перспективалық жоспар кіші топ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2023 – 2024 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы: «Балауса» шағын орталығы
Тобы: кіші топ
Балалардың жасы: 2 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Қыркүйек |
Дене шынықтыру |
Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
|
|
Сөйлеуді дамыту |
Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету. |
|
|
Көркем әдебиет |
Ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруге үйрету |
|
|
Сенсорика |
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру,заттардың атын,түсін атау
|
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
«Мен» бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану. Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, оны ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру. |
|
|
Құрастыру |
жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып, материалды таңдау; |
|
|
Сурет салу |
балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. |
|
|
Мүсіндеу |
балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру; |
|
|
Жапсыру |
Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету. |
|
|
Музыка |
музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру; |
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Қазан |
Дене шынықтыру |
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу. |
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау. |
|
|
Көркем әдебиет |
кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталау |
|
|
Сенсорика |
түрлі сенсорлық әсерлермен байыту |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану. Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу. Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану |
|
|
Құрастыру |
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру |
|
|
Сурет салу |
сурет салу техникасын жетілдіру |
|
|
Мүсіндеу |
сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру; |
|
|
Жапсыру |
фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру; |
|
|
Музыка |
әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру; |
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Қараша |
Дене шынықтыру |
Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. |
|
Сөйлеуді дамыту |
|
|
|
Көркем әдебиет |
Шығарманың арманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеуді дамыту |
|
|
Сенсорика |
көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды; |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
|
|
|
Құрастыру |
құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып, оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру; |
|
|
Сурет салу |
түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру; |
|
|
Мүсіндеу |
техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу. |
|
|
Жапсыру |
фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру. |
|
|
Музыка |
Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту дағдысын жетілдіру |
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Желтоқсан |
Дене шынықтыру |
Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу. |
|
Сөйлеуді дамыту |
еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу- жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен таныстыру |
|
|
Көркем әдебиет |
мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттауд |
|
|
Сенсорика |
түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру. |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.
|
|
|
Құрастыру |
балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру |
|
|
Сурет салу |
дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеу |
|
|
Мүсіндеу |
шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдете алуғак үйрету |
|
|
Жапсыру |
Симметриялық пішіндерді орналастыра білуді және жапсыру мен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру |
|
|
Музыка |
Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, |
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
|
Қаңтар |
Дене шынықтыру |
Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату. |
|
|
Сөйлеуді дамыту |
заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру. |
||
|
Көркем әдебиет |
Таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнап көрсетуді |
||
|
Сенсорика |
Түстерді ажырата алу қабілеттерін дамыту |
||
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Балалардың жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік нормалар мен құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету. Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу. Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Жақын адамдарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға баулу. |
||
|
Құрастыру |
қағазбен жұмыс істеудің бірлескен қарапайым тәсілдерін құру ( қию және жырту), қиылған кесектерде және жыртылған қағаздарда "бейнені" көру; |
||
|
Сурет салу |
қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен) |
||
|
Мүсіндеу |
заттардың ұқсастықтарын таба алудағдысын қалыптастыру |
||
|
Жапсыру |
дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтай алу дағдысын қалыптастыру |
||
|
Музыка |
музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүруге үйрету |
||
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
|
Ақпан |
Дене шынықтыру |
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге, 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету. |
|
|
Сөйлеуді дамыту |
Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.
|
|
|
|
Көркем әдебиет |
3–5 сөзден тұратын тіркестерді, сөйлемдерді айтады, ақпараттармен бөліседі; |
|
|
|
Сенсорика |
берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу; |
|
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) мен жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.
|
|
|
|
Құрастыру |
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды пайдалана отырып, олармен ойнау дағдыларын қалыптастыру |
|
|
|
Сурет салу |
парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу; |
|
|
|
Мүсіндеу |
кесектерді біріктіруге үйрету |
|
|
|
Жапсыру |
кеңістікті бағдарлауға үйрету, қағаз бетінде жұмыс істеуге жаттықтыру |
|
|
|
Музыка |
қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу дағдысын дамыту |
|
|
|
айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Наурыз |
Дене шынықтыру |
Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу. Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.
|
|
Сөйлеуді дамыту |
Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.
|
|
|
Көркем әдебиет |
қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алуға үйрету |
|
|
Сенсорика |
заттардың санын ажырату (біреу — көп); |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. |
|
|
Құрастыру |
көлік құралдарының, автомобиль бөліктерінің атауларын айтуға үйрету |
|
|
Сурет салу |
қағазға, құмға саусақпен сурет салу |
|
|
Мүсіндеу |
қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар |
|
|
Жапсыру |
Дайын пішіндерді дұрыс орналастыруды үйретуСаусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
|
|
|
Музыка |
бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік - ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау; |
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Сәуір |
Дене шынықтыру |
Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып). |
|
Сөйлеуді дамыту |
Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру |
|
|
Көркем әдебиет |
халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу; |
|
|
Сенсорика |
әртүрлі көлемдегі заттарға (үлкен үй-кішкентай үй, үлкен матрешка - кішентай матрешка, үлкен доп-кішкентай доп және т.б) және оларды сөйлеуде атауға назар аудару біліктерін қалыптастыру. |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел. Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға), үй құстарын(тауық, қаз, үйрек), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.
|
|
|
Құрастыру |
қарапайым пазлдарды жинай алу қабілеттерін қалыптастыру |
|
|
Сурет салу |
балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру; |
|
|
Мүсіндеу |
сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алу дағдысын қалыптасытру |
|
|
Жапсыру |
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру |
|
|
Музыка |
әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтауға үйрету |
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
|
Мамыр |
Дене шынықтыру |
Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу. |
|
Сөйлеуді дамыту |
кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттауды бекіту. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату |
|
|
Көркем әдебиет |
Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) құрауға үйрету. |
|
|
Сенсорика |
көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен, серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (лас суды ішпеу, құмды шашпау, тастарды лақтырмау) таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау. Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
|
|
|
Құрастыру |
Құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажыратып,құрастыру |
|
|
Сурет салу |
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу дағдыларын қалыптастыру |
|
|
Мүсіндеу |
мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру |
|
|
Жапсыру |
фланелеграфтың кенебін қолдану арқылы қарапайым композицияларды құрастыруға машықтандыру Қағазға «қошқармүйіз», «көз» оюларын орналастыруды үйрету. |
|
|
Музыка |
әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру. |