"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл-2020 мерекесі

18.01.2020

Тақырыбы: «Жаңа жыл 2020»

Жаңа жыл 5-11 сыныптардың сценарий

.
 1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті  ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

 2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

 Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке  әкелгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді - дей! Келе жатқан Доңыз жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Тлеужанов Т.Б. ағайымызды ортаға шақырамыз! отырып мектеп

  2-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге

 1-жүргізуші: 

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Доңызды

Ұзатып сап Ит жылын !

Доңыз: Амансыңдарма балалар мен сіздермен қоштасып өзімнен кейінгі   доңызға орын бергелі тұрмын.Еліміз тыныш отбасыларың аман оқуда әрқашан жоғары белестерден көріне беріңіздер, сау болыңдар балалар.

Тышқан: Амансыңдарма балалар міне менде секіріп жетіп қалдым.Барлығымыз осы жылды көңілдегідей жақсы қарсы алып,думандатып өткіземіз деген ойдамын.Сіздермен бірге Аяз ата мен ақшақарда  бүгінгі жаңа жылдық мерекені тамашалайын.

 2-жүргізуші:  Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.

Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кешіне берейік.

1-жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды  маңайды.

“Жаңа жылмен құттықтаймын”деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды ! 5- сынып

 

 2-жүргізуші Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Қане достар, күлкімен орта толсын._6- сынып______________________  орындауында  “_ қабыл алыңыздар

 1-жүргізуші   Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар

_________7- сынып_________________  орындауындағы “___і

2-жүргізуші    Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр. –дей келе ортаға әсем әнімен

____________8 сынып__________ шақырамыз.

  1-жүргізуші     Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың  9- сынып

 2-жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер

Шырша сәнін көріңдер

Әсем әнмен би билеп,

Күй жырларды төгіңдер-дей келе ортаға кешімізді әнмен ашатын 10-сынып_

Аяз Ата:Уа, балаларым  Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең

жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл.

365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!

 Ақшақар:  Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2019 жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!

Бірге: Жаңа жылдырыңыз құтты болсын!


 


 


 

 

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст