсорика

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.

Қарапайым көру-қимыл үйлесімділігін меңгерген.

 

Сурет салу

Дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

Қағаз бетін бағдарлайды.

 

 

Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру.

 

Мүсіндейтін заттарды зерттейді.

 

Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға үйрету.

 

Фланелеграфта қарапайым композицияларды  құрастырады.

 

Құрастыру

Құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

 

Ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнайды.

 

Музыка

Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.

Әндегі сөз тіркестерін айтады (ересектермен бірге).

 

Қоршаған ортамен таныстыру

 

Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.

Басқа балалармен бірге, келісіп ойнайды, бір-біріне көмектеседі және жетістіктеріне бірге қуанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Ақпан

Дене шынықтыру

Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

Заттардың бойымен, астымен еңбектейді.

 

Сөйлеуді дамыту

Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдер мен етістіктерді, сын есімдерді қолданады.

 

Көркем әдебиет

Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Оқылған шығармадағы жекелеген сөздерді қосылып қайталап айтады; таныс шығармаларды көрнекіліксіз тыңдайды.

 

Сенсорика

Заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастырады

 

Сурет салу

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту.

Қағаз бетіне бояулармен сызықтар, жақпалар салады.

 

Мүсіндеу

Заттардың ұқсастықтарын табу.

 

Дайын болған бұйымды тұғырға орналастырады.

 

Жапсыру

Фланелеграфта геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді орналастырады.

Геометриялық фигураларды орналастырады.

 

Құрастыру

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау.

Өз бетінше құрастыруға тырысады.

 

Музыка

Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарымен таныстыру.

Музыкалық аспаптарды ажыратады (барабан, бубен, сылдырмақ, асатаяқ); бұрын естіген әндерді таниды.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез құлқына, сыртқы түріне назар аударады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Наурыз

Дене шынықтыру

Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.

Доптарды заттардың арасымен, бір-біріне домалатады.

 

Сөйлеуді дамыту

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен  таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.

Қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады.

 

Көркем әдебиет

Балалардың назарын бесік жырларына, халық әндеріне, ертегілерге, авторлық шығармаларға  аудару.

Бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерді, авторлық шығармаларды тыңдайды.

 

Сенсорика

Заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

Заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді.

 

Сурет салу

Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.

Дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелейді.

 

Мүсіндеу

Кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа  арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу.

Кесе, тостаған, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдетеді.

 

Жапсыру

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.

Симметриялық пішіндерді, ою-өрнектерді орналастырады.

 

Құрастыру

Қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.

Қорапқа құрылыс бөлшектерін жинастырады.

 

Музыка

Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту. Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу. Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарын тарсылдатады, қолдың білектерін айналдырады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Сәуір

Дене шынықтыру

Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге, 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.

Заттардың бойымен жүріп секіреді, ересектермен бірге жасай алады.

 

Сөйлеуді дамыту

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру.

Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолданады.

 

Көркем әдебиет

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.

Кітаптардағы иллюстрацияларды қарайды, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, ойындарда кейіпкерлердің бейнелерін қарапайым түрде бере алады.

 

Сенсорика

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.

Заттардың санын ажыратады (біреу-көп).

 

 

Сурет салу

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

Қағаздың қасиеттерін біледі.

 

Мүсіндеу

Жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жұмыстан кейін материалдарды жинастырады.

 

 

Жапсыру

Кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.

Түстерімен орнастыра алады.

 

Құрастыру

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау.

Табиғи материалдармен (құм, су, тас) ойнайды.

 

 

Музыка

Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру. Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу; денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу. Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау

Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсетеді (қоян секіреді, құс ұшады).

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға), үй құстарын  (тауық, қаз, үйрек) тану.

Дала құстарын және үй құстарын таниды және атайды.

 

 

 

 

 

 

 

Айы

 

 

 

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

 

 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

 

 

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

 

Мамыр

 

Дене шынықтыру

 

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету. Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу. Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.

 

Бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындайды; бетін, қолдарын өз бетінше жуады.

 

Сөйлеуді дамыту

Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату

Ересектердің сөзін түсінеді, өз ойын айтады.

 

Көркем әдебиет

Шағын тақпақтарды қайталап айтқызу.

Педагогтің көмегімен шағын тақпақтарды қайталап айтады.

 

Сенсорика

Заттарды салыстыруға мүмкіндік беру.

Түсі, көлемі, пішіні бойынша заттарды өз бетінше зерттейді және салыстырады.

 

Сурет салу

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

Қағазға және құмға сурет салудың бастапқы техникасын меңгерген.

 

Мүсіндеу

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру.

Мүсінделген заттардың пішіндерін таныс заттармен салыстырады.

 

Жапсыру

Кейбір бейнелерді орындарына орналастыру.

Кейбір бейнелерді орналастыра алады.

 

Құрастыру

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту, үстіне, жанына қою.

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды.

 

Музыка

Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту. Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдарды: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеуді орындайды.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

«Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен, серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (лас суды ішпеу, құмды шашпау, тастарды лақтырмау) таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінеді; серуенде, сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерін біледі; көлік, көше, жол туралы бастапқы түсініктері бар, көлік құралдарының кейбір түрлерін біледі.

 

 

 

 

 


Текст