"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін өткіздік

02.05.2023

Қазақстанда жыл сайын 1- мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл мерекенің бастауы 1996 жылдан басталған.  Қазақтың кең байтақ даласында қазіргі таңда 130-дан астам ұлт өкілдері бірлікте, татулықта ғұмыр кешуде. Жыл сайын тойланатын бірлік күнінің мақсаты - еліміздегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметі мен татулықты, бірлікті арттыру болып табылады. Аталған мереке күні Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын атап өтеді. Қазақстанда қазіргі таңда әрбір ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениетін ілгерілетуге түрлі жағдайлар жасалған. Негізінен бір мемлекетте осынша көп ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі ынтымақты, төзімділікті талап етеді. Сол себептенде бұл күннің маңызы зор. Бұл мейрамда Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа тәрбиелейтін мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл мерекені жоғарғы деңгейде атап өту үшін әртүрлі мәдени орталықтар жұмылдырылады. Ондағы олардың мақсаты -Қазақстан халқын өзге халықтардың дәстүрлерімен таныстыру болып табылады. Сонымен қатар 1- мамыр күні түрлі мәдени көрмелер ұйымдастырылады. Әр ұлттың тағамдарынан дәм татып, ұлттық киімдерін тамашалауға мүмкіндік аламыз. Мейрам халықты елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың дәстүрлерімен таныстырып, ұлттар арасындағы бірлікті нығайтуға әсерін тигізеді.

Просмотров: 135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст