Балауса» шағын орталығының 2021-2022 оқу жылындағы психологиялық қызметінің есебі

 

«Балауса» шағын орталығының

2021-2022 оқу жылындағы

психологиялық қызметінің

 есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балауса» шағын орталығының 2021-2022 оқу жылындағы

психологиялық қызметінің есебі

 

 Мақсаты: «Білім беру ошағында балалардың жақсы білім мен тәрбие алып, психологиялық дамуы үшін жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдай туғызу».

Міндеттер:

1. Психологиялық саулықтарын нығайту, жасы мен жеке дамуын ескере отыра,  шағын орталықта әр балаға ыңғайлы жағдай жасау;

2. Білім беру саласында әр балаға дер кезінде психологиялық  көмек пен алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

3. Педагог кадрлар мен ата-аналар қауымының психологиялық саулық туралы түсінігін кеңейту.

Педагог-психологтың негізгі жұмыс бағыттары:

  1. Психологиялық бейімделу

Мақсаты: Тұлғаны жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, шағынорталыққа алғаш келген кезде үйренуі, күн тәртібіне бейімделуі, сонымен қатар ата-анасына да балабақша өмірін таныстыра отырып, психологиялық көмек көрсету.

  1. Психологиялық диагностикалық жұмыстар

 Мақсаты:

Тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Әрбір балаға психологиялық-педагогикалық диагностика жасау.

 Әр баланы психологиялық зерттеу:

- Балабақшаға алғаш келген кезеңі

- Жастан жасқа өту кезеңі

 - Тұлғалық даму кезеңі

- Баланы мектепке даярлау кезеңі болып табылады.

Танымдық үрдістерді анықтау:

 - Ойлау

 - Қиялдау

 - Есте сақтау

 - Қабылдау

- Зейін

Осы үрдістерге баланың өзін-өзі бағалауы, ортамен қарым-қатынасы кіреді.

3. Психологиялық түзету дамыту жұмыстары

Мақсаты: Тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы, оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту. Әрбір зерттелушінің зертелген жұмыс қорытындысына орай жүргізіледі. Әр баланың қажеттілігіне ұйымдастырылған оқу іс-әркеттеріне қарай тақырыбы таңдалады.

 - Тұйық балалар

- Қозғыштығы басым балалар

- Агрессивті балалар

- Мазасыз балалар

4. Психологиялық ағарту жұмыстары

Мақсаты: Тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау. Бұл балалармен, ата-аналармен, педагогтармен және ұжымның барлық мүшесімен алдын ала жүргізілетін жұмыс түрі. Мұнда жүргізілетін жұмыс нәтижесіне байланысты кеңестер мен ұсыныстар беріледі.

5. Психологиялық кеңес.

Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу. Бұл жұмыс түрлері:

• Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты мазалап жүрген сұрақтарына байланысты.

• Ұжымда жағымды қарым-қатынас орнату үшін

• Педагогтардың бір-бірімен өзара қалыпты қарым-қатынас орнатуы (сауалнама, тренингтер)

 • МДҰ-ның жылдық жұмыс жоспарын құруда әкімшілікпен бірлесе отырып, баланың жас ерекшелігін топтастыруда педагогикалық-психологиялық кеңестер беру жатады.

