"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізілуінің актісі

Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізілуінің актісі

 

Күні: 6 қыркүйек, 2022 жыл

 

2021  жылдың  6 қыркүйектегі №240 тамақтануды ұйымдастыру туралы бұйрығы негізінде оқушыларды ыстық тамақпен тамақтануды ұйымдастыру бойынша комиссия мүшелерімен жұмыс жоспары бекітілді:

 

1. Комиссия төрайымы, мектеп директоры: Болатова А.Ш.

 

2. Мүшесі тәрбие жұмысының орынбасары: Шокаева С.С.

 

3. Мүшесі ата-аналар комитетіінің төрайымы: Имекенова А.Д.

 

4. Мүшесі, мектеп медбикесі: Каримова Б.Н.

 

5. Мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрайымы: Багауиева А.Ш.

 

Оқушылардың асханадағы тамақтану кестесі құрылып, таныстырылды.

І ауысымға жауапты сынып жетекшілер мен кезекші мұғалімдер.

 

10:05-10:20     1-4 сыныптар

11:05-11:10     5-9 сыныптар

11:55-12:10     10-11 сыныптар

Асханадағы санитарлық жағдайы, сатып алу, азық-түлік өнімдерін жеткізу және қабылдау рәсімдері, тамақтың дайындалуын ұйымдастыру, азық-түлік өнімдерінің сақталу мерзіміне және тамақтың сапасына талаптардың сақталуы күнделікті бақылауға алу және оқушылардың тамақтану мәзірін бақылау жыл бойы комиссия мүшелеріне тапсырылды.

 

Шешім:

Оқушылар ыстық тамақпен қамтылсын. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.

 

Бракераждық комиссия төрайымы:                   Болатова А.Ш.

Мүшелері:                                                            Шокаева С.Б.

                                                                               Имекенова А.Д.

                                                                               Каримова Б.Н.

                                                                               Багауиева А.Ш.

Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізілуінің актісі

 

Күні: 22 қараша 2022ж

 

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің жұмысы.  Мектеп асханасында ыстық тамақ ішу талапқа сай ұйымдастырылған. Тамақтың берілу жағдайы мен сапасы, дайын ыстық тағамдар мен аспаздық тағамдардың пісу  деңгейі, күнделікті тағамдар тексеріліп тұрды.  Барлық уаққытта  тамақтың дәмі, иісі, құрамы нормаға сай болып, тағамдардың берілуі бойынша бекітілген ас мәзіріне сәйкес мөлшері  нақты болды. Берілетін тағамдардың сапасы жарамды, жіберген мерзімі өтпеген, жемістер, көкөністер, ет, май, құнарлы барлығы тоңазытқышта сақтаулы  болды. Тамақтың берілуі ас мәзірінде көрсетілген тамақ түрі бойынша ғана берілді. Асханада  техникалық  құрал-жабдықтар жұмыс істеп тұрды.  Күнделікті тамақтың қанша  мөлшерде  беріліп жатқаны өлшенді, дәмі тексеріліп, тіркеу журналына көрсетіледі.

Ас дайындау барысында үстелдер, отыратын орындықтар, ыдыстар, өзгеде ас дайындау құралдары санитарлық гигиеналық талаптарға сай болды. Ыдыстар, асхана бөлмесі, тамақтанатын бөлме, күнделікті тазартудан өткізіліп, залалсыздандыру әдістері жүргізіліп тұратыны анықталды. Тамақтану барысындағы  тамақ берілу реттілігі, тәртіптің сақталуы, әдептілік, тамақтану мәдениеті, кезекшілік белгілі бір реттілікпен өткізіліп тұратындығы  қадағаланады.

 

Шешім: Азық-түліктерді уақытылы пайдалану және олардың сақталу мерзімі. Азық-түліктердің іріктеме бақылау міндетті түрде тексерілуде

 

 

Бракераждық комиссия төрайымы:                   Болатова А.Ш.

Мүшелері:                                                            Шокаева С.Б.

                                                                               Имекенова А.Д.

                                                                               Каримова Б.Н.

                                                                               Багауиева А.Ш.

 

Жаңартылған күні: 10.02.2023 14:52
Құрылған күні: 10.02.2023 14:52

Текст