"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сәт сапар, жас түлек!» атты аттестат тапсыру мерекесі

03.07.2023

22 маусым күні мектебіміздің 11 сынып түлектері, ата-аналары, мектеп ұжымы  акт залында  «Сәт сапар, жас түлек!»  атты аттестат тапсыру  мерекесін өткізді. Мереке сағат 11.00-де басталды. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Айгүл  Шариповна  алып, 2022-2023  оқу жылының түлектерін мектепті бітіріп, жаңа өмірге  аяқ басқандарымұттықтап, болашақ өмірлеріне сәтті сапар тіледі.  Ең белсенді, үздік оқушыларға ерекше алғыс айтты. Келесі кезекте мектепте «Үздік аттестатқа» аяқтаған   Бақытжан Айдана, Нұрақай Қарақат  марапатталып, аттестаттары табысталып,   қалған түлектердің аттестаттарын табыстады.      Мерекенің келесі сәтінде сынып жетекшісі: Баржаксина С С, алғашқы ұстазы: Ахметжанова Қ С сөз алып, түлектерді құттықтады. Ата-аналар атынан   түлектерге ақ тілегін айтып, мектеп ұжымына ризалық сезімін білдірді.
     Салтанатты жиынның екінші бөлімінде мектебіміздің түлегі өз өнерлерін ортаға салып, әндерін,билерін орындап, ұстаздарына жүрек жарды өлең жолдары мен тілектерін арнап,  мектептерімен қоштасты. .Түлектер «Қош бол мектебім» әнін орындады, «Мектеп вальсін» биледі.
 

Просмотров: 102


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст