Түсінік хат
2024–2025 оқу жылында Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы«Балауса » шағын орталығының ересек тобы балаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалық жоспарын құрастыруда төмендегі нормативті-құқықтық құжаттарды басшылыққа алды:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығының 1,2,3 - қосымшасы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығымен (2022 жыл 14 қазан №422 бұйрық өзгерістер мен толықтырулар) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
- «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды топтарында тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хаты («Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми – әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылды 2022 жылғы 26 шілдедегі №7 хаттама.Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру мерзімі бір жас тобында – 1 жыл. Күтілетін нәтижелері перспективалық жоспарда әр айда көрсетілген.
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
|||
Қыркүйек
|
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: өкшемен жүру: сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) тепе-теңдікті сақтап жүру; аяқтың ұшымен жүгіру; 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша еңбектеу; бір орында тұрып секіру; заттардың арасымен доптарды домалату : сапқа тұру: Ырғақтық жаттығулар: таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, (бір уақытта кезекпен) төмен түсіру; екі қолды белге қойып, оңға-солға бұрылу; ( жылдам және бір қалыпты) аяқтың ұшына көтерілу және тұру; Спорттық жаттығулар: велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу. Қимылды ойындар: қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Дербес қимыл белсенділігі: балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру: балаларға адамның дене және сезім мүшелері, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру. Мәдени- гигиеналық дағдыларды жетілдіру: балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары: өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру. Сауықтыру-шынықтыру шаралары: шынықтырудың барлық түрлерін жүргізу. |
Өкшемен, сызықтарның арасымен тепе-теңдік сақтап жүреді, аяқтың ұшымен жүгіреді. доптарды домалатады, заттарды қашықтыққа лақтырады, доптарды кедергілер арқылы лақтырады және қағып алады; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие; |
|||
|
||||||
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту. Сөздік қор: айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту. Тілдің грамматикалық құрылымы: сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға үйрету. Байланыстырып сөйлеу: диалогтік сөйлеуді жетілдіру. |
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады; |
||||
Көркем әдебиет |
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу. |
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды; |
||||
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта: айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік беру; Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды,фонематикалық естуді дамыту ; Сөздік қор: қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің ,жануарлардың құстардың,табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру ; Тілдің грамматикалық құрылымы : сөздерді жіктеп қолдана білуге үйрету Байланыстырып сөйлеу: қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы,лепті,бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге мүмкіндік беру. |
Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар меқұбылыстар туралы біледі. Қоршаған ортадағы заттардың, жануарлар мен табиғат құбылыстарының атауларың түсінеді,атайды. Сөздерді жіктеп қолдана біледі Қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы,лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап береді |
||||
Математика негіздері |
Жиын: балаларға жиын ұғымын таныстыру. Сан, санау: 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту. Шама: заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. Геометриялық пішіндер: балаларды геометриялық фигураларды үйрету. Кеңістікті бағдарлау: кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау. Уақытты бағдарлау: тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері; |
5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды; |
||||
Сурет салу |
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бірбіріне арақатынасын беру. |
Жеке заттарды және сюжеттік композицияларды салады; |
||||
Мүсіндеу |
Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу. |
Мүсіндеуді қызығушылықпен орындайды; ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндейді; |
||||
Жапсыру |
Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту. Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызық бойымен алдымен қысқа, кейін ұзын жолақтарды қиюды үйрету. |
Қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады; |
||||
Құрастыру |
Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру Қағаздан құрастыру: қағаздан құрастыруға үйрету. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ертұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары). |
Құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады; қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, тұрмыстық заттарын, олардың қандай материалдан жасалғанын біледі; |
||||
Музыка |
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту. Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, Балалар музыкалық аспаптарында ойнау |
Музыканың мазмұны туралы айтады; әнді мәнерлеп, айтады; әнді топпен бірге бастап, бірге аяқтайды; марш сипатын ырғақты жүрумен береді музыка жанрларын анықтайды; Балалар музыка аспаптарында ойнайды. |
||||