       2021-2022 оқу жылының жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген істердің атқарылғандығы көрсетеді. Қыркүйек айынан бастап шағын орталық балаларымен жұмыс жасалды, оның ішінде зерттеу жұмыстар жоғарғы  топпен (3,4,5 жас аралығындағы балалармен) жұмыс жасадым. Қыркүйек айында балалармен бейімделу кезеңінен өтуіне байланысты психопрофилактикалық, психодиогностикалық жұмыстар жүргізілді. Балалармен танысып топ тізімін дайындалды. Психологиялық ойын арқылы балалардың «ойынды» әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету, балаларды біріктіру өзара сенім жағдайын құру мақсатында коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқу жылдың басында қазан қараша айларында және оқу жылдың аяғында наурыз сәуір айларында балалармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, таным процесстерін анықталып мониторингі шығарылды. Жоғарғы топтың балаларының  ойлау қабілеттері жылдың басында «төмен» екені анықталды, яғни берілген сурет арқылы әңгіме құруға қиналатынын, сөз қоры аз екенін байқалды, кейбір балалардың «5-ке» дейін санды тани алмайтынын анықталды. Қаңтар айында үлгерімі «төмен» деңгейдегі балалар анықталып психологиялық түзету жұмыстар жүргізгенде балаларға «Артық ұғымның астын сыз», «Суретті есте сақта», «Нүктелерді есіңде сақтап қойып шық» әдістемелері қолданылып жүргізілді. Қорытындысында есте сақтау деңгейлері әртүрлі орташа, төмен немесе жоғары екендіктері анықталып көрсетіліп отырды. Мамыр айында жоғары топ балалрымен «мектепке дайындығын анықтау» мақсатында тест тапсырмалары алынып анықтамасы шығарылып, диаграмма ретінде көрсетілді. Нәтижесінде балалардың мектепке дайындығы жақсы екені анықталды. Шағынорталықта  ата-ана байланысын жақсарту мен тәрбиешілердің ата-аналарымен байланысы, қарым-қатынасын анықтау мақсатында ата-аналар жиналысы жыл бойы жоспар бойынша ұйымдастырылды. Қыркүйек айында «Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» ақыл-кеңестер берілді, төменгі топтың ата-аналарына «Баланың шағынорталыққа бейімделуі» туралы яғни үйдегі баланы шағынорталыққа әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет екенін ата-аналарға әртүрлі психологиялық кеңестер ұсынылды. Қазан айында отбасы арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отырылуына байланысты баяндама тыңдалды. Жылдың басында шағынорталыққа деген көзқарасын анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама жүргізіліп, нәтиже шығарылды. Наурыз айында кіші тобының ата-аналарына бақыт сыры туралы түсінік беру, бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу, отбасы бақытын бұзатын жағдайларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел жүргізіліп, «Отбасы бақыты ол...» тақырыбында ата-аналармен пікірталас- тренинг өткізіліп ата-аналар  өздерінің ой пікірлерін ашық жеткізіп ортаға салды.

Жыл бойы жоспар бойынша шағынорталық балаларымен таным үрдістерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар жүргізіліп отырылды. Атап айтсақ:

Зейінді дамытуға арналған жаттығулар:

 «Түгендеу-шатастыру» ойыны.  Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.

Зейіннің бөлінуін дамытуға арналған жаттығу.  Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту. Кері санай білетін болса, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп санай отырып, жалпы дамыту жаттығуы еңкею, отыру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуды орындату керек.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

«Ғарышқа саяхат» (Логика) Мақсаты: Балалардың Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлауын дамыту, 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту, тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. «Түрлі – түсті доптар» жаттығуы. Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Балаларды түстерді ажыратып атай білуге дағдыландыру. Геометриялық пішіндерді ажыратып айту. Көру, есте сақтау, ойлау қабілетін тілін дамыту.Үлкен-кіші ұғымын бекіту. «Төртіншісі артық» әдістемесі. Мақсаты: логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.

Қабылдауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. «Жемістер мен көкөністер» Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету, қабылдау дүниетанымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу. «Сиқырлы саусақтар». Мақсаты: қабылдаудың тұтастығын дамыту.

1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).

2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).

 3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).

 4. Қорқыту (сұқ саусақпен).

5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).

Қиялды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

«Ине мен жіп». Мақсаты: қиялды және шығармашылық қабілетін дамыту. «Ойыншықты сипатта». Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Сөз моншақтар» Мақсаты: көріп есте сақтауын дамыту. "Мен қапқа салдым" ойыны.  Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Сонымен бірге, шағынорталық балаларымен психологиялық ойындар жүргізілді. «Суреттерді аяқтайық» жаттығуы, Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы, Мақсаты: Балалардың есту арқылы есте сақтауын дамыту. Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы.  Мақсаты: Көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Жыл бойы педагогикалық кеңесте, отырыста балалармен жүргізілген психологиялық зерттеу жұмыстармен педагогтарға таныстырылып отырылды. Педагогтар арасында темперамент типін анықтау мен өзінің психологиялық ішкі дүниесінің күйі мен қоршаған ортамен қатынасын анықтау мақсатында жыл бойы әдістемелер жүргізіліп, нәтижесі шығарылып, кеңестер берілді.

2021-2022 оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылып, психологиялық анықтамалар берілді. Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.

 

 

Педагог-психолог

Сагиденова Л.О.