"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сейфуллин орта мектебінің 2019-2020оқу жылындағы жартыжылдық тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар есебі

Сейфуллин  орта  мектебінде  2019-2020  оқу жылында  «Рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып,жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру»мақсатында  бағытында  біршама жұмыстар атқарылып  келеді.

  •  
  1. Жас ұрпақтың өз елін,өз жерін,тарихын салт-дәстүрлерін, ұлттық қасиеттерін, рухани бай мұрасын өз бойына сіңіруге тәрбиелеу.
  2.  Оқушылардың  ішкі тәртіп  ережелерін  орындау  бойынша  іс-шаралардың  егжей-тегжейлі жоспарын  әзірлеу.
  3. Ата-аналармен жұмысты жандандыру,отбасы тәрбиесімен мектептегі тәрбиені үйлестіру.
  4. Оқушылардың салауаттыөмірсүруіне және жан-жақты дамуына жұмыс жүргізу.
  5. Оқушының    көпмәдени,  интеллектуалды,  жеке  дамуына   және  көшбасшылық   қабілеттерін    дамытуға  бағытталған  жұмыстарды  жетілдіру.

    Оқу жылының басында  2019-2020 оқу жылына  мақсат, міндеттер  айқындалды.  Ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың  және ата-аналардың  әлеуметтік  жағдайы  туралы  мәліметтер  жиналды, сынып бөлмелері  бекітіліп, белгіленді.

    Мектеп  және  сынып  жетекшілердің  тәрбие  жұмыстары  8 бағытты  толық  қамти  отырып,  жұмыс жасайды.

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5 .Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

     Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараларға  бақылау басшылық  жасау  іске  асты. Оның  ішінде  сынып  жетекшілердің  тәрбие  жоспарлары  тексеріліп, бекітілді. Оқушылардың  киім  киісіне, күн  режиміне  бірыңғай  талаптар  қойылды.8:15  таңертеңгілік жаттығулар өткізіледі,әр дүйсенбіде әнұран айтылады,кезекшілік сынып бойынша өткізіледі

 Сонымен  қатар жол қауіпсіздік  ережелерін  насихаттау, балалар  жарақатын  болдырмаудың  алдын-алу  шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышындарын насихаттау  және  қолдану  бойынша  іс-шаралар  кеңінен  жоспарланды.  Оқушылар  арсында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алуды  ұйымдастыру  шаралары  бірлесіп  жасалып келеді.

    Жыл  басынды  айтулы  мерекелік  күндер мен  апталықтар  сынып жетекшілерге  бөлінді.  Оның  мақсаты: жұмысты  жүйелеу, жауапкершілікті  нығайту, әдістемелік  материалдар  жинақтау.Мектепке жол”акциясына 1-сынып оқушыларына мешіттің атынан көмек

    Жыл  басын  «Алғашқы қоңырау» салтанатты  жиынмен  бастап,  1 қыркүйек  Білім  күніне арналып мектебімізде  «Алтын ұя мектебім!»  тақырыбында  салтанатты  сап түзеу  өткізілді. Салтанатты  жиынның  қадірлі  қонағы  ретінде ардагер ұстаздар  шақырылды  және мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар  қатысты. Мектеп табалдырығын алғаш   аттаған 8  бүлдіршіндер   1 сыныпқа  қабылданды.  Олар  мектеп  туралы, ұстаздарға  арналған  өлең тақпақтарын айтып берді.

 Алғашқы  құттықтау  сөзді  мектеп  директоры  Тлеужанов Т.Б. сөйледі. Ол оқушыларды  ұстаздар  қауымын, ата-аналарды  Білім  күнімен  құттықтады. Ардагер  ұстаз Төлеген Мүшайұлына  да сөз  кезегі  беріліп, өзінің  тілегін  айтып, оқушыларға  батасын  берді.

Бүлдіршіндерді  Алғашқы  қоңырау  мерекесімен  11 сынып оқушылары  құттықтай  отырып, білімнің шынар басына шығуға, үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға , Егеменді еліміздің  білімді азаматы болып  шығуға  тілектерін  білдірді. 1-11 сынып жетекшілері «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

  9-қыркүйек күні-Денсаулық күнінде «Біздің денсаулығымыз-біздің қолымызда» атты фестивальі өткізілді

сыныптарда «Спортпен шұғылдан,тиімді тамақтан» тақырыбында сынып сағаттары,1-4сыныптарда «Көңілді старт» ойындары,5-6 сыныптарда эстафеталық жарыстар,7-9сыныптарда тоғызқұмалақ, шахмат, шашки т.б ұлттық ойындар,10-11 сыныптарда баскетбол,волейбол,футболойындары өткізілді және 1-11 сынып оқушыларымен екі ауысымда флешмоб ұйымдастырылды Сейфуллин орта мектебінде «Біздің денсаулығымыз—өз  қолымызда»  атты   ұранымен акциясы өткізілді. Жастардың салауатты өмір салтын ұстану,дене тәрбиесімен,спортпен шұғылдануға,Спорт әлеміне әуестендіру.мақсатында «Денсаулық фестивалі - 2019»  өткізілді. Сейфуллин орта мектебінде 9- қыркүйек күні таңертеңгілік мұғалімдер,  оқушылар мектеп алаңына жиналып «Денсаулық фестивалі - 2019» салтанатты түрде басталды.  

 

Қыркүйектің 18-і күні «Туған тілім- тұғырым» атты лездеме өтті. Лездемеде тіл туралы шағын баяндама оқылып, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Негізгі мақсаты:  оқушыларға  өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

 Мұғалімдер мен оқушылар арасында «Тіл-біздің тұтастығымыз» атты дөңгелек үстелде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Болатова А.Ш тілдің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәртебесі туралы баяндама оқыды және әр қатысушының пікірі тыңдалды.   

 

-«Қауіпсіз мектеп» онкүндігінде 1-8 сыныптарда сынып сағаттары,»Абайлаңыз жаяу жүргінші»тақырыбында бастауыш сыныптарда практикалық сабақтар өткізіліп,5-8сыныптардасауалнамаларжүргізілді.

Мектеп үлескісінде тазалық жұмысы жүргізілді

Қазан айында:

-«Ұстаз ұлы тұлға»тақырыбында мерекелік іс-шара,бастауыш сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.«Өз ұстазымды құттықтаймын» тақырыбында акция өтті. Ардагер ұстаздарды «ұстаздар» күнімен құттықтап, олең оқып, сыйлықтар жасалынды.

 «Ұстаз-ұлы мамандық» атты мерекелік кеш өткізілді

«Қарттарын ел қадірлеген» ардагерлерге арналған кеш ұйымдастырылды.

«Қарты бардың –қазынасы мол

 

«Өрт қауіпсіздігіне дайындық жаттығуы».

20 қараша күні мектептің салтанат ордасында -Күз байлығы «Алтын күз» мерекесі өткізілді: 1-4 сыныптарда 1 ауысымда,5-11 сыныптарда 2 ауысымда сайыс,бастауыш сыныптарда

1 – желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға  қарсы күнге айлықтың жоспары жасалып, жауапты адамдар белгіленді.  мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында ВИЧ- пен зақымданудың қаупін төмендету. Инфекцияның таралу

«ЖҚТБ – ХХI ғасыр індеті» лекция өткізілді. Флешмоб өткізілді, ойындар. Мектеп медбикесі осы тақырыпқа байланысты оқушылардан сауалнама алып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 
«ЖҚТБ –туралы не білеміз»атты дөңгелек үстел өткізілді,оқушылар белсене қатысып өз ойларын ортаға салы, көп мәлімет алды.

Мадина Сантайқызы құттықтауға арналған сап түзеуі

 

 Желтоқсан айында: -«Тұңғыш Елбасы күні» Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. «Өнермен орнектелген Қазақстан», «Бабалар мұрасын сақтаймыз»оқушылар қолдарымен жасалған бұйымдардан көрме қойылды.

. Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің мектепте Қазақстан Республикасы, оның символдары мен дәстүрлері туралы балалардың білімдерін кеңейту мен тереңдету мақсатында іс-шаралар өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың барлығы құрылған жоспарға сәйкес өтті.

Мектеп фойесі мерекеге жарқын безендірілді, Сондай-ақ «Тәуелсіздік рәміздері» атты тақырыпта Нубаева Н.Е.  кітап көрмесін жасады, онда мемлекетіміздің тарихы туралы материалдар көрсетілді.

5-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік желтоқсанның жемісі» тақырыптарына тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.

«ЖасҰлан,ЖасҚыран» қатарына оқушылар қабылданды төсбелгі, галстук, ант қабылданды, Жасұлан-8 оқушы Жасқыран-7- оқушы «Тәуелсіздікке 28 жыл», «Тәуелсіздік Қазақстаным-мақтанышым, байлығым!  »тақырыбында 5-11 сынып  оқушыларының қатысуымен қорытынды кеш өткізілді.

Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған барлық сыныптарға  іс-шаралар ұйымдастырылды « Жасыл шырша жанында »  25 желтоқсан күні «Балауса» шағын орталығында ертеңгілігі өтті. 25 желтоқсан  күні0-4сыныптары Ш Құсайынов атындағы қазақ драма театрына жаңа жылдық саяхатқа барды. «Ару қыз бен құбыжық» ертегісін тамашалады. Жаңажыл шыршасын айналып балалар өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық мерекелік іс-шара барлық оқушылар,ата-аналар ,ұстаздар қауымы белсене ат салысты. Ортаңғы, жоғарғы сыныптарда 26 желтоқсан күні мектептің салтанат ордасында «Төрле, төрле жаңа жыл-2020!»    11- сынып жетекшісі: Ашкенов Б Қ жауапты тәрбие ісінің орынбасары: Шокаева С Б, тәлімгер: Бахманова Ж Б қатысты. Ортанғы  және жоғарғы  сыныптарда  жақсы іс-шара өткізілді. Оқушылыр билеп, ән айтып, көрініс ойындар қойып мерекені қызықтыра түсті. Мереке  соңында оқушылар Аяз атадан  тамаша ізгі тілектер мен сыйлықтарға  ие болды. Балалардың қуаныштары жылы жүздерінен көрініп тұрды. Жаңа 2020 Тышқан жылы тек қана жақсылық әкелсін

  

 

Тәрбие жұмысының орынбасары:       Шокаева С. Б.

 

 

Жаңартылған күні: 16.01.2020 23:06
Құрылған күні: 16.01.2020 23:06

Текст