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Бала, оның отбасы, үйі: баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Заттық әлем: балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Байланыс және қозғалыс құралдары: қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Еңбекке баулу: балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу. Адамгершілік және патриоттық тәрбие: балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге тәрбиелеу. Менің -Отаным Қазақстан: Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Жолда жүру ережелері: көлік түрлерімен таныстыру. Өлі табиғат заттары мен заттары: табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту. Өсімдіктер әлемі: өсімдіктер, оларға күтім жасау. Жануарлар әлемі: төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы). Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары: қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту |
Бала өзінің «Мен» бейнесін көрсетеді, еңбек етуге қызығушылық танытады; өз Отанын – Қазақстан Республикасын мақтан тұтады; көлік түрлері мен жол түрлерін атайды; өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі; көшеде, аулада, алаңда, мектепке дейінгі ұйым аумағында қауіпсіз мінезқұлық ережелерін сақтайды;
|
||||
|
||||||
Айы |
Ұйымдастырыл ған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
|
Қазан |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: аяқтың сыртқы қырымен жүру; сызықтардың арасымен тепе-теңдік сақтап жүру; тізені жоғары көтеріп жүгіру; көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу; қос аяқпен секіру; құрсауларды бір-біріне домалату; сап түзеу; Ырғақтық жаттығулар: таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолдарын арқасына апару; оңға, солға еңкею, шалқаю; екі аяқты кезекпен алға қою, алдымен өкшені, содан кейін аяқтың ұшын қою, тарсылдату; Спорттық жаттығулар: велосипед тебу: оңға, солға бұрылу. Қимылды ойындар: таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Дербес қимыл белсенділігі: дене шынықтыру құралдарын қолдану. Салауатты өмір салтын қалыптастыру: тамақтану тәртібін сақтаудың және көгөністер мен жемістердің, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру. Мәдени- гигиеналық дағдыларды жетілдіру: өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары: өз бетінше киіну мен шешінуді, Сауықтыру-шынықтыру шаралары: жалпы және жергілікті су шараларын жүргізу: |
Аяқтың сыртқы қырымен жүреді; сызықтардың арасымен тепе-теңдікті сақтап, жүреді; тізені жоғары көтеріп жүгіреді; ұзындыққа қос аяқпен секіреді; шынықтыру түрлерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген; |
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Сөздік қор: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, Тілдің грамматикалық құрылымы: көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету; Байланыстырып сөйлеу: әңгімеге қатысуға баулу, |
Ақырын, жылдам сөйлейді; сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс, анық айтады; |
||
Көркем әдебиет |
Балаларды тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға үйрету. |
Таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады; |
||
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Айналасындағы өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды талқылауға мүмкіндік беру Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту Сөздік қор Туыстық қарым-қатынасты (сіңлі, жеңге,нағашы, жиен,бөле)білдіретін сөздерді үйрету Тілдің грамматикалық құрылымы Сөздерді тәуелдеп қолдана білуге уйрету Байланыстырып сөйлеу өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді ажырата білуге баулу |
Айналасындағы өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды талқылайды. Туыстық қарым-қатынасты (сіңлі, жеңге,нағашы, жиен,бөле)білдіретін сөздерді біледі. Өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді ажырата біледі |
||
Математика негіздері |
Жиын: оның әртүрлі түстегі, пішіндегі туралы түсінік беру; Сан, санау: реттік сан есімдерді атау; Шама: ұзындығы, енін салыстыру. Геометриялық фигуралар: балаларды денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету Кеңістікті бағдарлау: берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен); Уақытты бағдарлау: «бүгін» туралы ұғымдарын кеңейту. |
Екі затты ұзындығы, ені бойынша салыстырады; «бүгін», ұғымын ажыратады; |
||
Сурет салу |
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту |
Қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына қызығушылық танытады; |
||
Мүсіндеу |
Әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. |
Мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады; |
||
Жапсыру |
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану |
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қияды; |
||
|
||||
Құрастыру |
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру; Қағаздан құрастыру: қағаздың парағын ортасынан бүктеуге, шиыршықтауға үйрету. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардыңқандай материалдан жасағанын зерттеу. |
Құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындайды; |
||
Музыка |
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Музыканың сипатын сезінуге үйрету әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру марш сипатын ырғақты жүріспен беру, Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану. |
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтайды (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдайды); әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтады; |
||
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеу. Заттық әлем: жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру. Байланыс және қозғалыс құралдары: әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Еңбекке баулу: берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: Адамгершілік және патриоттық тәрбие: ренжіген балаға жанашырлық танытуға үйрету; Менің -Отаным Қазақстан: балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Жолда жүру ережелері: жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол); Өлі табиғат заттары мен заттары: бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел соқты) Өсімдіктер әлемі: бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін түсіндіру. Жануарлар әлемі: төрт түлік мал оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары: қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру; |
Ойын ашық айтады, өзінің пікірін білдіреді, өзімен санасқанды, өзін құрметтегенді ұнатады; айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіреді; бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілейді; өзара көмек беруге дайын, ренжіген балаға жанашырлық танытады; қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениетінің ережелерін біледі; |
Айы |
Ұйымдастырыл ған іс-әрекеті
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Қараша |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: адымдап жүру; арқанның үстімен тепе-теңдік сақтап жүру: адымдап жүгіру; етпетімен жатып еңбектеу; 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру; заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес), сапқа қайта тұру. Ырғақтық жаттығулар: таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды белге қою, кеуде тұсына қою; тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру; қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Спорттық жаттығулар: екі немесе үш дөңгелекті велосепед тебу: Қимылды ойындар: ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту; Дербес қимыл белсенділігі: спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру; Салауатты өмір салтын қалыптастыру: «Денсаулық - зор байлық» сөзінің мәнін түсіну; Мәдени- гигиеналық дағдыларды жетілдіру: тамақтанар алдында қолды өз бетінше сабынмен жууға үйрету. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары: тісін тазалауды жетілдіру; Сауықтыру-шынықтыру шаралары: дымқыл шүберекпен сүртіну. |
Адымдап, сапта бір-бірінің артынан, әртүрлі бағытта жүгіреді; ұзындыққа қос аяқпен секіреді; екі, үш дөңгелекті велосипед тебеді, қимылды ойындарда физикалық қасиеттерді: жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік көрсетеді өз бетінше ойнайды және спорттық ойындардың ережелерін сақтайды; |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: артикуляциялық аппаратты жетілдіру Сөздік қор: заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану; Тілдің грамматикалық құрылымы: зат есімдерді жекеше және көпше түрде айтуға үйрету; Байланыстырып сөйлеу: диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. |
Естіген дыбыстарды дұрыс айтады; белгілі дыбысқа ауызша сөздерді табады; Зат есімдерді жекеше және көпше түрде айтады; |
|
Көркем әдебиет |
Қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға үйрету. |
Шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды; тақпақтарды, санамақтарды, өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады; дауыс күшін өзгерте отырып, әртүрлі интонацияларды жаңғыртады; |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Ұжымдық әңгімеге қатысуға,әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге баулу. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қазақ тіліне тән ә дыбысын жеке,сөз ішінде анық айтуға баулу Сөздік қор Өзінің отбасы,отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт дәстүрлер туралы айтуға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Сөздерді септеп қолдана білуге уйрету Байланыстырып сөйлеу Өзі мен құрдастарының жауаптарының дұрыстығын ажырата білуге баулу |
Ұжымдық әңгімеге қатысуға,әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлейді Қазақ тіліне тән дыбысын жеке,сөз ішінде анық айтады Сөздерді септеп қолдана біледі Өзі мен құрдастарының жауаптарының дұрыстығын ажырата біледі |
|
Математика негіздері |
Жиын: заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру; Сан, санау: сандарды реті бойынша атауға «нешінші?» сұрағына жауап беруге үйрету. Шама: биіктігі бойынша екі затты салыстыру; Геометриялық фигуралар: геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу; Кеңістікті бағдарлау: заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыру; Уақытты бағдарлау: «кеше» туралы ұғымдарын кеңейту. |
Биіктігі бойынша салыстырады; геометриялық фигураларды көру және сипап сезу арқылы зерттейді; «кеше» ұғымын ажыратады; |
|
Сурет салу |
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа |
Заттарды пішінін, түсін ескере отырып салады; |
|
Мүсіндеу |
Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету. |
Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістейді; |
|
Жапсыру |
Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету. |
Қысқа және ұзын жолақтарды қияды; |
|
Құрастыру |
Құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау; Қағаздан құрастыру: қағазды көлемді пішіндерге, орамдарға айналдыра білу. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) заттардан құрастыру. |
құрылыс бөлшектерін ажыратады; қағаз парағын түрлендіреді; табиғи заттардан құрастырады; |
|
Музыка |
Музыканың сипатын сезінуге үйрету, ((секста, септима шегінде жоғары, төмен), Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. таныс шығармаларды білу, (ре-си бірінші октава шегінде) әнді созып айтуды қалыптастыру музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; Ағаш қасықтармен, сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау. |
Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны біледі, оның даусын таниды; (ре-си бірінші октава шегінде) әнді созып айтады; музыканың қимылдық сипатын жеңіл, ырғақты жүгірумен береді; |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Заттық әлем: қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Байланыс және қозғалыс құралдары: көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу. Еңбекке баулу: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Адамгершілік және патриоттық тәрбие: ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне көз жеткізіп себебін анықтау. Менің -Отаным Қазақстан: Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жолда жүру ережелері: бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Өлі табиғат заттары мен заттары: балаларды ауа райына сәйкес киіндіру; Өсімдіктер әлемі: өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау. Жануарлар әлемі: жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары: балаларда мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруды жалғастыру. |
Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді; ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрайды; Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарайды; өсімдіктердің өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін түсінеді; жабайы аңдарды, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуін біледі; сыпайы түрде өз өтінішін білдіреді, көрсеткен қызметі үшін алғыс айтады; |
|
|
|
Айы |
Ұйымдастырыл ған іс-әрекет |
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
Желтоқсан |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: жан-жаққа қосалқы қадаммен жүру (оңға және солға), тақтайдың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру, сапта бір-бірден жүгіру, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып еңбектеу; оңға, солға бұрылып секіру; оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға лақтыру (2–2,5 метр қашықтықтан), бір-бірден сапқа тұру. Ырғақтық жаттығулар: таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолдарын алға-артқа сермеу; тізерлеп отырып, допты өзінен айналдыра домалату; екі қолды белге қойып, екі жаққа созып, отыру. Спорттық жаттығулар: шанамен сырғанау: мұз жолымен өз бетінше сырғанау. Қимылды ойындар: қимылды ойындарда жетекші рөлді орындауға үйрету; Дербес қимыл белсенділігі: балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға үйрету; Салауатты өмір салтын қалыптастыру: өзінің жасаған ісәрекетінің ағзаға әсерін түсіну. Мәдени- гигиеналық дағдыларды жетілдіру: дәретханаға барғаннан кейін қолды жууға үйрету. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары: киімдерді жинауға үйрету; Сауықтыру-шынықтыру шаралары: аяқтарды, денені шаю; |
Тақтайдың үстімен тепе-теңдікті сақтап, жүреді; гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, еңбектейді; шанамен сырғанайды және мұзды жолдармен өз бетінше сырғанайды; доптарды домалатады |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту; Сөздік қор: баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау; Тілдің грамматикалық құрылымы: сан есімдерді ретімен атауға; Байланыстырып сөйлеу: балаларды әңгіме айтуға үйрету; |
Өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларын біледі; сан есімдерді ретімен атайды, |
|
Көркемәдебиет
|
Шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу. |
Шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды; әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Бейнелеу құралдарын қолдана отырып,еркін ойындарда өз және құрдастарының әрекетін түсінуге баулу Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қазақ тіліне тән қ дыбысын жеке,сөз ішінде анық айтуға баулу Сөздік қор Төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын таныстыру: «қойшы», «жылқышы», «түйеші», «сиыршы» аталған атаулардың олардың еңбегімен байланыстылығын түсіндіру Тілдің грамматикалық құрылымы Етістіктің болымсыз түрін қолдана білуге уйрету Байланыстырып сөйлеу Өзі мен құрдастарының жауаптарында дұрыс жауабын ұсынуға мүмкіндік беру. |
Бейнелеу құралдарын қолдана отырып,еркін ойындарда өз және құрдастарының әрекетін түсінеді. Төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын таныстыру: «қойшы», «жылқышы», «түйеші», «сиыршы» аталған атаулардың олардың еңбегімен байланыстылы-ғын түсінеді |
|
Математика негіздері |
Жиын: тең немесе тең еместігін анықтай білу. Сан, санау: қорытынды санды атауға, «барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету; Шама: екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып салыстыру; Геометриялық фигуралар: сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау); Кеңістікті бағдарлау: заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу (менің алдымда үстел, сол жағымда орындық тұр); Уақытты бағдарлау: «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту. |
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие; сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру; нәтижелерін атайды; «ертең» ұғымдарын ажыратады; |
|
Сурет салу |
Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін: «құс қанаты», «бүршік», «қызғалдақ», «қошқар мүйіз», «қой ізі», «құс тұмсық», «бота мойын», «ботакөз», «ирек», «су» суретін салу, элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау. |
Қазақ оюларының элементтерін салады, оларды қағаз бетінде дұрыс орналастырады; |
|
Мүсіндеу |
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру. |
Бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады; |
|
Жапсыру |
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу. |
Жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды түрлі тәсілдермен қияды; бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді; |
|
Құрастыру |
Оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау: Қағаздан құрастыру: қағазды ілмекке айналдыра білу. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. |
Заттарды өз бетінше сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдайды; қалдық заттардан құрастырады; |
|
Музыка |
Таныс шығармаларды білу, Әуенді таза және сөздерді анық айтуға үйрету. тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.
|
Таныс шығармаларды таниды қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды біледі; музыканың ырғағымен жүреді, |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Заттық әлем: қазақ халқының ұлттық киімдерімен, әшекейлерімен таныстыру: Еңбекке баулу: топты және ойын алаңын таза ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу; Адамгершілік және патриоттық тәрбие: әділ болған жағдайда әрекет еткен баланың әрекеттерін қолдауға үйрету; Менің -Отаным Қазақстан: Отан қорғаушылар, Қазақстан Республикасының әскері туралы ұғымдарын кеңейту; Жолда жүру ережелері: бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Өлі табиғат заттары мен заттары: қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды); Өсімдіктер әлемі: өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Жануарлар әлемі: бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектердің, қоңыздардың, кейбір құстардың болмауы; Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары: амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу, |
Ойыншықтарға ұқыпты қарайды; ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектеседі; жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді салыстырады, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды біледі; мінез-құлық мәдениетінің және айналасындағылар мен әдепті қарым-қатынас негіздерін біледі; |
|
|
|
|
Айы |
Ұйымдастырыл ған іс-әрекет |
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
Қаңтар |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: сапта бір-бірден жүру; гимнастикалық скамейканың бойымен тепе-теңдік сақтау; шеңбер бойымен жүгіру; алға қарай еңбектеу; аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру)секіру; 1,5 метр қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 метр)лақтыру; шеңберге тұру; Ырғақтық жаттығулар: таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды иыққа қойып, шынтақтарын бүгіп, қолдарын айналдыру; бір аяқты жоғары көтеріп, жоғары көтерілген аяқтың астынан затты бір қолдан екінші қолға беру; тізені бүгу, алға созу, қайтадан бүгу және түсіру; Спорттық жаттығулар: шанамен сырғанау: төбешіктен сырғанау,бір-бірін сырғанату; Қимылды ойындар: ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу; Дербес қимыл белсенділігі: балаларды қимылды ойындарға қатысуға тарту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру: тістерді тазалаудың пайдасын ұғындыру; Мәдени- гигиеналық дағдыларды жетілдіру: ластанған кезде қолды жууға үйрету; Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары: киімдерді ілу, ересектердің көмегімен оларды тазалау; Сауықтыру-шынықтыру шаралары: әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шаю; |
Заттарды қашықтыққа лақтырады, гимнастикалық скамейканың бойымен тепе-теңдікті сақтап, жүреді; шынықтыру түрлерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген; тістерді тазалаудың пайдасын; жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын сақтайды; |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу; Сөздік қор: сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру; Тілдің грамматикалық құрылымы: оларды зат есімдермен септіктерде; Байланыстырып сөйлеу: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттер арқылы сөйлеу; |
Ақырын, жылдам сөйлейді; адамдардың мамандықтарын білдіретін зат есімдерді, еңбек әрекетін білдіретін етістіктерді біледі; |
|
Көркем әдебиет |
Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға үйрету; |
Шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды; |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Сахналық қойылымда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл күйін жеткізуге баулу Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қазақ тіліне тән ү дыбысын жеке,сөз ішінде анық айтуға баулу Сөздік қор Төрт түлік иелерінің төлдерді қалай шақыратынын балалардың өздеріне айтқызу Тілдің грамматикалық құрылымы есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге уйрету Байланыстырып сөйлеу Бір-біріне неге? не үшін? деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қоюға мүмкіндік беру |
Сахналық қойылымда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл күйін жеткізеді. Төрт түлік иелерінің төлдерді қалай шақыратынын біледі Бір-біріне неге? не үшін? деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қояды. |
|
Математика негіздері |
Жиын: оның әртүрлі өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, Сан, санау: екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету; Шама: жуандығы бойынша заттарды салыстыру, Геометриялық фигуралар: жоғары-төмен; Кеңістікті бағдарлау: заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу ; |
Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстырады; екі затты ұзындығы, ені, және биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады; |
|
Сурет салу |
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру). |
Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктерді таниды; |
|
Мүсіндеу |
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. |
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады; |
|
Жапсыру |
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру. |
Ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіреді; |
|
Құрастыру |
Өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру; Қағаздан құрастыру: қағаздың бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу; Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру; |
Өз бетінше ойдан құрастырады; бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастырады; табиғи заттардан құрастырады; |
|
Музыка |
Тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, үйрету. музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, үйрету. Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау. |
Тыңдалған музыкадан алған әсерлерімен бөліседі; әнді созып, орындайды; қимылдарды музыкамен сәйкестендіреді, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгертеді; |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету; Заттық әлем: көлік түрлерінің қолданысын (әуе, су, жерде жүретін көліктер) ажырата білуі; Еңбекке баулу: топта кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындауға үйрету: нан салғыштарды, кружкаларды, тәрелкелер мен майлықтарды, ас құралдарын (қасықтар, шанышқылар) ретімен қою; Адамгершілік және патриоттық тәрбие: бірге, келісіп ойнауға, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөлісуге үйрету; Менің -Отаным Қазақстан: Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу; Жолда жүру ережелері: жаяу жүргіншілерге арналған ережелер; Өлі табиғат заттары мен заттары: ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, судың қасиеттерін анықтау. Өсімдіктер әлемі: өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман, бақша), Жануарлар әлемі: қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы; Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары: ересектердің әңгімесіне араласпау, өз өтінішін сыпайы түрде білдіру; |
Жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді салыстырады, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды біледі; өз Отанын – Қазақстан Республикасын мақтан тұтады; жолда жүру ережелерін біледі; көлік түрлері мен жол түрлерін атайды; ыдыстарға ұқыпты қарайды; ересектердің әңгімесіне араласпайды; |
|
|
|
|
Айы |
Ұйымдастырыл ған-әрекет |
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Ақпан |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар:жүруді жүгірумен алмастырып жүру;бөрененің бойымен жүру, қолды екі жаққасозып,жыланша жүгіру;50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу; төрт тағандап еңбектеу, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 сантиметр) секіру; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан). Ырғақтық жаттығулар:Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау. Жалпы дамытушы жаттығулар:Қолды алға созып, саусақтарды жұму және ашу, Отырған қалыпта екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Аяқтың ұшын созу, өкшені айналдыру. Спорттық жаттығулар:шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; Қимылды ойындар:Секіргіштермен ойналатын қимылды ойындар. Дербес қимыл белсенділігі: Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға,қимылды ойындарға қатысуға тарту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Денсаулық - зор байлық» сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған ісәрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдыналуға болатынын түсіну. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру:Тамақты асықпай шайнауға үйрету. Сауықтыру шаралары: Тыныс алу жолдарын шынықтыру. |
жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүреді; |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: Дикция бойынша жұмысты жалғастыру. Сөздік қор:Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз), заттардың орналасқан жерін (сол, оң, қатар, жанында, арасында) бекіту. Тілдің грамматикалық құрылымы: жекеше және көпше түрде сөздерді қолдануға үйрету. Байланыстырып сөйлеу:бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға үйрету. |
зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып айтады; өзі зерттеген заттарды, суреттерді сипаттайды |
|
Көркем әдебиет |
Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға үйрету. |
әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай алады; шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды. |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Өз бетінше кітаптарды қарауға үйрету Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қазақ тіліне тән ә, ө дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор төрт түлік атауларын дұрыс айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру Тілдің грамматикалық құрылымы Сөз тіркесін құрастыруға үйрету Байланыстырып сөйлеу Шағын шығармаларды мазмұны бойынша қайталап айтуға баулу |
Өз бетінше кітаптарды қарайды. Ә дыбысын өздігінен дұрыс айтады. Төрт түлік атауларын дұрыс айтады. Шағын шығармаларды мазмұны бойынша дұрыс қайталап айтады. |
|
Математика негіздері |
Сан, санау:теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Шама:Салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, Геометриялық пішіндер: Сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау. |
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие. |
|
Музыка |
музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету. әнді тыңдауға ынталандыру, жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен). қимылдарды музыкамен сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгертуді үйрету. Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану. |
Музыкалық шығарманы тындайды. әндерді сүйемелдеумен орындайды музыканың ырғағын нақты береді, қос аяқпен еркін және жеңіл секіреді; |
|
Құрастыру |
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау Қағаздан құрастыру:Қағаздың қырларын біріктіру, желімдеуге үйрету. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып құрастыру. |
құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады; |
|
Сурет салу |
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау. |
сурет салуда әртүрлі түстерді қолданады, көп түске назар аударады; суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояу тәсілдерін біледі; |
|
Мүсіндеу |
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу |
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады |
|
Жапсыру |
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру. |
қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді; |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру).Заттық әлем:Көлік түрлері және қолданылуы машинаның жабдықтарына байланысты екені туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) туралы білу. Еңбекке баулу:нан салғыштарды, кружкаларды, тәрелкелер мен майлықтарды, ас құралдарын (қасықтар, шанышқылар) ретімен қою.Шамасы келетін жұмысты орындау кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, оларды суару, жапырақтарды жинау, ауладағы гулдерді суару, қыстайтын құстардықоректендіру. Адамгершілік және патриоттық тәрбие:Қарапайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Менің Отаным – Қазақстан:Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласы. Жолда жүру ережелері:Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Өлі табиғат құбылыстары мен заттары:Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды.т.б. Өсімдіктер әлемі:Өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру Жануарлар әлемі:қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары:Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау. |
сыпайы түрде өз өтінішін білдіреді, көрсеткен қызметі үшін алғыс айтады; өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларына ие; көшеде, аулада, алаңда, мектепке дейінгі ұйым аумағында қауіпсіз мінезқұлық ережелерін сақтайды; |
|
|
|
|
|
Айы |
Ұйымдастырыл ған -әрекет
|
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Наурыз |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар:Жүруді секірумен алмастырып , қолды екі жаққа созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу; шашырап жүгіру; құрсаудан еңбектеп өту, 20–25 сантиметр биіктіктен секіру, допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет). Жалпы дамытушы жаттығулар: Қолдың білектерін айналдыру, Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Аяқтың бақайларымен жіпті жинау, құм салынған қапшықтарды өкшелермен қысып алып, бір орыннан екінші орынға қою. Спорттық жаттығулар: ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу. Қимылды ойындар:Құрсаулармен ойналатын қимылды ойындар. Дербес қимыл белсенділігі: Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін салмақты реттеу Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру: асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану Сауықтыру шаралары: Қимылдауға ыңғайлы, жеңіл киіммен желдетілген бөлмеде дене жаттығуларын орындау. |
доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен қимылды ойындарды ойнайды; өз бетінше ойнайды және спорттық ойындардың ережелерін сақтайды; жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын сақтайды; өзінің сыртқы келбетін өз бетінше реттейді; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту. Сөздік қор: Тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін және мағынасы қарамақарсы антоним сөздермен байыту. Тілдің грамматикалық құрылымы:зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға Байланыстырып сөйлеу:Шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға жаттықтыру. |
тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді; қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарын таниды, атайды; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді; тұрмыстық электротехника заттарын таниды және атайды; |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Алған әсері мен қалауын білдіруге баулу Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Қ , і дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор Баланың сөздік қорын дамытуда санамақ жаттауға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Зат есімді үйрету Байланыстырып сөйлеу Шағын шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу |
Алған әсері мен қалауын білдіре алады. қ, і дыбыстарын өздігінен дұрыс айтады. Санамақты жатқа айтады. Зат есімдерді атайды.шағын шығармалар бойынша сұрақтарға жауап береді |
|
Көркемәдебиет |
Мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға үйрету. |
өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады |
|
Математика негіздері |
Сан, санау:Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «қанша болды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Шама: Салыстыру нәтижелері бойынша енді - енсіз? биік-аласашамаларымен танысу. Геометриялық пішіндер: сөйлеуде сын есімдерді қолданып жоғары-төмен,үғымдарымен танысу.
