2020-2021 оқу жылындағы психологиялық қызметінің есебі

«Балауса» шағын орталығының 2020-2021 оқу жылындағы

психологиялық қызметінің есебі

 

     2020-2021 оқу жылында алған қойған мақсатым: «Білім беру ошағында балалардың жақсы білім мен тәрбие алып, психологиялық дамуы үшін жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдай туғызу». Алға қойған мақсатыма жету үшін төмендегі міндеттерді өз міндетіме алдым.

1. Психологиялық саулықтарын нығайту, жасы мен жеке дамуын ескере отыра,  шағын орталықта әр балаға ыңғайлы жағдай жасау;

2. Білім беру саласында әр балаға дер кезінде психологиялық  көмек пен алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

3. Педагог кадрлар мен ата-аналар қауымының психологиялық саулық туралы түсінігін кеңейту.

    Жылдық жоспарға сай қыркүйек айында балаларды шағынорталық өміріне бейімдеу мәселелері бойынша жұмыстар жоспарланды. Мектепке дейінгі білім беру орталығына, жаңадан келген және топтан топқа ауысқан балалардың көңіл-күйінің бірқалыпта болуы қадағаланып, бейімдеу парақшалары толтырылды. Балалардың жанұясымен танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. «Менің балам», «Менің отбасым» тақырыбында ата-аналарға қысқаша шығарма жазып беру ұсынылды. Ата-аналарға «Балаңыз балабақшаға дайын ба?», «МДҰ–дағы алғашқы күндер» тақырыптарында арнайы психологиялық кеңестер берілді. Балалардың балабақша өміріне бейімделу параметрлері бойынша жүргізілген бақылау нәтижесіне келетін болсақ, бейімдеу дәрежесі жеңіл өтті. Дене денсаулығының көрсеткіштері бойынша балалардың тәбеті, ұйқысы дұрыс болды. Топтың психологиялық бейімделу мониторингінің нәтижесі бойынша 90% жеңіл, 10% орташа деңгейде өтті. Ата-аналарға үйде эмоциялық жағымды ахуал тудыру, үйде балабақша режиміне барынша жақындатылған күн тәртібін сақтау туралы айтылды.

       Қазан айында балалардың психологиялық тұрғыдан даму дәрежесінің жеке бағдарлама мен жас шамасына сәйкес келуін анықтау мақсатында тәрбиеленушілермен  диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Балалардың психологиялық дамуының жеке карталары толтырылды.

                    Диагностика нәтижесі бойынша:

Ересек тобы балаларының жеке психологиялық даму деңгейін анықтау әдістемелері бойынша нәтиже көрсеткіштері төмендігідей болды. Топ бойынша жеке психологиялық даму деңгейі:

Қабылдауы                     жоғары - 3 - 33%

                     орташадан жоғары – 2-20%

                                         орташа - 4 - 40%

                        орташадан төмен – 1 - 10%

                                           төмен – 0

Зейіні                              жоғары – 3 - 33%

                     орташадан жоғары – 4 -40%

                                         орташа -2 - 20%

                        орташадан төмен -1 - 10%

                                           төмен – 0

Жады (есте сақтауы)      жоғары - 4- 40%

                     орташадан жоғары -  3 - 33%

                                         орташа – 3- 33%

                        орташадан төмен – 0

                                           төмен – 0

Ойлауы                           жоғары - 4 - 40 %

                     орташадан жоғары -3- 33%

                                         орташа – 3 - 33%

                        орташадан төмен - 0

                                           төмен - 0

Қиялдауы                       жоғары – 2 - 20%

                     орташадан жоғары - 4 - 40%

                                         орташа -3 - 33%

                        орташадан төмен – 1 - 10%

                                           төмен – 0

Орташадан төмен, және  төмен көрсеткіш көрсеткен бүлдіршіндермен  жеке дамыту жұмыстары жүргізілді

Наурыз айында МДҰ тәрбиешілерінен «Сіз өз тобыңызды және жұмысыңызды жақсы білесіз бе?»  атты сауалнама алынды. Тәрбиешілерге өз жұмысына талдау жасау тестісінің ауызша сұрақтарына жауап беру сұралды және бес ұпайлық жүйедегі бағаның қайсысын береді сұрақ бойынша, соны белгілеп беру ұсынылып, өз жұмысына әділ баға беріп, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға психологиялық қолдау көрсетілді.

      Сәуір айында Ересек тобы балаларының мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мақсатында тест алынды. Балалардың тест алу барысында 90%-ы сұрақтарға толық, дұрыс жауап берді. «Не үшін балалар мектепке барады?» деген сұраққа жасы толып, үлкен болғаны үшін, тағы да көп нәрселер үйрену үшін, білім алу үшін, сауатты жазу, кітап оқу үшін деген жауаптарды берді.

       Ата-аналар арасында   және жалпы жиналыстарда «Бала тәрбиелеуде ертегі терапиясының маңызы», «Гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады» «Бала тәрбиесінде жіберілетін он қателік» тақырыптарында психологиялық кеңестер берілді.

        Мамыр айында жалпы балабақша бойынша өткізілген мерекелік іс-шараларға  үнемі психологиялық қолдау көрсетілді.

     Жаңа оқу жылында  жіберілген қателіктерді жойып, шағын орталық жұмысының сапасын арттыру жолдарын қарастырамыз деген ойдамын.

Шағын орталықта тәрбиешілердің ата-аналарымен байланысы, қарым-қатынасын анықтау мақсатында ата-аналар жиналысы жоспар бойынша дер кезінде өткізіліп отырылады. «Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» ақыл-кеңестер берілді, кіші топтың ата-аналарына «Баланың шағын орталыққа бейімделуі» туралы яғни шағын орталыққа әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет екенін ата-аналарға түсіндіріп, психологиялық кеңестер берілді. Сонымен қатар, жылдың басында, жылдың аяғында балалардан алынған зерттеу жұмыстары, яғнитаным процесстерін анықтау көрсеткіштерімен таныстырылып ұсыныстар берілді. 2020-2021 оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар толықтай болмаса да жүзеге асырылып, психологиялық анықтамалар берілді. Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады деп ойлаймын: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.


 

 

 

Педагог-психолог: Сагиденова Лаззат Осербаевна