"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Армысың,әз- Наурыз!» сценарийі

20.03.2024

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар,ұстаздар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!

Фанфар: «Наурыз» биі

Жүргізуші: «Балауса»шағын орталығының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалаңыздар. Тәрбиешілері: Мушаева Г.Г. Баязитова А.Е.

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

 

: балалар бүгінгі мейрамда арнайы Қыдыр атамыздың батасын алайық. Ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін сөз кезегі Қыдыр атаға (атасына) беріледі

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
                      Үстем болсын мерейің 
                      Ықыласпен қол жайсаң,
                      Ақ тілекті төгейін
                      Ұлыс оң болсын
                      Ақ мол болсын
                      Қайда барсаң жол болсын!
                      Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже: Наурыз келсе, құт келгені халайық
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!(Әжесі шашу шашады.)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Сейфуллин» мектебінде үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Жүргізуші: «Балауса»шағын орталығының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалаңыздар. Тәрбиешілері: Мушаева Г.Г. Баязитова А.Е.

Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты

Би «Қара жорға» 5-7 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

1-2сыныптар   «Қымызмұрындық» салт дәстүрін тамашалаңыздар

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға

3-4 сыныптардың «көктем келді» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
5-7 сыныптар    «Қағып алу» салт-дәстүрін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:Қашанда Құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

1-2сыныптар  «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:Келді көктем, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп.

Жақсылықтардың жаршысы болған наурызым,

Сен өмірімнің көктеміндейсің мәңгілік.

3-4 сыныптар     «Қазан шегелеу және Қалау айту»салт дәстүрін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:Көктемді күткен сағынып,

Қыр жатыр күнге табынып.

Арнадан асқан бұлақ та

Әнінен қалған жаңылып.

6-8 сыныптар  «Наурыз көктем»

Жүргізуші:Әнім де саған,биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде наурыз күлімде.

9-11 сыныптар  «Бәсіре» салт-дәстүрін қабыл алыңыздар қабыл

Жүргізуші:Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы

6-8 сыныптар   «Шеге шапан»салт- дәстүрін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:Көктемді күткен сағынып,

Қыр жатыр күнге табынып.

Арнадан асқан бұлақ та

Әнінен қалған жаңылып.

9-11 сыныптар «Еркем ай» айтыс

Жүргізуші:Уа жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Сендер үшін жасалған..
Жеті түрлі дәм салған,
Көжеден дәм татыңдар! Наурыз Наурыз көже таратылып, дәм татылады.

Жүргізуші: Наурыз мейрамымен құттықтауға сөз кезегін мектеп директоры: Болатова А.Ш.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар,оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға спортзалға шақырамыз. Ойынды өткізетін дене шынықтыру мұғалімі: Зайкенов С.Қ. Жеңімпаздар марапатталынады.Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

  1. Асық ойынынан жарыс
  2. «Бес асықтан»жарыс

3. Арқан тартыстан жарыс

4. Қол күрестен жарыс

5. Гир көтеруден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап,марапаттар  табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.

Жүргізуші:Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Осымен бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст