Балауса» шағын орталығының 2022-2023 оқу жылындағы психологиялық қызметінің есебі
«Балауса» шағын орталығының 2022-2023 оқу жылындағы
психологиялық қызметінің есебі
2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап жоспар бойынша шағын орталықта жұмыстар жүргізілді. «Балауса» шағын орталықта екі топта (ортаңғы және ересек) 18 бала тәрбиеленді.
Қыркүйек айы
Балалармен психологиялық бейімделу бағыты бойынша шағын орталыққа жаңадан келген тәрбиеленушілерге бейімделу парақтары толтырылды.
Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтауда тәрбиеленушілермен жеке жұмыстар жасалды.
Жас ерекшеліктеріне байланысты ата-аналар жиналысына қатысып баяндама жасалды. Жас ата-аналарға «Балабақшаға (шағын орталыққа) алғаш келгенде» тақырыбында балаларының жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу мақсатында кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды.
Қазан айы
Ересек топтарымен таным үрдістерінің («ойлау, есте сақтау, қиял, зейін, қабылдау) дамуына арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді. Балалардың 56% жоғары деңгей болса, 44 %орташа деңгей көрсетті.
Балалардың таным процестерін жеке тексеру жұмыстары жүргізілді. Таным деңгейі төмендеу тәрбиеленушілермен дамыту сабағы өткізілді
Баланың мінез-құлқын бақылау картасы дайындалды.
Ата-аналардан тәрбиеленушілердің шағын орталыққа бейімделуі жөнінде сауалнама алынды. Сауалнамаға барлық ата-аналар қатысты.
Қараша айы
Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтауда тәрбиеленушілермен жеке жұмыстар жалғастырылды.
Баланың мінез-құлықын бақылау картасы жасалды.
Баланың өзара қарым-қатынасын, ұжыммен қатынасын зерттеу жүргізілді.
Өте белсенді (гиперактив) балалармен жаттығулар мен тапсырмалар жұмыстары өткізілді.
Ата-ананың өз баласымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында тренинг жаттығулары жүргізілді.
Желтоқсан айы
Балалардың қобалжу деңгейін анықтау мақсатында «Өмірде жоқ жануар» проективті тесті (жеке сурет) өткізілді. Тәрбеленушілердің қобалжу, мазасыздық деңгейінің төмен көрсеткішін көрсетті.
Ойлау, есте сақтау, қиял, зейін, қабылдау үдірітерін дамыту сабақтары өтті.
Балалардың тілдік қорларының даму деңгейін кеңістікті бағдарлау, ұсақ маторикасын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Жас ерекшеліктеріне байланысты ата-аналар жиналысына қатысып, тренинг жаттығулары өткізіліп, бала тәрбиесіне байлатныстыжадынамалар таратылды.
Қаңтар айы
Отбасы қолайлығын анықтау мақсатында «Менің отбасым» проективті тесті алынды. Тәрбиеленушілердің отбасыларында қалыпты психологиялық жағдай көрсетті.
Баланың мінез-құлық бақылау жұмыстары жүргізілу жалғыстырылды.
Өзара қарым-қатынасқа түсуде қиындыға бар балалармен жұмыстар жыл бойы жүргізілді.
Жеке тұлғалық қарым-қатынасты зерттеу жұмыстар жүргізілді..
Ақпан айы
Баланың мектепке дайындығын тапсырмалар, ойындар жаттығулар жұмыстары жасалды. Балалардың таным процестерін жеке тексеру жұмыстары жүргізілді. Таным деңгейі төмендеу тәрбиеленушілермен дамыту сабағы өткізілді
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау мақсатында «Үй ағаш адам» проективтік тест жүргізілді.
Ата-аналар жиналысында «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» баяндама жасалып сауалнама алынды.
Тәрбиешілердің өзара қарым-қатынасын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Наурыз айы
Мектепке баратын балалармен таным үрдістерін дамытуға арналған сабақтары жүргізілді. Тәртібінде қиындығы бар балалармен сергіту жаттығулары жүргізіліп, жұмыстар жасалды. Ересек балалармен тұлғааралық қарым қатынасты анықтау мақсатында социометрия әдісі жүргізіліп, оқшауланған балалар жоқ екені анықталды.
Сәуір айы
Баланың мектепке дайындығын тапсырмалар, ойындар жаттығулар жұмыстары жалғастырылып, мектепке баратын балалардың ата-аналарымен балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналаған жұмыстардың қорытындысы бойынша ұсыныстар беру.
«Мектепке дайындық» психофизиологиялық дамуы, жетілуі, темперамент күйлерін, таным қсиеттерін зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Топтық және жеке жұмыстар жүргізілді.
Мамыр айы
«Сіздің балаңыз болашақ оқушы!» мектепке баратын балалардың ата-аналарымен жұмыс. Балаларының мектепке дайындығын анықтауға арналған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңес, ұсыныстар берілді. «Міне, біздер қандаймыз!» Крюкова С.В. әдістемесі бойынша балалардың көңіл-күйін жақсарту мақсатында топтық жұмыстар жүргізілді.
Жыл бойы педагогикалық кеңесте, отырыста балалармен жүргізілген психологиялық зерттеу жұмыстармен педагогтарға таныстырылып отырылды. Педагогтар арасында темперамент типін анықтау мен өзінің психологиялық ішкі дүниесінің күйі мен қоршаған ортамен қатынасын анықтау мақсатында жыл бойы әдістемелер жүргізіліп, нәтижесі шығарылып, кеңестер берілді.
2022-2023 оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылып, психологиялық кеңестер берілді. Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.
Педагог-психолог
Сагиденова Л.О.