"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы құтты болсын!

25.03.2021

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті әріптестер, мұғалімдер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын жуырда ғана атап өткен мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар әкелсін, қадірлі әріптестер.

 Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң жеке өмірлеріңізге шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, құрметті студенттер.

 

 

 

                           «Сейфуллин ауылының ЖОББМ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст