циклограмма
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы : Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Топ: мектепалды сыныбы
Балалардың жасы : 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі : 04-08 қыркүйек 2023 жыл
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі
|
Бейсенбі |
Жұма
|
|
Балаларды қабылдау |
Әнұран айту. Таңертеңгі жаттығу «Қайырлы таң қолым» - алақанды сипаймыз. «Оянамыз көздерім!»-шапалақтаймыз. Дидактикалық ойын: «Шаршы құрастыр»
|
Сюжетті ойын: «Шаштараз» |
«Тәулік бөліктері » |
«Оң және сол» |
Дидактикалық ойыны «Шаршы құрастыр»
|
|
Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен,әңгімелесу, кеңес |
Ата-аналармен әңгіме: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
|
Ата-анаға кеңес: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
|
Психологтың кеңесі: Үйде баланың үй тапсырмасын қадағалау.
|
Ата-аналармен әңгіме
|
Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»
|
|
Балалардың дербес әрекеті (аз қимыл –ды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Дидактикалық ойын «Бұл не? Кімге керек?» Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен қажет құралдарымен таныстыру.
|
«Мен дәрігер боламын» Мақсаты: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады.
|
«Әдемі үйшік» Мақсаты:Балалар өз еріктерімен үйшікті құрастыра алады.
|
«Шаштараз» Мақсаты:Балалар ойын арқылы шаш қиюшының еңбегін түсінеді.
|
Үстел –үсті ойыны: «Менің балабақшам» Мақсаты: Түрлі-түсті ағаштар көмегімен балабақшасын құрастыру.
|
|
Ертеңгілік жаттығу |
№ 1
|
№ 2
|
№ 3
|
№ 4
|
№ 5
|
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
«Не артық» Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады. |
«Тәрбиеші апайлар» тақпағын мəнерлеп оқу. Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.
|
«Теңін тап» Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.
|
«Дүкенші» Мақсаты: Балалар мағынасын түсініп топтасып ойнауды түсінеді.
|
«Кім шапшаң» Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады
|
|
Кестеге сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекет |
1.Қоршаған ортамен таныстыру Ең жақын адамдар Міндеттері:Отба сы және отбасы мүшелері туралы ұғымдарын кеңейту. Балалар дөңгелене тұрады. «Менің анам қандай?» ойыны. Əр бала жанындағы балаға допты беріп тұрып, анасын сипаттайды. А дыбысына: ардақты, аяулы, асыл, ақжарқын, ақкөңіл, алтын Б дыбысына: биші, бақытты, балажан, білімді, бесаспап . Д дыбысына: дарынды, дана, дидарлы, досшыл Ж дыбысына: жақсы, жас, жомарт, жарқын, жұмыскер «Кім қалай жақын» ойыны. Атаңның саған қандай жақындығы бар? Əкемнің əкесі. Əжелеріңнің сендерге қандай жақындығы бар? Əкемнің анасы. Сен оларға кім боласың? Немере. Сіңлің (қарындасың) сенің əкеңе кім болады? Қызы. Сен əкеңе кім боласың? Баласы. Отбасы – өте тату, бір-біріне қамқорлық жасайтын, бақытты отбасы. «Бес саусақ» ойыны. Саусақтарын бүгіп, кезекпен атап шығады. Басбармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек. 2.Сауат ашу негіздері Жазу ережелерімен таныстыру Міндеттері:сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру арқылы қолды жазуға дайындау. Үстелде отыру ережесімен таныстыру:жазу барысында денені тік ұстап,дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз.Қарындашты 3 саусақпен-басбармақ, сұқ саусақ,жоғары тістерді төменгі тістерге тигізіп тұрып,ерінді түтікше етіп алға созу.Осы күйде 5-10сек ұстап тұру керек.Көрсету.Қа рындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Басбармақ қарындашты сол жағынан,сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді. Қарындаштың жоғары ұшы иыққа бағыттала ды.Көрсету.Жеке жұмысжүргізіледі. Саусақ жаттығуы. Кіп-кішкентай саусақтар.Шаршамай ды тынбайды. Себебі бұл саусақтар, Жаттығулар жасайды. Түрлі-түрлі сызықтарды. Дәптерлерге жазады. Еңбексүйгіш саусақтар. Бәрінен де озады. Графикалық жұмыс.Нүктелерді үзік сызықтарды көрсетілген бағыттар бойынша бастыр. 3.Музыка Білімің –бұлағың Міндеттері: Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қояндар», «Аю», «Түлкі», «Қасқыр»Балалар шеңбер бойымен жүреді де, әр аңның музыкасыойналғанда, сол аңның қимыл- қозғалысына лайық қимылдар жасайды. Музыка тыңдау: «Қосалқа» (Дәулеткерей). Домбырада орындалатын күй жанрыментаныстыру. Домбыра аспабында ойналатын шығарма түрлерімен таныстыру. Ән айту: «Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай) Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені). Балалар жұппен бірге әуенге ілесе отырып қимылдар жасайды. Ойындар, хороводтар: «Айгөлек» қазақтың халық әні 4.Дене шынықтыру Спортзалда ойнаймыз Міндеттері:Кеңіс тікті бағдарлай білу және күш секілді дене қабілеттерін дамыту. Ұйымдастыру кезеңі.Спортзалда өздерін қалай ұстау керектігі туралы әңгіме. Негізгі кезең.Бір тізбекке тұру.Ине-жіп жүрісі бойынша бір тізбекпен жүру. Құралсыз жалпы дамыту жаттығуларын орындау.Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау.Бұрылыс жасап,бір орындарында екі аяқпен секіру. Допты жоғары лақтырып,екі қолмен қағып алу.Тепе-теңдік. Жұбыңды тап ойын-жаттығуы. Мұқият бол ойын-жаттығуы.Қимыл қозғалыс ойыны: Бос орын.
|
1.Сөйлеуді дамыту Алғашқы күн Міндеттері:сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п,г-ғ,к-қ,ж-ш,з-с,н-ң,р-л дыбыстарды дұрыс,анық айтуды үйрету.тілдің грамматикалық құрылымы. Б, П дыбысының буын ішінде кездесетін сөздерге мысал келтіру. Балаларға «бала», «парта», «бақа», «бақбақ» сөздеріне сөйлем құратады. Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыру Клуб, штаб, араб, куб; Мектеп, кәсіп, ғажайып, доп, нәсіп. «Б» ұяң – дауыссыз, ал «п» дыбысы – қатаң дауыссыз. Сергіту сәті.Жел Көк теңіздей тербейсің Дәйім соғып тұрасың. Жел теңіздей шарлайды Кемеге тыным бермейді. Толқынмен бірге аунайды. Желкендерді кернейді. Жаңылтпаштар Тебіншек ат – шегіншек. Шегіншек ат – тебіншек. 2.Қазақ тілі Менің балабақшам Міндеттері:балалар ды өз балабақшасы туралы әңгімелей білуге үйрету. Қуыршақтар Сәуле мен Арман.Дидактикалық ойын:Танысу.Сенің атың кім?Менің атым... Дидактикалық ойын:Аудармашы. Жаңа сөздерді қайталау. Бірін-бірі сыйласты. Тату жүрміз бәріміз. Бал достықтың ұясы. Біздіңбалабақшамыз. Дидактикалық ойын Тыңда,көрсет,қайта ла.Баланың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту,қима қағаздармен жұмыс.
3.Математика негіздері Кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау Міндеттері:балалар ды кеңістіктік қарым-қатынастарды орнатуға үйрету. Қайда барасың, нені табасың? дидактикалық ойыны Ойын мақсаты: ойын балаларды негізгі кеңістіктік бағыттарды (алға, артқа, оң жақ,сол жақ) анықтау жәнесөзбен айтуға, заттың кеңістікте орналасуын белгілеу үшін әртүрлі кеңістіктік терминдерді (іші, үсті, арты, асты және т.б.) пайдалануға жаттықтыру үшін жүргізеді. Ойын барысы. Тәрбиешіойыншықтарды бөлменің әр жеріне тығып қояды. Мысалы: ойын барысы бойынша көзделген орналасу орнының оң жағында аюды,сол жағында шкафтың артына қуыршақты, кілемнің алдына допты,артына мәшинені.Балалардың бірін шақырып алып, Тәрбиеші оған былай дейді:Оң жаққа барсаң, аюды табасың,Сол жаққа барсаң, қуыршақты табасың.Алға қарай жүрсең, допты табасың,қарай жүрсең, мәшинені табасың. Қайда барғың келеді? Топтық жұмыс. Топтардың әрқайсысына әртүрлі заттар (кестеге ұқсас) бейнеленген жұмыс парақтары таратылады. Тәрбиеші ойын жағдаятын ұйымдастырады (ойыншықтарды табуға көмектеседі). Тәрбиеші карточкадағы суреттің орналасуын айтады, мысалы, жоғарғы сөренің оң жағы. Балалар осы жерде бейнеленген затты атайды. Оған керісінше затты атайды,балалар оның да орналасуын атайды.
«Фигура қайда жасырынды?» дидактикалық ойыны Тәрбиеші елестетілген шаршының бұрыштарымен қабырғалары және оның ортасында еденге ойыншықтар ды жайып қояды. Жетекші бала кез келген ойыншықты шаршыдан алып, басқа балалардан қай заттың артында, алдыңғы жағында, оң жағында және т.б. орналасқандығын атауға шақырады. Балалар фигураны атамай, оның орналасуын сипаттайды. «Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. Тәрбиеші партада дұрыс отыруына, қолын дұрыс орналастыруына, дәптерді және қарындаштарды қалай ұстайтынына назар аударады.
4.Шығармашылық іс-әрекет Құрастыру,сурет салу, мүсіндеу,жапсыру. Көшедегі үйлер Міндеттері: көп қабатты және бір қабатты үйлерге арналған бөлшектерді ретімен жапсыра білуге, мүсіндеуге,суретін салуға үйрету. –Балалар, үйлерді кімдер салады? Көше бейнесі бейнеленген екі ақ қағазды көрсетіп, көшелерге ат қойдырады. Балаларды екі топқа бөліп отырғызу.
Балақан-ау, балақан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат! Көп қабатты және бір қабатты үйдің жасалу жолы көрсетіледі. I топ көп қабатты үйлер бойын ш а, ал II топ бір қабатты үйлербойын ша жұмыс жасаулары тиіс
Жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөлу. Үйлердің қиып алған бөліктерін үлгіге жапсырамыз. Жұмыс толық аяқталғанда «Ұшқыштар» және «Батырлар» көшесі бойына өз үйлерін жапсыру тапсыру. Балалар шығармашылығы |
1. Сауат ашу негіздері Ауызша және жазбаша сөйлеу Міндеттері:ересектер мен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру. Сөйлеу үшін не қажет? Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?Ауызша сөйлеу:естиміз,тыңдаймыз,айтамыз.Жазбаша сөйлеу:жазылып берілетін хабар, көреміз.Ауызша сөйлеу:диалог пен монолог.Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер М.Жаманбалинов Атам мені қуантты. Маған берді құлақты: Жақсы сөзді құлағың Тыңдасын деп шырағым! Маған берді тіл ұшын, Шешен бол! деу мұнысы. Сиқырлы сандық ойыны. Мақсаты:дыбыстарды анық,асықпай,дұрыс айта білуге үйрету. Сөздерде дыбыстың дұрыс айтылуына назар аударту.Ойын барысы:тәрбиеші әдемі сиқырлы сандықтан неше түрлі ойыншықтарды шығарады.Бота,құлыншақ,аю,мысық,мәши не.Балалар ойыншықтар арқылы сөйлемдер құрап береді. Сөзді керісінше ата сөздік ойыны. Мақсаты:тәрбиеші көлемді,кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап,допты бір балаға лақтырады.Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап,допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады.Үлкен-кішкентай,кең-тар,ұзын-қысқа,биік-аласа,қалың-жұқа,сол жақта-сол жақта, жоғары-төмен. 2. Математика негіздері Біреу-көп Міндеттері:Логика лық байланыстар мен заңдылықтарды орнату білігін бекіту. Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым «Кім қай жерде тұр» ойын тапсырмасы Тәрбиеші үстелінде ойдан шығарылған шаршының бұрыштарында және оның ортасында орналасқан бірнеше ойыншықтар қойылған. Тәрбиеші қоянның артында және қуыршақтың алдында қандай зат тұрғанын атауды және т.с.с. ұсыну. «Алаңдамай жалғастыр» дидактикалық ойыны Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді: Мен сөйлемді бастаймын,ал сендер аяқтаңдар, егер «бір» деп айту керек болса, алақанды соғыңдар, «бір» деп айтыңдар. Егер «көп» деп айту керекболса, орындарыңнан тұрып «көп» деп айтыңдар. Аспанда жұлдыздар... (Көп.) Аспанда ай ... (Біреу.) Адамда ана ... (Біреу.) Мұхитта балық ... (Көп.) Егістікте бидай ... (Көп.) Аспанда күн … (Біреу.) Топтағы практикалық жұмыс қарындаштармен (таяқшалармен, текшелер мен және басқада заттармен) практикалық жұмыс Әрбір үстелге көп қарындаштарды (таяқшалар және басқалары) қояды. Үстелдің үстінде қанша қарындаш бар? (Көп.) Қанша қызыл қарындаш бар? ( Біреу.) 3.Көркем әдебиет Алтын күз Міндеттері:әдеби шығармаларды эмоцианалды қабылдауына ықпал ету,олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды,жанр ларды ажыратуды үйрету. Күндей жарық, айдай арайлы,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі күнді бастайық. Ойын:Табиғат мейірімді. Ойын шарты: -Жер-Ана мейірімді, Өйткені ол-көкеністер мен жемістерді өсіреді. -Күн мейірімді, өйткеніол жарығын, жылуын береді.т.б. Ғ.Қ.Алтын күз өлеңін жаттау. Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен, бәрін тауып беретін. Жомарт екен күз деген. Дидактикалық ойын: Қай ағаштың жемісі? Ойын шарты:алма, алмұрт,шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілуі керек. 4. Дене шынықтыру Денсаулықтың құпиясы Міндеттері:Допты ілгері бағыта оң және сол аяқ үстінің ішкі жағынан алып жүруді үйретуді жалғастыру Ұйымдастыру. Жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.Негізгі кезең. Баяу жүгіру.Тыныс алуды қалыпқа келтіру.Тепе-теңдік сақтау.Футбол.Қимыл-қозғалыс ойыны: Қармақ.Шеңберге тұру.Тәрбиеші ортада. Оң қолындағы қармақтың бір ұшынан ұстайды. Екінші ұшына құм салынған дорба байланған.Теңгерім түймесі жаттығуы. Энергетикалық есінеу жаттығуы.
|
1. Сөйлеуді дамыту Білім еліне саяхат Міндеттері: сөйлеу дің дыбыстық мәдениеті.Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п,г-ғ,к-қ,ж-ш,з-с,н-ң,р-л дыбыстарды дұрыс,анық айтуды үйрету.тілдің грамматикалық құрылымы. Армысың асыл күн, армысың жан досым. Жылуымы жылу қос, Міне,менің қолым. Білім еліне саяхат. Тапсырмалар.Дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер. Әдебиет аялдамасы.Өлең-тақпақтар,жұмбақ жаңылтпаштар,ерте гілер,қызықты әңгімелер.Әріптер әлеміндеДұрыс айт дидактикалық ойыны.Математика әлемі.санау,геомет риялық пішіндер тапсырмалары. 2.Қазақ тілі Балабақша бөлмелері Міндеттері: Сөздік ойын:Күн шуағы.Бір бірініе күнді ұсынып тілектерін айтады. Дидактикалықойын Тыңда,көрсет, қайтала.Қайталау.Жаңа сөздермен таныстыру.Ойын: Біз саяхатқа жасаймыз. Тамаша гой бақшамыз. Саяхатқа шығамыз. Алға басыпкелеміз. Бәрін бәрін білеміз. Дыбыстық жаттығулар.Жеке жұмыс. Дидактикалық ойын:Аудармашы. Бөлмелердің атауы. Қазақ тілі кабинеті, музыка залы, дәрігер бөлмесі. 3. Математика негіздері Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру Міндеттері:заттар ды ортақ қасиеті бойынша топтарға біріктіру. Ойын жағдаяты: Әлия мен Сырым санау құралдары бар топқа:жемістер, көкөністер, тәттілер, қарбыз салынған себет (жазық немесе көлемді) әкеледі. Анамыздың базардан жеміспен көгөніс сатып әкелгенін айтады. Ойын жағдаяты «Анамызға дастарқан жаюға көмектесеміз» Практикалық тапсырмаларды орындау. 4.Музыка Білімің –бұлағың Міндеттері: Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қояндар», «Аю», «Түлкі», «Қасқыр»Балалар шеңбер бойымен жүреді де, әр аңның музыкасы ойналғанда, сол аңның қимыл- қозғалысына лайық қимылдар жасайды. Музыка тыңдау: «Қосалқа» (Дәулеткерей). Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру. Домбыра аспабында ойналатын шығарма түрлерімен таныстыру. Ән айту: «Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай) Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені). Балалар жұппен бірге әуенге ілесе отырып қимылдар жасайды. Ойындар, хороводтар: «Айгөлек» қазақтың халық әні
|
1. Көркем әдебиет Күз жомарт Міндеттері: әдеби шығармаларды эмоцианалды қабылдауына ықпал ету,олардың мазмұнын түсіну,себеп-салдарлық байланыстарды,жанр ларды ажыратуды үйрету. Күз туралы суреттер бойынша күз мезгіліне əңгіме құрайды.
Балалар, күз мезгілінде күн суытып, əлсін-əлсін жаңбыр жауады. Жемістер мен көгөністер піседі. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Сондықтан күз мезгілін «Күз – жомарт» деп атайды. Біз бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Күз – жомарт» өлеңімен танысамыз. Өлең жанры шағын шығарма екенін естеріне түсіреміз. Күз – жомарт Тоңазып атырап, Көк жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі. Күз жомарт деймізбіз, Жемісін жейміз біз.
2.Сауат ашу негіздері Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту Міндеттері: ересектер мен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру. Дыбыстар қайда орналасқан ойыны Ойын мақсаты: дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Ойын шарты:үш сандықша жасалынады. Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында,екінші дауысты дыбыс ортасында,үшінші дауысты дыбыс соңында көрсетілген. Балаларға жазылған сөздер үлестіріліп береді.Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап ойыны Мақсаты:балаларды жұп ұғымымен таныстыру.Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінеді.Балалар бір мультфильмнң екі кейіпкерлерін тауып, оларды жүптастырып қоюлары тиіс.Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды. 3. Қоршаған ортамен таныстыру Мен және менің отбасым Міндеттері:Әр маманның жұмысымен таныстыру «Сөйлеп тұрған кім?» ойыны. Тәрбиеші сөйлем оқиды, балалар сөйлемді тыңдап, мамандық иесін табады. Балмұздақ, балмұздақ! Тəтті, шоколад қосылған. Сатушы. Балалар, кітаптарыңды алып, партаға қойыңдар. Мұғалім. Аузыңды кең ашып, тамағыңды көрсетіп: «А-а-а!» – деп айт. Дəрігер. Қош келдіңіздер! Мына əн сіздерге арналады! Əнші. Біздің ұшақ Алматы қаласының əуежайына қонды. –Стюардесса. «Күн тəртібін ретімен орналастыр» ойыны Бір бала тақтаға шығып, суреттерді балаларға көрсетеді, балалардың ұсынысы арқылы, балалар ұйықтап жатқан, ұйқыдан кейінгі шынықтыру шараларын орындап жатқан, бесін ас ішіп отырған, серуенде жүрген, кешкі ас ішіп отырған, ата-анасымен үйге қайтып бара жатқан суреттерді орналастырады. Қандай күн тəртібі кезеңдері бейнеленген? Сендердің жандарыңда күні бойы кім жүреді? Сонымен қандай мамандықпен таныстық? Балалардың жауаптары тыңдалады «Ыстық картоп» ойыны. Барлығымыз бірге шеңберге тұрайық. Шеңбер бойымен картоптың суретін тез тез бір-бірімізге ұсынып, балабақшада дайындалатын тағамның атын атаймыз. ы «Қажетті құралдарды жина»ойыны (Үстелде əртүрлі заттар шашылып жатады, соның ішінен мейірбикеге қажетті құралдарды жинап, сөмкеге салу қажет). «Не үшін керек?» ойыны Педагог карточкаларды көрсетеді, ал балалар бұл заттардың кір жуушы апайға не үшін қажет екенін түсіндіреді. Олар: кіржуғыш мəшине, үтік, үтіктеу тақтасы, киім кептіргіш, балалар сабыны, кіржуғыш ұнтағы. 4. Дене шынықтыру Күлкі сыйла Міндеттері:Қозғалыс барысында сап түзеп жүру дағдыларын жетілдру.Жүру,жүгірусекіруге жаттықтыру. Менің денем. Массаж.Жалпы дамыту жаттығуларын таяқпен орындау. Құрсаудан құрсауға екі аяқпен секіру. Негізгі қимыл қозғалыстар.Ойын: Қайда жасырылғанын тап. |
|
Серуенге дайындық |
Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. |
Серуенге ойын құралдарын дайындау. |
Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. |
Серуен кезінде ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбек-сүйгіштікке баулу. |
Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. |
|
Серуен |
№ 1 |
№ 2 |
№ 3
|
№ 4 |
№ 5 |
|
Серуеннен оралу |
Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру.
«Көшедегі үйлер» Мақсаты: Балаларға жалпы үйлер туралы түсінік беру. Көшедегі үйлерді әр түрлі фигуралардан қиып жапсыруға дағдыландыру.
|
Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүру.
|
Кім жылы сумен жуынса-өте жақсы сол бала.Кім салқын сумен жуынса –батыр бала ол бала.Ал егерде ол жуынбаса –ештене деп аталмайды ол бала.
«Табиғатта қандай өзгерістер болды?» Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін қайталату. Жанды және жансыз табиғат туралы түсіндіру. |
Балалардың киімдерін ретімен шешінуге дағдыландыру.
«Күзгі орман» Мақсаты: Күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру. Күзгі орман туралы түсініктерін әрі қарай толықтыру.
|
Достарымен ішке кіру. «Менің досым» Мақсаты: Дос туралы түсінік беру. Досы туралы әңгімелеуге үйрету.
|
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Дербес ойын «Қуыршақты тамақтандыр». Мақсаты:Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
|
Танымдық-қимылды ойын: «Аңдар жүрісі» Мақсаты:Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады.
|
Суреттік боямалар «Кім,қайда өмір сүреді» Мақсаты: Балалар суретті таза бояп, туған жеріндегі жан-жануарлардың мекендерімен таныса алады.
|
Кітаппен жұмыс «Аспазшы» Мақсаты: Балалар аспазшы туралы түсіндіре алады.
|
Дербес ойын «Мозайка» Мақсаты:Балалар мазайканың ұсақ бөліктерін орналастыра алады.
|
|
Балалармен жеке жұмыс |
Жеке баламен жұмыс: Жұлдызға қаламды дұрыс қолдануға үйрету.
|
Жеке баламен жұмыс: Зейнурге түстерді ажырата білуге үйрету.
|
Жеке баламен жұмыс: Інжудіңқұрастыруға деген қызығушылығын арттыру. |
Жеке баламен жұмыс: Алияға қаламды дұрыс ұстауға үйрету.
|
Жеке баламен жұмыс: Аманға суретті ұқыпты, толық бояу қажеттілігін айтып түсіндіру.
|
|
Балалардың үйге қайтуы |
Ата-анаға кеңес: «Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз» |
Психологтің кеңесі: Өз құралдарын күтіп ұстау туралы керектігін жиі айтып тұру.
|
Балалармен өз отбасы туралы әңгімелесу. Нұрияның ата-анасымен сөйлесу, жетістіктері мен тәртібі туралы айту. |
Ата-аналармен әңгімелесу. Балаларды қайтару.
|
Кеңес: «Бала мен қоғам»
|
Тексерілді: Бахманова Ж Б