"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдаудың 7 қадамы

08.02.2021

Мамандық таңдаудың 7 қадамы

  1. Байыппен бағдарлай біліңіз. Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреудің кинодағыдай романтикалық, мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасының жолын таңдайды. Біреулер жоғары оқу орнына жақын досына немесе құрбысына серік болып барады. Ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады. Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Содықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

2Дұрыс шешім өз қолыңызда Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналарыңыздың достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да – сіздің таңдауыңыз.

3Бейімділігіңізді ескеріңіз. Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз.Немен айналысқанды қалар едіңіз. Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызды немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

4.Өзіңізді сынақтан өткізіңіз Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз. Өзімнен және өзімнің жұмысымнан не қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысып шығыңыз.

    1. Сұранысты да назарда ұстаңыз Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда,интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екенін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып таңдаған мамандығыңызға қай жұмыс орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

    2. Мамандар не дейді? Егер күдік күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог, кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ қабілетіңіз бен психологиялық анықтауға тестілер бар.

7Қорытынды шешім Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позициялық тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңііз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.

«Жүректен жүрекке»

Ортадағы қобдишадағы жүрекшелер суырады. Кімге қай түс ұнайды, соны алады.

Қызыл – адамгершілік

Сары – адалдық

Қызғылт – мейірімділік

Жасыл – әдептілік

Ақ – қайырымдылық

Осы қасиеттер бойларыңа дари берсін.

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст