Рухани жаңғыру 2022-2023жж
Сейфуллин орта мектебі
«Рухани жаңғыру»
(«Балауса»шағын орталығының балаларына арналған
жылдық бағдарлама)
Тәрбиешілер: Ашкенова Б.Ә
Мүшаева Г.Б
2022-2023 оқу жылы
ҚЫРКҮЙЕК
1.«Менің Отбасым»
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
КөрнекілАртикуляциялық және дауыс аппаратын,сөйлеуде тыныс алуды,фонематикалықестуді,анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
Қазақ тіліАртикуляциялық және дауыс аппаратын,сөйлеуде тыныс алуды,фонематикалықестуді,анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
Қазақ тілііктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.
2.«Менің сүйікті балабақшам»
Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, безендірілген бөлме.
3.«Жол ережесін білейік-аман есен жүрейік»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.
4.«Менің ойыншықтарым»
Білім саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әртүрлі ойыншықтар.
Билингвальды құрағыш: Ойыншық – игрушка
5.«Күзгі құбылыстар»
Мақсаты: Күз мезгіліне сипаттама бере отырып, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атап, айнала қоршаған ортаны танып білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Көрнекіліктер: Бейне таспадан күзгі бейне, мнемокесте, күзгі құбылыстар, жапырақтар, өлі және тірі табиғат.
Қостілділік компонент: күзгі – осенний; құбылыс – явление; егістік – поля, нива; жауын – шашын – осадки; жапырақтар – листья; жел – ветер.
ҚАЗАН
1.«Қарттар асыл қазынам»
Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, слайд, видиоролик.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
2.«Тіл-ел тірегі»
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
3.«Қазақстан – менің туған өлкем»
Мақсаты: балаларды туған өлкесі Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру.
Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Суретшінің бере білген көңіл - күйді сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну.
Құрал - жабдық: туған өлкеміздің табиғатты бейнеленген суреттері, мольберт, жай қарындаш және қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
4.«Тілім менің тірегім»
Мақсаты: Балаларға ана –тілі туралы түсінік беру,білімін жетілдіру.Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой –өрісін дамыту, сөздік қорын дамыту.Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
ҚАРАША
1.«Жақсы деген немене, жаман деген немене?»
Мақсаты:Білімділік – Балаларға ұлы ғұламалардың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Дамытушылық – Баланың жан – жақты ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілік – Өз халқының салт – дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, Ақын - жазушылардың суреті.
2.«Біз бақытты баламыз»
Мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы,достық,ойын,ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу.
3.« Тіл дамыту ойыны»
Мақсаты:1.Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, мамандықтың барлығы жақсы екенін меңгерту. Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту.
2.: Барлық балалар: Балалар кейбір мамандық түрлерін біледі.Балалардың басым бөлігі: Өз ойларын айта алады.
Кейбір балалар: Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
4.«Менің Отаным-Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация,
ЖЕЛТОҚСАН
1.«Жомарт өлкем»
Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Композитор, нота
Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький
2..«Тіл - тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайд
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, ән - күй
Әдіс - тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап
3.«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын»
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге,ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
4.«Жақсылықпен жаным дос»
Мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
ҚАҢТАР
1.«Менің елім – Қазақстан»» «Көк ту» (Саусақпен сурет салу әдісі)»
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту.Балаларға сұқ саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң ыдыстағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек екенін түсіндіру. Қазақстан жалауын әшекейлеуге, лайықты бояу таңдай білуге үйрету.Балалардың қиялын, көркемдік талғамын дамыту. Бояу түстерін пайдалануға дағдыландыру. Балаларға Қазақстанның мемлекеттік жалауымен таныстыруды жалғастыра отырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, мақал – мәтел, сурет салу.Сөздік жұмыс: Отан, туған жер, Елорда Астана.
Билингвальды компонент: Отан – Родина -, Туған жер – родная земля
2.«Қызықты қазақ тілі»
Мақсаты: Балалармен жыл бойы өткен материалдарды («Отбасы»,«Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Дене мүшелері», «Киімдер», «Ойыншықтар», «Сандар», «Санамақтар», «Жемістер», «Көкөністер», «Азық - түліктер», т. б.) бекіту.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, сұрақтарға сөйлеммен жауап беру дағдыларын дамыту. Жай сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету
3.«Достық неден басталады»
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.
4.«Мен еңбекқор баламын»
Мақсаты: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру
Дамытушылығы: еңбек ету дағдыларын дамыту
Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Суреттер әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушы кезең.
5.«Асығым алшысынан түсші»
Мақсаты: a) Балаларды ұлттық ойын түрлерімен таныстыру;
b) Ойлау қабілетін, қол моторикасын, шығармашылық қасиеттерін дамыту;
c) Шапшаңдыққа, ептілікке, қырағылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: асықтар, слайд, ермексаз.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, қимыл-қозғалыс ойындары.
Қостілділік компонент(билингвальный): Асық –асык, ойын – игры
АҚПАН
1.«Қазақтын салт-дәстүрімен таныстыру.»
