"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Салауатты тамақтану

Салауатты тамақтану – ұлт денсаулығының негізі

Печать

 

 

Салауатты тамақтану - халық денсаулығын , балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін , физикалық және ақыл –ойдың дұрыс дамуын , жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын , алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды , ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден-бір және басты факторлары болып табылады.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.


Біздің ағзамызға тағаммен бірге көп мөлшерде мынадай заттектер түсіп отыру қажет: белок, май, көмірсу, дәрумендер, микроэлементтер, минералды заттектер. Ол өз кезегінде ағзамыздағы тіндер мен жасушалардың үнемі жаңарып, дамуын қамтамасыз етеді және де энергия көзі болып табылады. Адамның тұтынатын тамағы, яғни ішетін асы оның жұмсайтын энергиясымен сәйкесу керек.
Дұрыс тамақтанудың негізгі ұсыныстары
1. Бір ғана азық-түлік ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан да тағамның әртүрлілігі өте маңызды. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық-түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай- ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет;
2. Бір рет қабылдаған ас мөлшері 300-500 гр жеткілікті, ал бір күндік тағамның калориясы 1600-1800 ккал-ны құрауы керек ( ал ауыр жұмыс істейтіндер үшін 2400-2800 ккал);
3. Міндетті түрде тағам рационынан тез дайындалатын тағамдарды (фаст-фуд) , қойытылған сүт (сгущенка), қант, шұжық, және т.б әртүрлі қытырлақтарды алып тастау керек;
4. Көкөністер мен жемістерді тәулігіне бірнеше рет тұтыну керек (400 гр-нан көп) . Көкөністер мен жемістер –антиоксиданттардың , фолий қышқылының , темір, дәрумен және минералды заттектердің көзі және де жоғарғы қан қысымының, атеросклероз және т.б жүрек- қан тамыр ауруларының даму қауіпін төмендетеді;
5. Орта есеппен күнделікті 1,5-2 литр таза, фильтрленген , газдалмаған су ішу ұсынылады. Судың жеткіліксіздігінен қан тамырларында өзгерістер болады, олар тарылады да артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі. Ал егер су жеткілікті мөлшерде түссе, онда қан тамырлары кеңейіп, қысым орнына келеді және де ағзаны жасартады. Сырттай бұл әжімдердің тегістелуімен және тері серпімділігінің жақсаруымен көрінеді. Бірақ бұдан да маңыздысы, суды қабылдау арқылы , ми қызметінің , ақыл-ой мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді. Сондықтан, судың тапшылығы бас миының белсенділігін төмендетеді.
6. Майлылығы аз сүт өнімдерін күнделікті қолдану керек (кефир, ірімшік, сүзбе, йогурт және т.б). Сүт өнімдері сүйектер мен тістерді нығайту үшін кальцийдің негізгі көзі болып табылады;
7. Майлы еттерді майсыз еттерге алмастыру . Балықты аптасына 2 рет қолдану керек. Балық құрамында жүрек-қан трамыр жүйесіне пайдалы қанықпаған май қышқылдары және дәрумендер бар. Сондай-ақ белоктың көзі ретінде ас бұршақтарын қолдану;
8. Нан, консервіленген және басқа да азық-түліктер құрамындағы тұзды қоса есептегенде тәулігіне тұздың мөлшері 6 гр-дан аспауы керек. Консервілер, тұзды, тұзға кептірілген азық-түліктерді күн сайын қолдануға болмайды. Тағамдарды аз тұздау керек және йодталған тұзды қолдану қажет;
9. Жеңіл сіңетін көмірсулардың(қант, бал, тосап, конфенттер және басқа да тәттілер) мөлшері күнделікті қолданатын калорияның 10 % аспауы керек.
Тағам құрамындағы заттектердің жеткіліксіздігі және дұрыс тамақтанбау алиментарлық аурулардың өсуіне (жүрек-қан тамыр аурулары (атеросклероз, миокард инфаркті, инсульт), қант диабеті, рак , семіздік , остеопороз , теміртапшылықты анемия және йод тапшылығы және де т.б аурулар ) және де балалардың физикалық және ойлау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Артық тамақтану, не аз ас ішу, жалпы дұрыс тамақтанбау - қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.
Тамақтану режимін сақтау өте маңызды.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мезгілдігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс. Күнделікті төрт реттік тамақтану керек, оның екеуі міндетті түрде ыстық ас болуы қажет. Тамақты күн сайын белгілі бір сағаттарда ішу маңызды. Бұл жағдайда ағзада уақытқа шартты рефлекс қалыптасады, яғни тамақ ішу белгіленген уақытта асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тәбет ашылады, тамақты жақсы қорытуға жағдай жасалады. Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспауы керек . Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте ұзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа 25%, түскі ас 35%,сәскелік ас 15%, кешкі ас 25%. Ақырғы тамақ қабылдау уақыты ұйқыға дейін 3 сағат бұрын болуы тиіс.
Осы табиғаттың игілігін күн сайын пайдаланатын болайық және өзімізді керемет көңіл-күймен , сымбатты дене бітімімен және де келешекте ауыр сырқаттардан сақтауды қамтамасыз етейік. Дұрыс тамақтаныңдар және салауатты өмір сүріңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 23.01.2020 13:12
Құрылған күні: 23.01.2020 13:12

Текст