|
бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстырады шаманы салыстыруда үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданады |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі:Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір-қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу Заттық әлем: телефон, компьютер, теледидардың қолданылуы Еңбекке баулу: Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру. Адамгершілік және патриоттық тәрбие: ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу. Менің Отаным-Қазақстан:Республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары. Жолда жүру ережелері: Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту Өлі табиғат құбылыстары мен заттары: Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Өсімдіктер әлемі: Өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман, бақша), гүлдер (бөлме, бақша, шабындық), бұталар және ағаштар (бақша, орман). Жануарлар әлемі: көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары: Қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу |
ересектердің және отбасы мүшелерінің мамандықтары, еңбегі туралы біледі, оларға қызығушылық танытады. |
|
Құрастыру |
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау Қағаздан құрастыру:Қағаздан бөлшектерді өзара желімдеп үйрету. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру. |
Бөлшектерді өзара желімдейді. |
|
Сурет салу |
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту. |
Қазақ оюларының элементтерін салады, оларды қағаз бетінде дұрыс орналастырады; |
|
Мүсіндеу |
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу |
Қазақ халқының тұрмыстық заттарын мүсіндеуге қызығушылық танытады. |
|
Жапсыру |
Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру. |
заттарды дайын пішіндердің көмегімен және өз бетінше ойдан қиып жапсырады; |
|
Музыка |
қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату. музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту. қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату. Аспаптың сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен). музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдауға дағдыландыру шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау. |
Домыра аспабымен орындалған күйлер мен әндерді біледі әнді сүйемелдеусіз орындайды; музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды; қимылдарды орындауда шапшаңдық пен ептілік танытады; ағаш қасықтар, сылдырмақтар, асатаяқ, сазсырнай, домбырада қарапайым әуендерді ойнайды. |
Айы |
Ұйымдастырыл ған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже |
Сәуір |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар:Бағытты және қарқынды өзгертіп жүру; қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 сантиметр, биіктігі 30-35 сантиметр) жүру; қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, шашырап жүгіру; түрлі тапсырмаларды орындай отырып, гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелеу, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 сантиметр),секіру. Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру Жалпы дамытушы жаттығулар:Қолды кеуденің алдына қою, желкеге қою, иықтарды түзеп, екі жаққа бұрылу. Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю, екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Түрегеліп тұрып, аяқтың бақайларымен орамалдарды, тағы басқа ұсақ заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Спорттық жаттығулар: велосипед тебу; оңға, солға бұрылу. Қимылды ойындар:ойындарда балалардың белсенділігін дамыту. Дербес қимыл белсенділігі:Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру:, тамақтанып болғаннан кейін аузды шаю. |
Доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен қимылды ойындарды ойнайды; өз бетінше ойнайды және спорттық ойындардың ережелерін сақтайды; жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын сақтайды; өзінің сыртқы келбетін өз бетінше реттейді; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие |
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: Фонематикалық естуді дамыту: Сөздік қор: Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, «қонақ кәде», «сыбаға»,ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы. Тілдің грамматикалық құрылымы: етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір). Байланыстырып сөйлеу:бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу. |
Қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарын таниды, атайды; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді; |
|
Көркем әдебиет |
Еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға үйрету |
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды. |
|
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Сәлемдесуде өтінішін білдіруге, ырзашылдығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ү дыбысын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор Баланың сөздік қорын дамытуда тақпақ жаттауға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Сын есімді үйрету Байланыстырып сөйлеу Шағын ертегі, шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге баулу |
Сәлемдесуде, өтінішін білдіруде сыпайы сөйлейді. Ү дыбысын өздігінен дұрыс айтады. Тақпақты жатқа айтады. Шағын Ертегі,шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. |
|
Математика негіздері |
Сан, санау:5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру. Шама:Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру. Геометриялық пішіндер: қалың-жұқа немесе ұзындығы ұғымдарын үйрету. |
5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды. |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі: Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Заттық әлем: Қоршаған орта заттарын пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері туралы білу. Еңбекке баулу: Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру, оған ұқыпты қарауға баулу. Адамгершілік және патриоттық тәрбие: Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге,тәрбиелеу. Менің Отаным-Қазақстан:ҚР көрікті жерлері. Жолда жүру ережелері: Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Өлі табиғат құбылыстары мен заттары: Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру Өсімдіктер әлемі: Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, Жануарлар әлемі:Жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа), қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары:Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электр құралдарынан сақ болу, өз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау |
Отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі.отбасындағы үлкендерді сыйлайды, құрметтейді, кішілерге қамқорлық танытады; |
|
Құрастыру |
Қағаздан құрастыру:Қағаздардан композиция құрастыру. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастырады |
|
Суретсалу |
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу. |
Суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояу тәсілдерін біледі; қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізеді |
|
Мүсіндеу |
Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру |
Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістейді; бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады; |
|
Жапсыру |
Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту. |
Қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді |
|
Музыка |
Ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, Әнді топ пен бастап топпен аяқтауды меңгерту. мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, |
Ақырын, қатты, баяу, жылдам жоғары дыбыстарын ажыратады. Әндерді қимылмен сүйемелдеумен орындайды әнді топпен бірге бастап, бірге аяқтайды; ұлттық би өнеріне қызығушылық танытады, би қимылдарын орындайды; |
Айы |
Ұйымдастырыл ған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері |
Күтілетін нәтиже
|
||
Мамыр |
Дене шынықтыру |
Негізгі қимылдар: Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру. еденнен 20 – 25 сантиметр жоғары қойылған сатының таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту, 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру, орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту. орнынан ұзындыққа (шамамен 70 сантиметр), қысқа секіргішпен секіру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру Жалпы дамытушы жаттығулар: Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау, Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру. Түрегеліп тұрып, аяқтың бақайларымен орамалдарды, тағы басқа ұсақ заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Тізені бүгіп, екі аяқты кезек көтеру. Қимылды ойындар: ойындарда балалардың белсенділігін дамыту. Дербес қимыл белсенділігі:таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшінжағдайлар жасау Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру:Жалпы тамақтану әдебін сақтау. |
Шынықтыру түрлерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие; өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсінеді |
||
Сөйлеудідамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету. Сөздік қор:Үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу. Тілдің грамматикалық құрылымы:етістіктерді бұйрық райымен қолдана білугеүйрету (отыр, жүр, жүгір) Байланыстырып сөйлеу:Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету |
Белгілі дыбысқа ауызша сөздерді табады; |
|||
Көркемәдебиет |
Кейіпкерлерді басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру. |
Кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарап, ертегі, әңгіме құрастырады; |
|||
Қазақ тілі |
Тілдік дамытушы орта Құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ұ дыбысын өздігінен дұрыс айтуға баулу Сөздік қор Жаңылтпаш жаттауға баулу Тілдің грамматикалық құрылымы Етістікті үйрету Байланыстырып сөйлеу Шығарма,ертегілерді өздігінен қайталап айтуға баулу. |
Құрдастарын есімімен толық атайды. Ұ дыбысын өздігінен дұрыс айтады. Жаңылтпашты жатқа айтады. Шығарма, ертегілерді өздігінен қайталап айтады |
|||
Математика негіздері |
Сан, санау:5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру. Шама:Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру. Геометриялық пішіндер: ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең). |
5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды; бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстырады; |
|||
Қоршаған ортамен таныстыру |
Бала, оның отбасы, үйі:Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру. Заттық әлем:Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Еңбекке баулу:Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімді қалыптастыру. Нанға және азықтүлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау. Адамгершілік және патриоттық тәрбие:Ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу. Менің Отаным-Қазақстан:Ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту. Жолда жүру ережелері: Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау) өзін дұрыс ұстауға үйрету. Өсімдіктер әлемі:Адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормалары:Қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, өздігінен от жақпау) |
Жақын туыстарын біледі, олардың есімдерін атайды, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелейді |
|||
Құрастыру |
Қағаздан құрастыру:«оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
«оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастырады |
|||
Сурет салу |
Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу. |
әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын жеткізеді; өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалайды |
|||
Мүсіндеу |
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтайды; |
|||
Жапсыру |
Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау |
жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтайды, жұмысты ұқыптылықпен орындайды; |
|||
Музыка |
Әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, Әндегі сөздерді анық таза айтауға дағдыландыру музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру. Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. «Қамажай» биін үйрету. |
Әндегі қимылдарды жасай алады. Әнді анық таза орындайды музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды; |
|||