Мақсаты:1. Ұлттық салт - дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру.
2. Оқушыларды ұлттық салт - дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп ұдайы сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету.
3. Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
2.« Қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру.»
Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару.
Міндеттері: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ребустар, ою - өрнектер, ұлттық ойындар.
Сабақ түрі: Ойын – сабақ
3.«Ұлттық киімдермен таныстыру»
Мақсаты: а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.
ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім.
4.« Жақсылықпен жаным дос»
Мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
НАУРЫЗ
1.«Ақ мамам! (8- наурызға байланысты көңілді сабақ)»
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулып, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, үлкен-кішіге деген құрмет-ізетке тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Ана туралы суреттер, гүлдер, шарлар, ана туралы мақал-мәтелдер жазылған сөздер, ж.т.б.
2.«Ұлыстын Ұлы күні Әз-Наурыз»
Мақсаты: *Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімдік: қойылған сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойындар арқылы сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту
Тәрбиелеушілік: Халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
3.«Жайлаудағы саяхат»
Мақсаты: Балаларға жайлау туралы түсінік беру, әңгімелесу арқылы тілін, көркемдік талғамын арттыру, балаларды үй жануарларымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрете отырып, олардың пайдасы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Киіз үй керегесі, сандық, домбыра, көрпелер, жайлаудағы үй жануарларының үлгісі, мнемотехника кестесі, ат - арба, көрпешек тастармен, карточкалар, такси атрибуты, руль.
4.«Бауырсақ ертегісімен таныстыру»
Мақсаты:Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы
СӘУІР
1.«Нұр көктем, гүл көктем»
Мақсаты:Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, ғажайып сәт, сұрақ-жауап, сергіту жаттығулары, жұмбақтар шешу және т.б.
Көрнекілігі:Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.
Билингвальді компонент: Көктем-весна-spring, құс-птицы-bird, гүл-цветок-flower, ағаш-дерево-wood.
2.«Төрт түлік мал»
Мақсаты: балалардың тілін дамыта отырып, ата - бабамыздан келе жатқан кәсіпке толық мағлұмат беру, төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналау, сөз құрау, жұмбақ шешу, қызықты есептер шығару арқылы олардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері, төрт түлік пірлері, жайлау суреттері, сүт, қымыз, жүннен тоқылған киімдер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
3.«Ғажайып ғарыш»
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
4.«Ауылдағы адам еңбегі», «Кішкентай бағбан».»
Мақсаты: Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту, өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, мазмұнды суреттер.
Сөздік жұмыс: егінші, бағбаншы.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: шопан – чабан, бағбан −садовник, еңбек – труд
МАМЫР
1.«1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі»
Тақырыбы: Достық мерекесі
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, ДVД, теледидар, сурет салу құралдары.
Салалық байланыс: Шығармашылық, таным.
Мотивациялық қозғаушы:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Қане балалар бәріміз экранға қарайық.
1 – слайд: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.
2 – слайд: Экраннан Елбасы құттықтауы мен Астана қаласы орталық алаңда өткізіліп жатқан шеруді тамашалау. (түсіндірме беру)
Ертең 1 мамыр мерекесі. Біздің де Қазалы халқы орталық алаңға осындай салтанатты шеруге шығады. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.
Балалар, ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса осы мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы.
- Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.(Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады)
Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
Рефлексивті коррекциялаушы:
Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар
Ынтымақ, халықты асырар.
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын. Ал мен сендерге ертең 1 мамыр мерекесіне барғанда қолдарыңа ұстап баратын жалауша мен гүл берейін. Ертеңгі мерекеде әдемі болып жүріңдер.
Біздің достығымызды білдіретін «Достықпен» әнін айтайық.
Күтілетін нәтиже:
Білуі; Балалар 1 мамыр мерекесі Қазақстан Халықтар бірлігі күні екенін біледі.
Меңгеруі: Өз Отанын сүюді, қорғауды, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді үйренеді
Игеруі: Әр ұлттардың киім ерекшеліктерін біледі.
2.«Аталардың ерлігі-ұрпаққа үлгі»
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, халықтың отансүйгіштік қасиеті, қаһарман ерлігі мен еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу. Балалардың елін, жерін, отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларының ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру , үлгі-өнеге тұту.
Көрнекілік: Мәңгілік алау макеті, белгісіз жауынгерге ескертіш макеті, нақыл сөздермен мақал-мәтелдер, түрлі- түсті суреттер.
Сөздік жұмыс: Мәңгілік алау, үш тал гүл, жауынгер бас киімі- каска, сөз жұмбақ.
3.«Достық татулықтан басталады»
Мақсаты : Балаларға «татаулық» туралы түсінік беру. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Қуаныш, достық, татулық
4.«Бақытты балалаық шақ»
Сабақтың мақсаты:Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға
түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыты,
сөйлеу тілдерін жаттықтыру
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға
мейірімді болуға, туған жерге айналадағы заттарғаұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бөлме шарлармен, гүлдермен безендірілген
5. «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.