Текст
Біздің мектепте Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" аясында өткізіліп жатқан "Қазақстандағы код сағаты" акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты - оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру. Бүкіл Қазақстанда жүріп жатқан "Қазақстандағы код сағаты" акциясының мектебіміздегі ұйымдастырушысы информатика пәнінің мұғалімі Уалиева Жанар Сaлимовна болды. Мектебімізде акцияға 3-11 сынып оқушылары арасында 60-ге жуық оқушы қатысып, сертификаттарға ие болды. Акция соңында оқушылар өздерінің жылы лебіздерімен бөлісіп жатты.