"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мерекеңмен анашым " атты мерекелік концерт

20.03.2020

Тақырыбы: «Мерекеңмен ,анашым» атты кештің сценарийі
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер,абзал жанды аналар,  аяулы қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Мерекеңмен анашым» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
2-жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының м а: Болатова А Ш беріледі.                                                           
1-жүргізуші:Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ортаға 5-11 сыныптың ұлдарының  сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.  хор «Ана»  әні деп аталады.
2-жүргізуші:Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім-кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 2 сынып оқушыларының тақпақтарын қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерді «Көктем қиялы» биімен  ортаға шақырамыз
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп Ән « Әже» 2- сыныптың орындауында қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.  Дей отырып 7- сыныптың «Ана кешір мені» атты көріністі тамашалаңыздар

2-жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса қарсы алайық!
Ән: хор  Орындайтын: «Абзал ана» әнін қабыл алыңыздар 5- сынып оқушыларын

2-жүргізуші:
Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға 10…сынып оқушыларының орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда 6- сыныптың ұлдары«Қазақша» биін қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті  9- сынып оқушылары «Асыл әжем»әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз 8- сынып оқушыларының орындауындағы «Әке-ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
 

.2-жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1-жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Мерекеңмен анашым» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст