Тәрбиелеу - білім беру үрдісінің циклограммасы
Білім беру ұйымы : Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Топ: мектепалды сыныбы
Балалардың жасы : 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі : 11-15 қыркүйек 2023 жыл
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі
|
Бейсенбі |
Жұма
|
Балаларды қабылдау |
Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу. Балабақшаға саяхат Сюжеттік ойын: «Менің балабақшам» Мақсаты: Балаларға «Балабақша» туралы түсінік беру олардың үлкенді сыйлауға үйрету, қызметкерлердің жұмысымен таныстыру.
|
Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу. Әнұран айту Дидактикалық ойын «Менің үйім» Мақсаты:Түрлі-түсті ағаштардын биік үй құрастыру.
|
Бəріміз тақпақ айтамыз. Буын Мақсаты: Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, 8 əріп элементтерін жазу. Қимылды ойын: «Кім жылдам» Мақсаты: Түрлі-түсті стакандардан биік ғимарат құрастыру.
|
Сөздік ойын «Жаңылтпаш» Мақсаты: Тәрбиешінің сөзін балалар жалғастыру.Сөйлеу тілін дамыту.
|
Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу. Табиғатпен танысу Табиғат неткен көрікті, Жапырақтай жайқалып, Гүлдей жайнап өсеміз. Бір отырып, бір тұрып, Билеп-билеп аламыз.
|
Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру |
Ата-аналармен әңгіме: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
|
Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.
|
Ата-аналармен әңгіме: Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз. |
Ата-аналармен әңгіме: Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту. |
Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»
|
Балалар дың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс Мақсаты: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
|
Дидактикалық ойын «Бұл не? Кімге керек?» Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен қажет құралдарымен таныстыру.
|
«Әдемі үйшік» Мақсаты:Балалар өз еріктерімен үйшікті құрастыра алады.
|
Тіл ұстарту жаттығулары
|
Үстел –үсті ойыны: «Менің балабақшам» Мақсаты: Түрлі-түсті ағаштар көмегімен балабақшасын құрастыру.
|
Ертеңгілік жаттығу |
№ 6
|
№ 7
|
№ 8
|
№ 9
|
№ 10
|
Ұйымдас тырылған іс-әрекетке дайындық |
«Кім шапшаң» Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады
|
«Тәрбиеші апайлар» тақпағын мəнерлеп оқу. Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.
|
Тіл ұстарту жаттығулары «Теңін тап» Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.
|
«Дүкенші» Мақсаты: Балалар мағынасын түсініп топтасып ойнауды түсінеді.
|
«Не артық» Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады.
|
Кестеге сәйкес ұйымдас тырылған іс-әрекет |
1.Қоршаған ортамен таныстыру Менің мекен жайым Міндеттері:Өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету. Балалар өздері туралы мкенжайын,тұрғылықты жерін атайды. «Баспана» ойыны. Е. Елубаевтың өлеңі бойынша жүргізіледі. Мұны дəл, біліп ал. Допты лақтырып, өлең жолдарын оқиды, балалар аяқтау қажет. Балалар айта алмай қиналса, тəрбиеші көмектеседі. Тышқандікі – ... (ін) Түлкінікі – ... (жым) Қойдікі – ... (қора) Аранікі – ... (ұя) Бақанікі – ... (көл) Өрмекшінікі – ... (тор) Тауықтікі – ... (күркешік) Күшіктікі – ... (үйшік) Ғажайып жағдаят. Есік қағылып, қуыршақ Ақжарқын кіреді. Сəлеметсіңдер ме, балалар, менің атым – Ақжарқын, мен адасып кеттім, мағанкөмектесіңдерші Ақжарқын, неге адасып кеттің? Өйткені мен өзім тұратын үйді білмеймін. Балалар айтыңдаршы, сендер осы балабақшада тұрасыңдар ма? Жоқ! Таңертең аналарымыз бен əкелеріміз жұмысқа кеткенде, біз балабақшаға келеміз, ал кешке үйге қайтамыз. Сендер қай үйде тұратындарыңды қалай білесіңдер? Əр үйдің өз нөмірі бар.Балалар өзіміз тұратын үй қалай аталады? Өзіміз тұратын үй мекенжай деп аталады. 2.Сауат ашу негіздері Жазу бетін бағдарлау,жазу жолын,жоларалық кеңістікті ажырату,тор көз дәптерге кең сызықтар,әріп элементтерін жазу Міндеттері:Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Саусақ жаттығуы Кіп-кішкентай саусақтар.Шаршамай ды тынбайды.Себебі бұл саусақтар. Жаттығулар жасайды Түрлі-түрлі сызықтарды. Дәптерлерге жазады. Еңбексүйгіш саусақтар, бәрінен де озады. «Қызықты құрылымдар» ойыны Дидактикалық міндеті: балаларды сөзді дыбыстық құрамына талдауға жаттықтыру. Қажетті заттар: сөздердің құрылымдары, жетондар. Мазмұны: тақтада үш сөздің құрылым дары, мысалы: доп, шана, қоян, əке жəне т. б. Балалар берілген құрылым дар бойынша сөздерді тауып айтады. Жеңімпаз балаларға жетондар беріледі. Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс) Нүктелер мен үзік сызықтарды көрсетілген бағыттары бойынша бастыру. 3.Музыка Нота үйренейік Міндеттері: Шығарманың эмоциялық мазмұнын,олардың сипатын,көңіл күйін әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (В. Дешевов). Балалар шеңбер бойымен әуенге ілесіп, аяқты нық басып, тізені көтере марш екпінімен жүреді.Музыка тыңдау.Ән айту: «До-ре-ми» (Ө.Байділдаев). Музыка әлемі туралы кіріспе сөз айтып, балаларды музыкадан хабардар ету. Нота деген сөз музыка дыбыста рының қағаз бетіне түсірілген белгі екенін айту. түсіндіру. Жеті нотамен таныстыру. Дыбысталуын үйретіп, ноталардың белгіленуін көрсету. Таныс «Білімің – бұлағың» әнін (Т. Қоңыратбай) қайталау, әнді үйренуді жалғастыру. Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені). Үйренген би қимылдарын әрі қарай жалғастыру, есте сақтау.Ойындар, хороводтар: «Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық ойындар» жинағынан). Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай). 4.Дене шынықтыру Біз күшті және ержүрекпіз Міндеттері:Қозғалыс кезінде қайтадан сап құрып тізбекпен жүру және бағытты өзгертіп жүру дағдыларын жетілдіру. Спорт сенің серігің. Жанға дауа,қолға күш. Серпілтетін адамды. Қимыл менен қозғалыс.Қозғалыс кезінде қайтадан сап құрып тізбек пен жүружәне бағыттыөзгертіп жүру. Көзді жұмып, баяу қарқынмен жүру – 4 метр. Жалпы дамыту жаттығуларын таяқпен орындау Таяқпен орындалады; стретчинг; сколиоздың алдын алуға арналған жаттығулар. Таяқтарды қолдарына алады (таяқтың бір ұшын алақандарына тіреп, қолдың бойында тігінен ұстап тұрады), тізбекте арақашықтықтарын сақтап тұрады – 3 адым. Дене бітімдерін түзу ұстайды. Қимыл-қозғалыс ойыны.Тым-тырақай. Тыныс ал және жақсы ойла ойын жаттығуы.
|
1.Сөйлеуді дамыту Менің досым Міндеттері:Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдің грамматикалық құрылымы. Достар достар әнін тыңдау.Суретке қарап,әңгіме құрау. Адал дос әңгімесін оқу.Мақал мәтелдер. Досы көпті жау алмайды.Ақылы көпті дау алмайды. Дос,доссыз өмір бос.Дидактикалық ойын:Бір сөзбен ата. Ойын шарты: тәрбиеші қолындағы допты лақтырып көп сөз айтады, допты қағып алған бала сол сөздердің жалпылама , баламасын айтады.Мысалы: әке, ана ,аға,тәте – отбасы. Кесе, шәйнек,шаныш қы, қасық –...т.б. 2.Қазақ тілі Біздің топ Міндеттері:Топтағы заттардың атауын еске түсіру,жекеше-көпше түрде айтуға үйрету. Ойын:Кім тапқыр Тәрбиешініңайтқан сөздеріне сәйкес қима суреттерді көрсету. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. Ойын: «Біз саяхат жасаймыз». Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз. Алға басып келеміз, Бәрін, бәрін білеміз Ойын: «Біреу – көп». заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. Ойыншық – ойыншықтар кереует – кереуеттер гүл – гүлдер үстел – үстелдер орындық – орындықтар Сөздік ойын: «Жалғасын тап».Суреттердікөрсетеді,суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды. 3.Математика негіздері 0 саны мен цифры Міндеттері:0 саны мен цифрын таныстыру.Сан және санау.10көлемінде сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.Санап шық бойжазу жаттығуы. Тапсырма.Суретпен жұмыс.Сипатта. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Аққала ойыны Математикалық жазулар.Дәптермен жұмыс.0 цифрын жазу және бастыру.Бүкіл жолды алдымен үзік сызықпен,содан кейін сызықсыз жазу.Бағытқа сәйкес қисық сызық түсіру. 4.Шығармашылық іс-әрекет Құрастыру,сурет салу, мүсіндеу,жапсыру. Автобус. Міндеттері:Заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білу дағды ларын қалыптастыру Балалардың назарын үлестірмелі материалға аудару. Әдіс-тəсілдері мен техникасын түсіндіру. Автобустың негізгі бөлігін шығару үшін тіктөртбұрыштың жоғарғы екі бұрышын доғалдап қиямыз. Қағазды екі бүктеу арқылы дөңгелек пішіндерді қию. Автобустың терезелерін бүктеу əдісін қолдана отырып, бірден бірнеше төрт бұрышты қию əдісін көрсету. Шеткі екі терезенің жоғарғы бұрыштарын доғалдап қияды. Дайын бөлшектерді үлгіге кеңістікті дұрыс пайдалана отырып, (алдына, ортасына қатарлап, төменгі жағына) желімді ұқыпты жағып жапсырамыз. Пойыз ойыны. Балалардың шығармашылығы.
|
1. Сауат ашу негіздері Жазу сызығы мен жоларалық кеңістік арасындағы айырмашылық Міндеттері:Жазу парағында бағдарлай білу,жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету. Дəптермен жұмыс жасау үшін, қолданылатын шартты белгілермен таныстыру.Үстелде дұрыс отыруды, дұрыс қалам ұстауды үйрен. Сымбатты мүсін тек əдемілік емес, ол денсаулыққа пайдалы.«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық жаттығуы.Шарты:тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп, 1-топқа екі дыбыстан, 2-топқа үш дыбыстан, 3-топқа үш дыбыстан көп дыбыстан құралған сөздер ойлап айтуға тапсырма береді. 1-топ: ет, ұн, ал, мə, от, ки, ми, қи, ой,өр, үр,аң, ат, ши т.б. 2-топ: бал, қал, сал, бар, жар, мөр, көр,кел, қой, ала, қар, тор, бор, тар, көк, теп, сеп, жат, кет, қап, шие, сыз, қыз т.б. 3-топ: қара, тара, жара, сары, қора, қылыш, сағыз, алма, қалма, өрік, бөрік, түйе, сиыр, қала, дала, бала т.б. Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс) Нүктелер мен үзік сызықтарды көрсетілген бағыттары бойынша бастыру. 2. Математика негіздері Пішіндерді көшіріп сал Міндеттері:Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.Нүкте лерді,өрнектерді салуға тік және көлбеу таяқша ларды ,қисық қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету. «Не қайда тұр?» ойыны. Балалардың алдына әртүрлі заттар қойылады. Оларды ойдағышаршының бұрыштарына және ортасына орналасты рамыз.Жүргізуші балалардан қоянның артында және қуыршақтың алдында немесе түлкінің оң жағында және қуыршақтың алдында тұрған заттың атын сұрайды. «Не өзгерді?» ойыны. Үстелде бірнеше зат жатыр. Балалар Олардың қалай орналасқанын жаттап алады.Содан соң көздерін жұмады. Тәрбиеші бір-екі заттың орнын ауыстырады. Көзін ашқаннан кейін балаларқандай өзгерістер болғанын, заттың бұрын қайда тұрғанын,қазір қай жерде тұрғанын атап көрсетеді.Мысалы, қоян мысықтың сол жағында тұрған, енді ол оның оң жағында тұр немесе қуыршақ аюдың оң жағындатұр еді, енді ол алдына шығып кетіпті және т.б. Математикалық жазулар.Пішіндерді көшіріп сал. 3.Көркем әдебиет Кішкентай бағбан Міндеттері:Әдеби шығармаларды эмоцианалды қабылдауына ықпал ету,олардың мазмұнын түсіну,себеп-салдарлық байланыстарды,жанр ларды ажыратуды үйрету. «Сиқырлы қоржын» ойыны. Қоржында əртүрлі жемістер бар.
Балалар қоржыннан бір-бірлеп жемістерді алады да, атын атайды.
Жемістер қайда өседі? М.Төрежанов Кішкентай бағбан әңгімесінін оқу.Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.Суретпен жұмыс.Жемістер мен көкөністерді ата.Мақал. Еңбекпенен тапқаның, Шекер балдантатқаның 4. Дене шынықтыру Мен ойнағанды жақсы көремін Міндеттері:Допты басына асыра бір біріне лақтырып,оны екі қолмен қағып алуды үйрету.Шашырап жүру,белгі бойынша қайтадан сап түзеп бір тізбекке тұру.Орташа қарқынмен жүгіру, аяқтың ұшымен жүру, тізбекке екі-екден тұру.Доппен жалпы дамыту жаттығуларын орындау.Негізгі қимыл қозғалыстар.Тепе-теңдік.Қимыл қозғалыс ойындары.Жүгіру. Құлақ пен мойынға арналған ойын. |
1. Сөйлеуді дамыту Менің сүйікті ойыншығым Міндеттері: Сөйлеу дің дыбыстық мәдениеті.Тілдің грамматикалық құрылымы.Ойын бұрышына саяхат -Балалар, мына көріп тұрғандарың "Шаштаразбұрышы мынау ақ халат, жедел жәрдем, дәрі-дәрмек, ине, барометр,кеуде тыңдағыш тұрған бұрыш қалай аталады? Ал ыдыстар,жапқыш тар тұрған бұрыш қалай аталады? Көліктер, жол белгілері, бағдаршам тұрған бұрыш қалай аталады? Балалар, сендер ойын бөлмесінен қандай ойыншықтарды көрдіңдер? Ойыншықтар неден жасалған екен? Ойыншықтардың түстері қандай? Ойынбұрышында көрген доп "Д" дыбысынан басталады. Ал шаштараз бұрышындағы тарақтар "Т" дыбысынан басталып тұр. «Д» және «Т» дыбыстары – бір-біріне ұқсасдыбыстар. Дидактикалық ойын.Жасырын ған ойыншықты тап.Жаңылтпаш жаттау.Топ-топ бала.Ойнап жүр топтала. Зымырап допты ала.Қуады көп бала.Ойыншық тың суретін салу. 2.Қазақ тілі Біз балабақшада не істейміз? Міндеттері: Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандық». «Біздің топ» тақырыпты қайталап, сандықтағы қима суреттерге сөйлем құрайды.Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. Сөздік ойын: Жалғасын тап Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап,сөйлем құрайды. Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Тәрбиеші сөздерді орыс тілінде айтады, балалар қазақ тіліне аударады. Делаем зарядку – жаттығу жасаймыз. Кушаем – тамақ ішеміз. Поем – ән айтамыз. Танцуем – би билейміз. Рисуем – сурет саламыз Гуляем (идем на прогулку) – серуенге барамыз. Спим – ұйықтаймыз. 3. Математика негіздері Нүктелерді бастыр Міндеттері: Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.Нүкте лерді,өрнектерді салуға тік және көлбеу таяқшаларды қисық қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.«Ұқсасын тап» ойыны.Балалар тәрбиеші көрсеткен заттардың суреті салынған картинаны іздейді.Содан соң заттардың қалай орналасқанын суреттейді: «Сол жақта бірінші піл, оның артында маймыл, ең соңында аю тұр» немесе «Ортасында үлкен шәйнек, оның оңжағында көгілдір тостаған, сол жағында қызғылт тостаған тұр». «Өз өрнегің туралы айтып бер» ойыны. Әр баланың қолына ою-өрнегі бар сурет (кілемше)беріледі. Балалар өрнектердің қалай орналасқанын айтып беруі тиіс: жоғарғы оң жақ бұрышта – шеңбер, жоғарғы сол жақ бұрышта – шаршы, төменгі сол жақ бұрышта – сопақша, төменгі оң жақ бұрышта – тіктөртбұрыш, ортасында – үшбұрыш. 4.Музыка Нота үйренейік Міндеттері: Шығарманың эмоциялық мазмұнын,олардың сипатын,көңіл күйін әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (В. Дешевов). Балалар шеңбер бойымен әуенге ілесіп, аяқты нық басып, тізені көтере марш екпінімен жүреді.Музыка тыңдау. Ән айту: «До-ре-ми» (Ө.Байділдаев). Музыка әлемі туралы кіріспе сөз айтып, балаларды музыкадан хабардар ету. Нота деген сөз музыка дыбыстарының қағаз бетіне түсірілген белгі екенін айту. түсіндіру. Жеті нотамен таныстыру. Дыбысталуын үйретіп, ноталардың белгіленуін көрсету. Таныс «Білімің – бұлағың» әнін (Т. Қоңыратбай) қайталау, әнді үйренуді жалғастыру. Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені). Үйренген би қимылдарын әрі қарай жалғастыру, есте сақтау. Ойындар, хороводтар: «Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық ойындар» жинағынан). Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай).
|
1. Көркем әдебиет Жемістер жыры Міндеттері: Әдеби шығармаларды эмоцианалды қабыл дауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну,себеп-салдарлық байланыстарды,жанр ларды ажыратуды үйрету. Берекесін сыйлауға (Қолдарын алға қарай созады) Өлкемізге күз келді. (Қолдарын шапалақтайды) Жемістерін жинауға (Жемістерді көрсетеді) Шақырады біздерді. (Қолдарын жоғары көтеріп қуанады) Р.Қунақова Жемістер жыры өлеңін оқу. Суретте не бейнеленген? Жемістердің пайдасы туралы не айтар едің? Қыздың себетіне жемістерді сызықпен қосып сал. Жаңылтпашты жаңылыспай айт. Не деген таңғажайып бақша бұл – Төбеден алма қарша жауып тұр. Дидактикалық ойын: «Дəмін тат». Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар дың көзін кезекпен байлап, кесілген дайын жемісті аузына салады. Бала дəмі бойынша қандай жеміс екенін табады. 2.Сауат ашу негіздері Геометриялық пішіндерді штрихтау Міндеттері:Жазуды көзбен қадағалай отырып,қаламды немесе қарындашты дұрыс,еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей,саусақтар мен біркелкі жоғарыдан төменге,солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу. «Мен айтамын, ал сен көрсет» дидактикалық жаттығуы.Менсендерге іс-əрекетті білдіретін сөздерді айтамын, ал сендер сол сөздерді орындайсыңдар. Мысалы: жүгіру,секіру, отыру, бір аяқпентұру, қолды көтеру, отырып-тұру, қолды алдыға сөзу, шапалақтау, бір орында жүру т.б. Саусақ жаттығуы Партадағы саусақтар, Адымдайды жүреді. Өнерлі бұл саусақтар, Сурет сала біледі. Ортаңғы мен сұқсаусақ, Түйеқұсты салады. Төңкеріліп аспанға. Қоян да бола алады. Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс) Нүктелер мен үзік сызықтарды көрсетілген бағыттары бойынша бастыру. Пішіндерді штрихтау. 3. Қоршаған ортамен таныстыру Ауыл мен қала адамдарының еңбегі Міндеттері:Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. «Өнімдер» ойыны Тәрбиеші балаларға доп лақтырып, тамақ немесе өнеркəсіп өнімдерін атайды. Балалардың міндеті ауылшаруашылық өнімдерінің атауларын тауып айту. Мысалы: 1.Орамжапырақ, пияз, журнал. 2. Сары май, дəптер, қарындаш 3. Күріш, сағат, картоп... «Қатемді түзе» ойыны балаларға сөйлем оқиды, балалар қателерді түзеу керек. Бидай ағашта өседі. Сиыр кəмпит жейді. Қызанақ жердің астында өседі. Алма төртбұрыш пішінді. Қарбыздың іші сары. Ойын сəті. Тәрбиеші беті жабық себет алып шығады. Менің қолымдағы себетте өте дəмді, біздің дастар қанымыздан күнде көретін, балаларға өте пайдалы тағам. Ол қандай тағам? (Себет толған сүт, айран, қатық, ірімшік т.б. өнімдері). Біздің бəріміз дəмді жəне пайдалы сүтті жақсы көреміз. Қандай малдың сүтін шайға қосамыз, ішеміз? (Сиырдың). Сиырды сауатын адамдар қалай аталады? (Сауыншылар). 4. Дене шынықтыру Керуен Міндеттері:Балалардың қозғалыс тәжірибелерін толықтыру.Қимыл қозғалыс ойыны. Асық алу.Терек қырғыз халқының ойыны. Секір-секір секір татар халқының ойыны. Әртүрлі бағытта бір аяқпен секіру.Шеңберді айналдыра құрсаулар ды тастайды. Балалар осы құрсау ішінде тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Жүргізуші: «Секір-секір!» дегенде, ойыншылар секіріп, орындарынауыстырадыОсы кезде жүргізуші бір аяғымен секіріп, бос орынға тұрып алуға тырысады. Орынсыз қалған бала жүргізуші болады. Бірде-бір рет жүргізуші болмаған бала жеңімпаз саналады.Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орамалды шығар» (Дағыстан халқының ойыны)Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады. Араларына сызық сызылады. Әр баланың артында – белдіктерінде орамал тығулы тұрады. Балалар алдыға жылжиды. Жүргізуші: «От!» дегенде, бірінші топтың балалары қашады, екінші топтың балалары оларды қуып,орамалдарын шығарып алуға тырысады. Келесі жолы екінші топ балалары оларды қуады.
|
Серуенге дайындық |
Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. |
Серуенге ойын құралдарын дайындау. |
Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. |
Серуен кезінде ұйыымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбек-сүйгіштікке баулу. |
Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. |
Серуен |
№ 6
|
№ 7
|
№ 8
|
№ 9
|
№ 10
|
Серуеннен оралу |
Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру.
«Көшедегі үйлер» Мақсаты: Балаларға жалпы үйлер туралы түсінік беру. Көшедегі үйлерді әр түрлі фигуралардан қиып жапсыруға дағдыландыру.
|
Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүру.
|
Кім жылы сумен жуынса-өте жақсы сол бала.Кім салқын сумен жуынса –батыр бала ол бала.Ал егерде ол жуынбаса –ештене деп аталмайды ол бала. «Табиғатта қандай өзгерістер болды?» Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін қайталату. Жанды және жансыз табиғат туралы түсіндіру.
|
Балалардың киімдерін ретімен шешінуге дағдыландыру.
«Күзгі орман» Мақсаты: Күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру. Күзгі орман туралы түсініктерін әрі қарай толықтыру.
|
Достарымен ішке кіру. «Менің досым» Мақсаты: Дос туралы түсінік беру. Досы туралы әңгімелеуге үйрету.
|
Балалар дың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
«Саңырауқұлақтар» Мақсаты: Балаларға саңырауқұлақ туралы түсінік беру. Саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету. Саусақ моторикасын дамыту.
|
Танымдық-қимылды ойын: «Аңдар жүрісі» Мақсаты:Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады.
|
Суреттік боямалар «Кім,қайда өмір сүреді» Мақсаты: Балалар суретті таза бояп, туған жеріндегі жан-жануарлардың мекендерімен таныса алады.
|
Кітаппен жұмыс «Аспазшы» Мақсаты: Балалар аспазшы туралы түсіндіре алады.
|
Дербес ойын «Мозайка» Мақсаты:Балалар мазайканың ұсақ бөліктерін орналастыра алады.
|
Балалар мен жеке жұмыс |
Жеке баламен жұмыс: «Қоржынды сәндейміз» Мақсаты: Қазақтың үй бұйымы – қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сурет салу Алинур, Рамазан |
Жеке баламен жұмыс: «Отбасының күзгі еңбегі» Мақсаты: Отбасымен бірге күзгі еңбекке баулу. Суреттер бойынша әңгімелеу.Сөздік қорларын дамыту. Сөйлеуді дамыту Аяла, Айгерім |
Жеке баламен жұмыс: Інжудіңқұрастыруға деген қызығушылығын арттыру. Құрастыру Бекзат, Нұрсұлтан |
Жеке баламен жұмыс: Алияға қаламды дұрыс ұстауға үйрету.
|
Жеке баламен жұмыс: «Автобус» Мақсаты:Автобус туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сурет салу Айлин, Айбек |
Серуенге дайындық |
Балалардың киіну реттілігін бақылау. |
Сыртқы киімдерін ауыстырып киюді қадағалау. |
Балалармен жеке әңгімелесу. |
Серуенге шығамыз деген нұсқаумен барлық балалар орындарына тұру. |
Балаларды табиғатпен таныстыру. |
Серуен |
№ 6
|
№ 7
|
№ 8
|
№ 9
|
№ 10
|
Балалар дың үйге қайтуы |
Ата-анаға кеңес: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
|
Психологтың кеңесі: Үйде баланың үй тапсырмасын қадағалау.
|
Балалармен өз отбасы туралы әңгімелесу. Нұрияның ата-анасымен сөйлесу, жетістіктері мен тәртібі туралы айту. |
Ата-аналармен әңгімелесу. Балаларды қайтару.
|
Кеңес: «Бала мен қоғам»
|
Тексерілді: Бахманова Ж Б